Қазіргі кездегі жел энергиясын пайдаланудың дамуы.

Қазіргі кездегі жел энергиясын пайдаланудың дамуы.

 

 

Желэнергетикасының күннен-күнге дамуы қарқындап өсуде. 31 желтоқсан 2005 жылы бүкілдүниежүзілік желэнергетикасының өндірілетін қуаты 58 982 МВт болды. Осындай қарқынды өсу сатысында Бүкіләлемдік желэнергетика ассоциациясы 2010 жылы жел энергиясын қуатын 120 000 МВт-қа өсіруді жоспарлап отыр. Желэнергетика ассоциация -сының мәліметтерін негіздей отырып, алдыңғы қатарлы 10 елдің жел энергия даму қуатының көрсеткіштеріне назар аударайық.

 

Кесте 1

 

Мемлекет2005 жылы ғана іске қосылған желагрегат өндірілген қуат, МВт2005 ж өсуі, %2005 жылғы барлық өндірілген қуат, МВт
Германия1798.810.818427.5
Испания1764.021.310027.0
АҚШ2424.036.09149.0
Индия1430.047.74430.0
Дания4.00.13128.0
Италия452.435.81717.4
Біріккен король ұйымындағы мемлекет465.052.41353.0
Қытай496.064.91260.0
Нидерланды141.013.11219.0
Жапония143.816.01040.0
Европа бойынша6174.018.040932.0
Барлығы11310.024.058982.0

 

 

Кесте 2

 

ЖылБүкіл әлемдегі өндірілетін қуат, МВтЕвропадағы өндірілетін қуат, МВт
198010
199548212515
199913 5949307
200123 85717 241
200447 67134 758
200558 98240 932

 

Жел қондырғылардың жетілдіруі мен көп жылғы тәжірибе, жұмсалатын шығын мөлшерінің төмендеуіне мүмкіндік туғызды, ал бұл АҚШ-та электроэнергия құнының  1986 ж 1кВт. сағ – 14 центке, 1999 ж — 5 центке төмендегенінен көрінеді. Ал Европа елдері желэнергиясын дамытуда жетекші, алдыңғы шептегі жаңа технология өндірісінің орталығы десек те артық айтпаған болар едік.