Татулық – достық кілті.

Сабақтың тақырыбы.  Татулы – достық кілті.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

 Міндеттері:    

  • татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;
  • адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
  • бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

                               ІІ. Әңгімелесу

                               ІV. Мәтінмен жұмыс

  1. Назар аударыңыз

                               VІ. Оқу ақпараты

                               VІІ. Дәйексөз

                               VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Е. Бағаевтың өлең жолдарын айтады.

Әңгімелесу.

  1. Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?
  2. Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде болады?
  3. Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едің?

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Құстар торға қалай түсті?» атты үнді аңызын оқып, талдайды.

Назар аударыңыз. Сұхбаттасқан адамының жан дүниесін тануға деген құлшыныс, оның ой сезіміне деген құлытылық, әсіресе сырласының жүрек түкпіріндегі мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру – әрбір қазақтың қарапайым қарым-қатынасынан бастап барша болмысына дейін айқын көрініс тауып отырады. Сонымен бірге, тек өзімдікі дұрыс деп өндіршектейтін бірмойын да емес, өзгенің талғам-танымы көңілге қонбай жатса да, түсіністікпен қарауға бейім. Өзгенің дүние – танымын, құндылықтарды тануын сергек сезімталдықпен түсіну қазақ болмысының ең бір аяулы қасиеті. Мұның өзі, қазіргідей қарқынды өмір ахуалына бейімделе білудің қажеттілігі туындап отырған заманда айырықша мәнді.

Оқу ақпараты. Адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлық танытуынан татулықты байқауға болады. Адамдар арасындағы татулық, жақсы сыйластық пен келісімді бірліктің көрінісі ретінде достық қарым-қатынасқа ұласады.

Дәйексөз.

«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді»

Жүректен жүрекке. Оқушылар  шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні_______________пәні__________________сыныбы_____________

Сабақтың тақырыбы.  Татулы – достық кілті.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

 Міндеттері:    

  • татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;
  • адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
  • бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   аралас  сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

                               ІІ. Әңгімелесу

                               ІV. Мәтінмен жұмыс

  1. Жағдаяттарды талдау

                               VІ. Оқу ақпараты

                               VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Е. Бағаевтың өлең жолдарын айтады.

Әңгімелесу.

  1. Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?
  2. Кез келген мәселені сабырмен шеше аласын ба?
  3. «Татулық достық кілті» дегенді қалай түсінесің?

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы А. Хамзаұлының «Бала жетектеген әйел» атты әңгімесін оқиды.

Жағдаяттарды талдау.  Оқулықта берілген Ә. Әбдібайқызының мәтінін оқып, сұраққа жауап беріңдер.

  • Мұғалім неліктен Әлібекті батыр деп жариялады?

Оқу ақпараты. Адамдар арасындағы татулық шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туындаған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеуден көрінеді. Адам достық қарым-қатынасты бағалай алса, басқа адамдарды түсіне білсе және дау-жанжалды болдырмауды үнемі еске ұстап, өз-өзіне, ісіне есеп берсе, тұрған ортасы мен тату-тәтті өмір сүреді.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңберге тұрып, Ә. Ысқақтың «Бақытты болыңдар, адамдар!» әнін айтады.

Үй тапсырмасын беру. «Татулы – достық кілті» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Бағалау.