ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ

 

ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ

Өзін-өзі тану пәні  мұғалімі

Жұмаханова Тілеуғайша Кәдірғалиқызы

ШҚО, Абай ауданы, Құндызды ауылы

«Ш. Әбенов атындағы орта мектеп» КММ

 

Мақсаты: оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;
  • әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;
  • әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Шаттық шеңберінде оқушылармен амандасып, М. Мөңкеұлының жырымен сабақты бастауды ұсынады.

М. Мөңкеұлы

Қырық сомға алған шарқатты                                                                        Орай салса басына,                                                                                       Өзі он сегіз жасында,                                                                               Нұр сәулесі көрінсе,                                                                                                      Қиылған қара қасында.

Хиуаның ақ зерін                                                                                   Сандығына сақтаса,                                                                               Талдап өрген бұрымын                                                                       Қырмызымен қаптаса.                                                                                        Ел көшкенде міндірсе                                                                           Әшекейлі қара кер.                                                                                 Етегіне салдырса                                                                                                                                                Кезі жүз сом алтын зер.                                                                                                Орын тапқан жерінде,                                                                        Ақыл мен пікір айласа…                                                             Тал бойына қарасаң,                                                                                      Сырдың біткен талындай,                                                               Ауыздан шыққан лебізі                                                                                                                             Базардың алуа, балындай…                                                                 Камзол, бешпент делегей,                                                                     Қыз балаға жарасар.

Әңгімелесу

Оқулықта «ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында оқушылар назарын әдеп нормаларын сақтауга аудартады.

  • Сіз өмірде қандай әдеп қагидаларын ұстанасыз?
  • Қазақхалқының және туысқан басқа да халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз?
  • Әдеп нормаларының жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бола ма?

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларга жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында Ж.Бейсенбаевтың «Студент қыздың әңгімесі» атты әңгімесін оқып береді.

СТУДЕНТ ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ

Ж. Бейсенбаев

…Жақында мынадай бір жайға жолықтым. Оқудан автобуспен қайтып келе жатыр едім, аялдамадан екі-үш жігіт мінді. Әп-әдемі жігіттер. Өздеріне өздері ұқыпты қарайтын жандар екені байқалады. Олар автобусқа кірген бойда орта тұстағы мен отырған орындықтыү қасына келіп тұра-тұра қалды. Байқауымызша, ішіп алған болулары керек, өздерін көңілді сезінеді. Қарап тұрған жоқ, аздан соң маған сөзбен тиісе бастады. «Қарындас, есіміңіз кім? Таныс болайық..» Әр нәрсені бір айтады. Орынсыз күледі.

Мен өз аялдамама жеткен соң түсіп қалдым. Сөйтсем, әлгі жігіттер менімен бірге ілесе түсіпті. «Баратын жеріміз бір екен ғой, қарындас», — дейді. Айнала қараңғылық бүркеп қалған кез. Үйге қарай жүре берейін деп едім, жолымды кес-кестеп жіберер емес. «Бізбен бірге жүріңіз, сізді қонаққа шақырамыз,» — дейді.

— Бәріміз жас адам емеспіз бе, көңіл көтеруге қарсы болмассыз, музыкамыз, ішімдігіміз бар». Біреуі білегімнен қатты ұстап алыпты. «Рақмет, бармаймын, жіберіңіздер», — дедім. Бірақ олардың босататын ыңғайы жоқ. Шыдай алмадым, қыстығып жылап жібердім. Содан кейін ғана олар қолымды босатты. Үйге қарай жүгіре жөнелдім. Артымнан қарқылдап күліп жатыр.

  • Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырды?
  • Қогамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?

Жағдаяттарды талдау

Жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Бұл тапсырма жогарыда айтылган ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі — өмірде әдеп нормаларын сақтау және қалыптастыру болып табылады.

  1. Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.
  • Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру ушін қалай көмектесуге болады?
  1. Назым әп-әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп-нәзік, биязы бойжеткен көз алдыүызда біртіндеп, Әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді.
  • Назымга қандай кеңес берер едіңіз?

Тапсырма

¥лағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсініп алыңыз.

Оқулықтагы тапсырма оқушыларга ізгілік, адамдық ұғымдарының адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасуына қажет екенін түсіндіреді.

Ізгілік — бір биік үй мұнарасы,                                                                              Алқызыл жайнап өскен гүлбакшасы,                                                                     Әдебің сол гүл өскен жасыл алқап,                                                                         Сол үйдің не болмаса ірге тасы.

Ахмет Иугнеки

Кісіге адампылық неге керек?                                                                               Адамдық — өзге айуаннан артық демек…                                                                 Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам                                                                                 — Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Дәйексөз

Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген «Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-онай айырылып қалуымыз мүмкін» деген И. Гетенің сөзін түсіндіру арқылы оқушылардың әдепті болуьіна багдар беріледі.

Жаңа ақпарат

Оқулықтагы жаңа ақпарат адамдардың қогамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін үстау әдебі туралы оқушы білімдерін ныгайта түсуіне көмектеседі.

Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру монері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.

Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлеуіне және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық мӘдениеттілігі бағаланады.

Дәптермен жұмыс

Оқушы дәптерінде оқушыга арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналган аффир мациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының оз еркіне қалдыруга болады.

Мүгалім адамның әдеп нормаларын сақтау мақсатында төмендегі тапсырманы оқушыларга сахналауга ұсынады:

Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып, сахналап беріңіз.

  1. Сыныптастардыү телефонмен сөйлесу Әдебі.
  2. Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының Әдептері.
  3. Үлкендер мен жастардың дастархан басында өзін ұстау әдебі.

Тапсырма

Төменде берілген әдеп қағидаларын өз ойыңызбен жалғастырыңыз.

Окулықтагы тапсырманы орындау оқушыларга ізгілік, адамгершілік қарым-қатынас жасуына қажет екенін түсіндіреді.

  1. Қоғамдық орындарда, көшеде:
  • Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра.
  • Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе.
  • тесіле қарама, адамдарға бұрылып немесе артынан қарама.
  • Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.
  • Біреудің бөлмесіне немесе кабпнетіне сыртқы киіммен кірме.
  1. Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғанаіс сапарда:
  • Жолға шыққанда соған лайық киін.
  • Саяхаттау барысында жалпыға ортақ киім киінген дұрыс.
  • Шет елге саяхатқа шыққанда сенің мінез-құлқың бойынша сенің еліңді танитынын ұмытпа. Сол елдің ережесін және әдет-ғұрпын сақтауға тырыс.
  1. Театрда:
  • Театрға 15-20 минут бұрын келіп, спектакль басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғандарға қолайсыздық тудырады.

Жүректен жүрекке

Балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып, алган білімдерін қорытындылау мақсатында әдеп туралы журекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады. «Қыз сыны» әнімен сабақты аяқтауға болады.