Армысың, алтын күз!

Сабақтың тақырыбы: Армысың, алтын күз!

  1. Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу

2.Тәрбиелік: Күзгі енбек және табиғатты сүю, қорғау

3.Дамытушылық: Эстетикалық, экологиялық білім беру

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидектер, плакаттар, нақыл сөздер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:      1. Оқушылармен сәлемдесу.

  1. сыныпты мерекелік шараға безендіру.
  2. Қонақтарды күтіп алу, мерекені өткізу.

 

ІІ. Күй «Ата толғауы» ойнап тұрады.

Оқушылар саппен келіп тақта алдына орналасады.

  1. Бастаушы:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және осы кешке келген қонақтар! Бүгін «Армысың, алтын күз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

 

  1. Бастаушы:

Өрік, алма, шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр сәбіз

Қоймаларға түседі

Айтындаршы балалар

Бұл қай кезде болады?   /Күзде/

 

1 оқушы: /Әсемгүл/

Қуандырып біздерді

Берекелі күз келді

Мерекелі күз келді

Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз!

 

2 оқушы /Ділназ/

Кездескен соң күзімен

Бұтағынан үзілген

Ай жапырақ сары алтын,

Айналанын бәрі алтын

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті-алтын күз

Кемелденсін халқымыз!

3 оқушы. /Батырхан/

Күздің сыйын алайық

Қызығына қанайық

Күзге арнап бәріміз

Әнімізді салайық

 

4 оқушы /Әлиқан/

Дамылдап жатқан балғындай

Тоқтатты сулар тасуын

Ағаштар алтын жамбыдай

Шашады жерге шуағын.

 

5 оқушы /Шүкір/

Жүрексіз қоян безеді

Жөңкіле қаңбақ күздегі

Қиқулап көкте жүзеді

Құстардың керуен тізбегі

 

6 оқушы /Ельмухан/

Күйекте күйлі мал қанша

Қырманда толы дән қанша,

Алтын күз әсем айналам

Қараймын көзім талғанша!

 

7 оқушы /Есет/

Күн шуақта маужырап,

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап

Ұшып кенет жапырақ

 

8 оқушы /Мақсат/

Ой, алақай, тамаша!

Шашу шашып, жапырақ,

Бақтын іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.

 

9 оқушы /Әділғали/

Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық- алтын тау

 

10 оқушы /Нұрсұлтан/

Тамсандырып тандайды,

Жеміс-жидек піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Жер ббетіне түседі.

 

11 оқушы /Алихан/ Күз

Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтседе, менін жомарттығыммен ақ көңілділігімді бәріде ұнатады.

 

Күз:  — Рахмет! Ал балалар білеме, неге мені «алтын күз» деп атайды?

 

12 оқушы /Тайман/

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

Мұны көріп, қалай күзді

Тенемейміз сары алтынга?

 

13 оқушы /Әсемгүл/

Қауын-қарбыз жемістермен

Толтырамыз қол себетті

Алтын күз деп аталады

Күз айы да сол себепті

 

14 оқушы /Алихан/

Рахмет, балалар, кім күз айларын атайды?

 

15 оқушы /Ділназ/

Күз айларына:

Қыркүек, Қазан, Қараша айлары жатады.

 

Бастаушы: Ендеше балалар! Ортаға осы кештің куәгерлерін, яғни күз айларын шакырамыз

 

16 оқушы /Айлана/

Қыркүйек:

Алтын күз! Сізбен бізге шуак шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын,

Бақпен шаттық бізге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын!

 

17 оқушы /Назеркем/

Қазан:

Қазан айы басталды

Құстар қайта бастады

Туыстық адал достықпен

Жалғасып күндер барады!

 

18 оқушы /Нұрбол/

Қараша

Күздің қараша айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайған,

Сыбдыр-сыбдыр түседі!

 

Бастаушы:

Жапырақтың жауып алтын жанбыры,

Таусылмайды қоңыр күздің ән –жыры

Алатаудың шындарынан шашырап

Далама құйылады таң нұры!

 

ІІ. Бөлім

Күз жұмбақтарын шешеміз

 

Бастаушы:

Ал, балалар, балалар!

Күзді енді тындандар

Қандай жұмбақ болсада

Шешпей оны қоймаңдар

 

1 жұмбақ:

Іші жұмсақ, сырты қатты

Еті қызыл, сүті тәтті              /Қарбыз/

 

2 жұмбақ

Дөп-дөнгелек доптай

Іші қызыл шоқтай

Дәмін татып корсем

Одан дәмді жоқтай.        (алма)

 

3

Тәңертең де,түсте де

Күнге бетін бұрады

Тостағанын кішкене

Тосадыда тұрады,        (күнбағыс)

4

Көктемде көктеп масағы ,

Шілдеде жайнап шашағы

Тамызда толық толықсып

Қауызын күзде ашады      (бидай)

 

5

Тамырдан нәр тарады

Жазда жайқалады,

Күзде сап-сары боп

Жерден жай табады       (жапырақ)

 

6

Беті де қызыл

Еті де қызыл

Дәмдері жақсы

Дәндері тапшы          (қызанақ)

 

 

7

Жерге қазық қақтым

Басына айдар тақтым    (сәбіз)

 

8

 

Асы көп,

Халық оны айтады,

Дәм басы деп     (нан)

 

 

111 бөлім

 

«  ұйқасын тап  !» ойынын ойнаймыз

 

Тақ-тақ-тақ (аяқ тарсылдатады)

Айтамыз біз не?(тақпақ)

Рақ-рақ-рақ (қол шапалақтап)

Күзде түсер не? (жапырақ)

Қол-қол-қол (қол бұлғайды)

Күзде егін (мол)

Тоқ-тоқ-тоқ (партаны  тақылдатады)

Шыбын-шіркей (жоқ)

 

4бөлім

Ойын . жапырақтарға жазылған12 айдың ішінен күз айлары жазылған жапырақтарды кім тез жинайды?

 

Бір оқушы күз айының атауын айтып жүріп жапырақтарды (қыркүйек,қазан,қараша)

Жинап алады

 

 

5бөлім

 

Сұрақ-жауап.

 

1.

Күз белгісі не?

 

-жапырақтар сарғаяды.

-құстар қайтады

-күн суытып, жаңбыр жауады:

-жеміс-жидектер піседі.

Астық жиналады.

 

  1. күзді неге береке дейміз?

-күзде барлық жеміс-жидектер жиналады,егін пісіп,мал семіреді.

 

  1. күзді неге байлық дейміз?

—   піскен егін, жеміс-жидек дүкендерге түседі,семірген мал сойылып,ет көп болады,молшылық болады.

 

  1. күзді неге мереке дейді?

-егін жиналып ,піскен кезде,егіншілер мен жұмыскерлер өз еңбегінің жемісін көріп,қуанады,мерекелейді “ Сабан той”жасап мейрам өткізеді.

 

5.бөлім. ертегіден көрініс

“ Қасқыр мен қоян” орындайтындар: Мақсат пен Тайман.

6.бөлім

«жеміс-жидектерден композиция жасау.

 

Қорытындылау.