2 «А» сынып оқушыларының шығарған өлең шумақтары

2 «А» сынып оқушыларының шығарған өлең шумақтары

Әсемай:

Ұстазым менің ұстамды,

Қызықты өтеді сабақты.

Үйретеді би, әнді

Біз баламыз жан-жақты.

 

Нұрбол:

Мирас-досым, ақылшым,

Сабаққа бірге барамыз.

Маған қымбат, асылсың,

Деп ұялмай айтамын.

 

Қабыл:

Жұмаберген-бөпешім

Үлкен бол қашан өсесің?

Былдыр-былдыр етесің,

Допты қашан тебесің?

 

Айтбек:

Дала қандай аппақ?

Қызықтырған баршаны.

Жаттап көп тақпақ,

Күтеміз аяз атаны.

 

Жанерке:

Менің анам дәрігер

Ауруды емдеп жазады.

Әкем менің кәсіпкер

Азық-түлік сатады.