Ауданның экологиялық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау.

Ауданның экологиялық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау.

 

Аудандағы ауа бассейнінің ластану ластағыш көздердің қауіптілігімен бағаланады. Жүргізіліп отырған мониторинг  нәтижесіне қарасақ, атмосфераға шығарылып отырған зиянды заттардың құрамы жылдан-жылға артып келе жатқандығы байқалады.

Бұл жағдай тек ауаның ғана ластануымен шектелмей, сол аймақтағы су көздеріне, жерге, жан-жануарлар мен өсімдіктерге де әсерін тигізері сөзсіз.

Қазіргі уақытта ауданда, өз жұмыс бағытымен атмосфераға ауаға өз кері әсерін беретін 20 шаруашылық жүргізуші субъекті есепте тұр, 22-25 тұрақты ластаушы көздер тіркелген. Ау қабатының ластануына бағалау үшін төмендегі цифларға көз жүгіртейік: 2008 жылы ауаға әсерін тигізуші субъектілерде 4690 тонна отын жағылып, ауаға 200 тонна көлемінде зиянды заттар шығарылды;

Бұл көрсеткіш өткен соңғы 3 жылмен салыстырғанда ауаға шығарылатын ластағыш заттар көлемінің өскендігін байқатты. Соңғы жылдары қаржыландыру көздерінің жоқтығына байланысты ауа қорғау іс-шаралары бағдарламадан орын таба алмай отыр.

Аудан көлемінде негізгі ашық су көздері:

Қалдығайты, жақсыбай, Шилі өзендері.

Өзендер негізінен қар суымен толығып отырылады. Соңғы жылдардағы бақылаулар көрсеткіштеріне қарағанда аудандағы су объектілерінің экологиялық жағдайы қанағаттандырарлық деңгейде деуге болады. Өзендердің ластану процесінің шамалас екенін көрсетті. Сондай-ақ өзендер суының техногендік ластанудан таза екендігі де анықталды.

Қалдығайты өзенінде жылма-жыл бөгет салу құрылысы салдарынан өзен арнасында құмығу прцесі көбеюде.

Жақсыбай өзенінде тұз құрамының өскендігі байқалады.

Аудан бойынша өзендерге қалдықтар, тастандылар шығарылмайды. Соңғы жылдары өз жұмысын тоқтатқан ауыл шаруашылық субъектілерінің шаруашылық объектілерінің өзен жағасынан аластатылуы, су көздеріне тасталатын қалдықтар санын біршама азайтты.

Қазіргі уақытта аудан көлемінде жер қорларының бүлінуі негізінен өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс орналастырмау болып табылады. Ауданда 24 елді-мекен бар, тиісінше 24қалдықтар жинайтын орын белгіленген. Негізінен қалдықтар жинайтын орындарда қауіптілігі 4-5 класты қалдықтар жиналады. Жылма-жыл елді-мекен ішінде пайда болған тұрмыстық қалдықтар шығару кезінде мекемелер мен тұрғындар қалдықтарды орналастыру тәртібін сақтамай немесе белгіленген орынға апарылмай жер бетінің құнарлы қабаттарын бүлдіруде.