Арманым менің,арманым

Арманым менің,арманым

Журналист болсам ғой…

Менің бала күннен бергі арманым – елінің тілін ойлар тележүргізуші болу.Теледидар бетінен хабар беріп,бағдарлама жүргізіп отыратын аға-апаларымызға қызықтап қарап отырамын.Тіпті қиялмен бірге көкке көтеріліп,қайтадан жерге түсетін сәттерімде болады.Арманмен арпалысып,айнаға қарап отырып өз-өзіммен әңгіме айтып,сұхбат жасаймын.Бәлкім,бұл менің арманыма жетуге деген шынайы ұмтылысым болар.Мен асықпаймын.Әр нәрсе өз уақытымен.Бірақ жүрегіммен қалаған мамандығым-журналист болу.Мектеп бітіруіме бір-ақ жыл уақыт қалды.Арманым одан сайын қанат қағуда.Шіркін,елінің болашағын ойлар журналист болсам ғой…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анам сенсің,туған жер

Туған ауыл қасиетті мекенім,

Жыр қып сені,ән жазып мен өтермін

Көкке балап,таудан биік етіп мен,

Көп кешікпей ауылыма жетермін.

 

Сағыныш ол сынық сәуле секілді,

Сағындырса ауылыңды,еліңді

Жан дүниеңе бір тыныштық бергізбей,

Қоймас сені мақсатыңа жеткізбей.

 

Ауылым менің,байтақ қандай жер едің,

Шалқып жатқан,әсем бейне көл едің

Шалғай кеттім мен өзіңнен жыраққа,

Сонда да сен жүрегіме қонақта.

 

Сағындырар ауылыңның ауасын,

Жүгіргендер,тіпті ауыл баласын

Кешке қарай малды өрістен әкелген,

Сағындырар,әрбір адам қарасын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай және мен..

Абай атамыздың өлеңдері,қара сөздері қай қазақтың болмасын бойын шымырлатып,ойын толықтыратыны даусыз.Оның әрбір сөзінің астарында нақты бір тиянақты ой,мәні мен тәрбиесі зор аса құндылық жатыр.Еліне,жеріне,Отанға,білімге,ғылымға деген сүйіспеншілігін әрбір сөзінің астарынын мүлтіксіз аңғаруға болады.Абайдай нар тұлға қазақта жалғыз ғана.Абайдан кейін ащыны ойып,жамандықты зар қылар,шындықты көксеп,ұятты бетке басар қазақ баласы бола қаймас.Болар,бірақ ол Абайдың көлеңкесінде жасырын қалған бір сәуле секілді.Абай өлседе,»қазақ шоқтығын»биік ұстаған бала үшін оның әр сөздік мәні жүрегінде  мәңгілік болмақ!Абайдың он бесінші қара сөзінің соңында «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе,күнінде бір мәртебе,болмаса жұмысыңда бір,ең болмаса,айында бір өзіңнен өзің есеп ал!Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен,не білімге,не ахиретке,не дүниеге жарамды,күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?»,-деп жазылған.Осы бір аз ғана сөйлемдердің ішіндегі ойды дұрыстап ойланайық.Бізде тәуелсіздің әр таңымен бірге оянып,өмірімізді есті адамдай етіп өткізейік.Сөзімнің соңынды айтарым,Болашақтың тасын бірге қалайық,достарым!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ел тәуелсіздігіне 20 жыл

 

Мақтанамын,Қазақстан еліммен,

Асқар таулар,зәулім үйлер,көлімен

Барлық байлық,қазына да көмірде,

Табылады,ұлан-байтақ елімнен.

 

Оңтүстікте көне үлкен қалалар,

Шығысында тауларында паналар

Солтүстігім ызғары боп келетін,

Батысымда ел қорғаған даналар.

 

Астана мен Алматыдай қаламыз,

Баршамызға,Қазақстан панамыз

Елі мақтап,жерін бейбіт еткен жан,

Нұрсұлтандай Әбішұлы ағамыз!

 

Мақтанамын,Қазақстан өзіңмен,

Танып келем сені бала кезімнен

Арналады бұл өлеңім туған ел,

Шын жүрекпен,ақ адал пәк сезіммен.

 

Тәуелсіздік жасй берсін мәңгілік,

Ата берсін арайланған таң күліп

«Қазақстан» деген ел деп баршасы,

Жүрсін ылғи бейбіт ел деп ән қылып.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамандар мені,

Біреулер мүмкін жамандар

Арамдық маған ойламаңдаршы,

Адамдар!

Бар ойым менің орнымды табу өмірден,

Қасқая қалып,қарсы тұрар да шамам бар.

 

Мақтайды біреу,

Даттайды біреу

Кім білсін?-

Күлгендер болса,батылдығыма шын күлсін.