Шаруашылық процестерін есепке алу мен ақылау есепшоттары.

Шаруашылық процестерін есепке алу мен ақылау есепшоттары.

Экономикалық мазмұны шаруашылық процестерін көрсетуден құралатын есеп шоттар операциялық сипаттағы есеп шоттар болып табылады. Оларда шаруашылық операциялары туралы деректер көрсетіліп, қорытындыланады, шаруашылық процестерінің нәтижелері анықталынады.
Операциялық есеп шоттарда шаруашылық процестерді жүзеге асыруға байланысты барлық шығындардың, қаржы нәтижелерінің есебі жүргізіледі.
Олар: операциялық–калькуляциялық, бөлуші және қаржылық нәтижелік болып бөлінеді.
Калькуляциялық есеп шот дегеніміз–белгілі бір өнім түрін өндіруге, немесе жұмыс пен қызметке жұмсалған бүкіл шығын (тікелей және жанама) жинақталынатын және олардың өзіндік құны анықталынатын есеп шот.
Калькуляциялық есеп шоттарға «Негізгі өндіріс», «Қосалқы өндіріс» және «жеке меншік өндірістің жартылай дайын өнімдері» бөлікшелеріндегі есеп шоттар жатады.
Калькуляциялық есеп шоттар активті. Дебет сальдосы белгілі бір уақытта аяқталмаған өндірісті көрсетеді.
Калькуляциялық есеп шоттың схемасы.
Дебет                                                                                            Кредит

Есепті кезең басындағы
Аяқталмаған өндіріс,
жұмыс, қызмет   өндірістегі
жартылай дайын өнімдердің
өзіндік құны.
Есепті кезеңдегі шығын
сомасы.
Есепті кезең соңындағы
аяқталмаған өндіріс, жұмыс,
қызмет.
Осы өндіріс бойынша
пайдаланылмаған материалдардың,
бағалы қалдықтардың
шығынын азайту үшін шығысқа
шығару.
Дайын өнімнің, орындалған
жұмыстың, қызметтің шынайы
өзіндік құнын шығысқа шығару.

Бөлуші есеп шоттар дегеніміз–шын мәніндегі шығындар мен табыс ескерілетін, бірақ олар келесі кезеңдерге жататын және сол бойынша бөлінуге тиіс есеп шоттар. Оларға: «Алдағы кезеңдер шығындары» мен «Алдағы кезеңдер табысы», «Алдағы шығындар мен төлемдер резервтері» есеп шоттары жатады. Бұл есеп шоттарда кейінірек кезеңдер бойынша бөлінетін табыстар немесе шығындар жинақталады, сондай–ақ болашақта шығарылатын немесе олардың пайда болуына қарай шығарылатын шығындар жүзеге асыратын резервтер түзеледі. Олар жекелеген есепті кезеңдерде өзіндік құн мен кірісті дұрыс анықтау үшін пайдаланылады.

«Болашақ кезеңдердегі шығындар» есеп шотының схемасы.
Дебет                                                                                            Кредит

Бұрындары шығарылған
шығындардың айдың басындағы
қалдығы.
Есепті ай ішінде шығарылған
шығындардың ұлғайту.
Кейінгі айларда шығысқа
шығарылуға жататын
шығындардың айдың аяғындағы
қалдығы
Есепті айға қатысты
шығындарды шығысқа
шығару.

 

 

Қаржылық–нәтижелік есеп шоттар дегеніміз–кәсіпорының қаржылық–шаруашылық қызметінің табыстары есептелінетін есеп шот (бұл VII «Табыстар» бөлімінің есеп шоты). Қаржы нәтижелерінің біріккен есеп шоты «Бөлінбеген табыс (жабылмаған шағын)» есеп шоты болып табылады.
«Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)» есеп шотының схемасы
Дебет                                                                                              Кредит

Есепті кезеңдегі және
негізгі емес қызметтердің
алынған жиынтық
шығындары сомасы.
Төтенші жағдайлардан
және тоқталған
операциялардан, үлестік
бөліністен туған шығындар
сомасы.
Есепті жылдың сальдо–
шығыны.
Есепті кезеңдегі негізгі және
негізгі емес қызметтерден туған
жиынтық табыс сомасы.
Төтенше жағдайлардан,тоқтатылған
операциялардан, үлестік бөліністен
туған табыс сомасы.
Есепті жылдың сальдо–табысы.

1 – кесте. Есеп шоттарды міндеттері мен құрылымдары бойынша саралау.

1. Шаруашылық активтері мен олардың көздерін есепке алу есеп
шоттары:
1. Негізгі есеп шоттарМатериалдық
Материалдық емес
Ақшалай
Есеп айырысу
Міндеттемелер
Жеке меншік капитал
Негізгі есеп шоттар кәсіпорындар мен ұйымдардың
шаруашылық қызметінің негізін құрайтын активтер мен олардың
көздерін есепке алуға арналған.
2. Ретке келтіруші есеп шоттарКонтрарлық
Толықтырушы
Рентке келтіруші есеп шоттар негізгі есеп шоттардан есепке
алынған активтердің бағасын ретке келтіріп отырады.
3. Баланстан тысқары есеп шоттарБаланстан тысқары есеп
шоттарда біркелкі (екі рет)
жазу қолданылмайды. Олар
активті және пассивті деп
бөлмейді
Баланстан тысқары есеп шоттар баланстан тысқарыны көрсетеді.
2. Шаруашылық процестерін есепке алуға арналған есеп шоттар:
1. Калькуляциялық есеп шоттарӨндірістік есеп шоттар
Есеп шоттар дебеті–шығындары
Көрсету және шынайы өзіндік
құнды есептеп шығару
Калькуляциялық есеп шоттар өнімнің немесе орындалған
жұмастар мен қызметтердің құнын анықтауға арналған.
2. Бөлу есеп шоттары«Болашақ кезеңдер шығындары» есеп шоты
«Болашақ кезеңдер шығындары табысы»
есеп шоты
«Алынған шығындар мен төлемдер резерсі»
3. Қаржылық–нәтижелік есеп шоттар:
Жеке дара1. Жекелеген салалардың қаржы нәтижелерін есепке
алатын қаржылық-нәтижелік есеп шоттар
2. Тұтастай есептің жылдың қаржылық–нәтижелік
есеп шоттары