Шөже мен Аққалай

Шөже мен Аққалай

         Шөженің Аққалай қызбен кездесуі тосын да қызық. Шөже арнайы іздеп келсе, атақты Орынбай ақын үйде жоқ екен. Шөже келгенде Орынбайдың қызы Аққалай алдына жібек орамал ұстап, оның екі шетін екі қызға кергізіп, оперденің арғы жағында өлең айтып отыр екен. Сонда ақын қызға сөз қатады.

Шөже:

Дидарын сұлу қыздың көре алмаймын,

Көзім жоқ еріп тағы жүре алмаймын.

Жалғанда соқыр шіркін кемдік екен,

Қатын ба, қыз ба, сірә, біле алмаймын.

Қыз:

Қаржаубай сенің әкең шын жарлы едің,

Ішінде ауған қызрғыз сен жарлы едің.

Көзіңе көрінгеннен құн сұрайсың,

Көзіңнің шыққанында мен бар ма едім.

 

Ауылымның ақсақалы Алтай, Қарпық,

Қолында сырнайшының жезден тартық.

Кезбе де, соқыр да өзің болғаннан соң,

Не болайын деп едің мұнан артық.

 

Екі ақынның өлеңінде де динамикалық қуат, тосыннан табылған ұтқыр сөз көрініп отыр.