Еңбек – бәрін жеңбек

Еңбек – бәрін жеңбек

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.

Абай

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

— еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

— еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

— еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, қағаздан қиылған жүректер,  дәптер, оқулық.

 

Шаттық шеңбері:

Амандасу.

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

— Балалар кәне енді бүгінгі сабағымызда бір – бірімізге тілектерімізді айтып шығайық.

 

Әңгімелесу:

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
  • Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
  • Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
  • Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Тапсырма

Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау

Мәтінмен жұмыс    Б.Әділов «Еңбексіз өмір — сүреңсіз»       мысал әңгіме

  • Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
  • Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
  • «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

 

Дәйексөз

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.

Абай

 

-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Қандай еңбек туралы мақал –мәтелдер білесіңдер?

 

  • Ердің атын еңбек шығарады.
  • Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  • Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

  • Көз – қорқақ, қол – батыр.
  • Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

Еңбек түбі – зейнет.

 

Сахналау:

«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов.

 

Автор:

Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап.

Қуыршақ:

-Қайдан келдін бауырсақ?

Бауырсақ:

-Дүкеннен келдім нан сатқан.

Қуыршақ:

Дүкенге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

-Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ:

-Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ:

-Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Даладан келдім жан-жақтан.

Жер-анам менің көсілген

Дихандар мені өсірген.

 

Нан дастарқанға қалай келеді? деген сұрақ аясында  еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелету.

 

Үйге тапсырма:

Дәптермен жұмыс

 «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме жазу

 

 Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді, тілектеріңді  мына қағаз жүректерге жазыңдар

 

Жүректен жүрекке

Шеңберге тұрып, бір – біріне жазған  тілектерін оқыту..