«Қазақтың ұлттық ойындарының адамның денсаулығына пайдасы»

 

«Қазақтың ұлттық ойындарының адамның денсаулығына пайдасы»

Жоспары.

І.  Кіріспе бөлім

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

ІІІ. Эксперимент нәтижесі (жобаның презентациясы, қосымша материалдар, суреттер, «Ұлттық ойындар» жобасына байланысты сауалнама)

 

ІV. Қорытынды бөлім

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

Аннотация.

Осы жоба арқылы ұлттық ойын қаншалықтты адамның денсаулығына  пайдалы екенін түсіндіру. Оқушылардың спортқа көз қарасын өзгерту,оқушылардың  арасында спорт түрлерін насихаттау. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын артыру. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу,қозғалыс сапасын дамыту,бағыттауышы сұрақтарға жауап беру арқылы ұлттық ойын туралы түсініктерін кеңейту.

 

Жоба мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойын қаншалықтты адамның денсаулығына  пайдалы  екенін түсіндіру

 

Бағыттаушы сұрақтар: Қазақ халқының ұлттық ойындары не себепті қан қыздырып, қызуқандылықты шыңдай түседі?

Проблемалық сұрақтар: Ұлттық ойынды қалай жандандыруға болады? Ұлттық ойынды қалай қолдауға болады? Неге қазіргі балалар Ұлттық ойын ойнамайды?

 

Ұраны:

ойындар,мақал-мәтелдер,шешендік сөздерді қолдану арқылы болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие бере отырып, олардың ұлтын,тілін,дінін,салт-дәстүрін сүюге жол ашамын.

Ойын арқылы балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, сыныптағы іс-әрекетке ден қойып,өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады.

 

Т алпынып ғылымның шынына

Ұ мтылып ұқсауға ұлыға

Л апылдап, жаныңдар талмандар

Ғ ылымның ғажайып маржанын

А лыңдар, іздеңдер, табыңдар.

 

І.  Кіріспе бөлім

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, — Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, бала-лардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүр-лі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».

  1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
    2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
  2. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
  3. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер…, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
  4. Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады.

Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.

Негізгі бөлім:

 

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Алтыбақан. «Алтыбақан» — қазақтың ұлттық ойыны. Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады. Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Алтыбақан

Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.

Алтыбақан тебеміз,

Жеткенше көкке төбеміз,

Көтеріліп биікке,

Алыстарды көреміз.

 

Кім қызықса «кел» — дейміз,

Кезектесіп тербейміз.

Бірімізге — біріміз,

Көмектесіп өрлейміз.

 

Көкке жетіп төбеміз,

Алтыбақан тебеміз.

Бірімізге –біріміз,

Түсіп орын береміз

 

Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он – он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.

«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», — деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды.

Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді. Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сы-рық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату, садақ тарту.

Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.

 Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Ақшамшық (сақина салу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он –он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты- рып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», — деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», — деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

 «Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті.

Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

«Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

— Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
— Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
— Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
— Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).

«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.

Ақсүйек

Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады

Ақсерек –Көксерек

 

Бөлінейік екіге,

Тұрайық жолдың шетіне,

Қол ұстасып алайық,

Ажырамастай бекіне.

Бірінші топ:

— Ойынға бала көп керек,

Қалмасын ешкім өкпелеп.

Ақсерек – Көксерек,

Сіздерге бізден кім керек?

 

Екінші топ:

 

Мықты біздің шебеміз,

Бұздырмаймыз, тегі, біз,

Болса сынап көріңіз,

Күшіңіз бен ебіңіз.

Біздің берік араны, —

Екпінмен соғып қалады.

Бұзса олжа алады,

Бұзбаса тұтқын болады.

Шақырамыз сынаққа,

… – деген баланы.

 

Бес саусақ

Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек,

Бұларды ұмытпайсын болсаң зерек.

Шылдыр шүмек, кішкене бөбек мынау,

Әрнені бес саусақтай білу керек.

 

Кешікпе іздеп қалар,

Сен қызметке бар.

Сен басқа елге бар,

Сен әскерге бар.

Сен оқуға бар,

Сен осында қал.

 

Әзірлеп тәтті тамақ,

Күтесің келсе қонақ.

 

Мынау жерде шай бар,

Мынау жерде май бар,

Мынау жерде ет бар,

Мынау жерде сүт бар,

Мынау жерде қатық бар,

Мынау жерде қытық бар.

Қытық, қытық … … .

Соқыртеке

Ортамыздан біреуімізді сайлаймыз,

Орамалмен көзін мықтап байлаймыз.

 

Қалғанымыз оны түртіп қашамыз.

Тым қырағы, сақ боламыз аса біз.

 

Ұмтылады ізщдеп оң мен солына,

Тырысамыз түспеуге оның қолына.

 

Кім ұсталса соның көзі байланар,

Бейғамды іздеп енді ол манды айналар.

 

Қыз қуу

 

Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады.

 

Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет.

 

Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді.

Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді.

 

Күміс ілу

 

«Күміс ілу» — ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.

 

Жасырынбақ

 

Ойын, әдетте, жазды күндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде, яғни жасыратын жері бар алаңдарда ойналады.

 

Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні, яғни жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елу рет санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге кетулеріне болмайды.

 

Сиқырлы таяқ

 

Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.

 

Сақина жасыру

 

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» — деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

Ұлттық ойындар санаты

 

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының көптігі соншалық, оларды адамның жас ерекшеліктеріне қарай топтауға да болады екен. Мәселен, «тоғызқұмалақ», «хан дойбысы» секілді ойындар жас-кәріні талғамайтын болса, кейбір басқа ойындар тек әр жас өкілдеріне ғана тән.

 

Балабақша бүлдіршіндеріне арналған ойын түрлері: «ұшты-ұшты», «қуырмаш», «сақина салу», «қуаласпақ» т.б.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «қасқыр қақпан», «қоян», «қырықаяқ», «сиқырлы таяқ», «соқыртеке», «мерген мен үйрек», «ортаны тап», «кім байқағыш?», «қоян мен қасқыр», «сап түзеген батырлар», «жануарлар қалай үндейді?», «қарғымақ», «кім жылдам?», «жанды дөңгелек», «ақсерек, көксерек» т.б.

Орта сынып оқушыларына арналған ойындар: «дәл түсір», «қызыл ту», «қашпа доп», «тоспа доп», «қазан доп», «тауық күрес», жаяу аударыспақ», «жоғалған топты іздеу», «бәлләй», асық ойындары т.б.

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған ойын түрлері: «арқан тартыс», «мойын арқан», «қазақ күресі», «білектесу» т.б.

Ер жігіттер мен бойжеткендер ойыны: «ақсүйек», «алтыбақан», «қыз қуу», «аударыспақ», «теңге ілу», «ат жарыстары», «асау үйрету», «садақ тарту», «көкпар» т.б.

Зеректік ойындары: «хан дойбысы», «тоғызқұмалақ» т.б.

денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:

— дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады;

— сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;

— қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;

— сезiну, ойлану және еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi және бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада нерв талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi. Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым. Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарпайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi. Өзiн емдеудiң, сергiтудiң тиiмдi тәсiлдерiн қолданады.

Қорыта келе, қазақтың ұлттық ойындары адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi.