Нан туралы жыр. К Сауғабаев

Ақтау қаласы  мектепке дейінгі шағын орталығы  бар №3 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ниязова Құралайдың  4-сыныпта ана тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары.

2014-2015 оқу жылы

Сынып4-сынып
Мерзімі20.02.2015ж.
ТақырыбыНан туралы жыр. К Сауғабаев.
МақсатыӨлеңді мәнерлеп оқиды, автордың негізгі ойын айтады,үлкендерің еңбегін бағалайды.
Күтілетін нәтижеНан қадірін түсінеді, құрметтейді, қадірлейді,шығармашылықпен айналысады,қорытынды жасайды.


 

Қажетті құралдарҒылыми журналдар,АКТ,суреттер,маркер, стикер,плакат.
Сабақ кезеңдері      Мұғалімнің іс-әрекеті    Оқушының іс-әрекетіУақыты  Бағалау
Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасу,сабаққа дайындық барысын қадағалау.

 

 

Оқушылар топтарына бөлінеді.Топтар топ басшысын сайлап алады.3-минутТоптарға бағалау парақшасы үлестіріледі
Білу«Қызығушылықты ояту»Үй тапсырмасын сұрау.Топтарға ашық сұрақтар беріледі.(слайд)

 

Үй тапсырмасы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді,қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап беру арқылы слайдтан пайда  болған суретті көру арқылы жаңа сабақ тақырыбын табады.

4-минут 


Бірін-бірі бағалайды.

Түсіну және қолдану

 

 

 

«Нан туралы жыр»К Сауғабаев.Өлеңді мәнерлеп оқимын.

1-топқа тапсырма.

Өлеңнің мазмұны туралы постер қорғау

2-топқа тапсырма.

Нан туралы ырымдар, тыйым сөздер жазады.

 

3-топқа тапсырма Шығармашылықпен айналысады.Өлең құрастырады.

 

 

 

Әр топ мүшелері өз бетімен іштей оқып шығады.

 

Топ мүшелері өлең мазмұны бойынша өз ойларын айтады.

 

Топ мүшелері дайындалады, оқиды, мағынасын түсіндіреді, қорытынды жасайды.

О,адамдар!

…………..  ақтаңдар,

………….. баспаңдар,

……………………..,

……………  сақтаңдар.

 

 

7-минут

 

5-минут

 

 

 

8-минут

 

Бірін-бірі бағалайды.

 

 

 

 

Бірін-бірі бағалайды.

АнализОқушылардың алған білімін жинақтау мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырамын, өмірмен байланыстырамын.

Сұрақтар:

1.Маңғыстауда қандай нан зауыты бар?

2.Нанмен қарсы алады, нанмен шығарып салады дегенді қалай түсінесің?

Тақырып бойынша оқушылар қарсы топтарға сұрақтар беріп,жауап алады.

 

Топ мүшелері жауап береді.

«Ақтау нан » зауыты, «Мағаш»нан зауыты, Бейнеуде ұн зауыты  т.б.

Ер азамат алыс жолға шықса,нанмен шығарып салады, алыс сапардан келсе нанмен қарсы алады.

Асығыс адам келсе, оған «нан ауыз ти» деп айтады,»жеті шелпек»пісіреді,сәбидің  жастығының астына «шошыма» нан пісіреді. т.б.

 

 

 

 

 

5-минут

 

 

5-минут

Бағалау парақшасы толтырылады.
Бағалау

Үйге тапсырма

Топтар  өзін-өзі бағалайды.

Өлеңді мәнерлеп оқиды, ұнаған шумақтарын жаттайды.

Білімдері қорытындыланады.Топтар өзін және  басқа топтарды бағалайды.5-минутЖиынтық баға
Рефлексия«Бес саусақ»Бүгінгі сабақ бойынша оқушылар» бес саусақпен » сабақ  барысына  сараптама жасап,көңіл –күйлерін білдіреді.3-минут