МАҚТЫМ БАБА

МАҚТЫМ  БАБА

Ертедегі жаугершілік алмағайып заманда Қаракөз бұлақ басында үлкен мешіт, оның Мақтым есімді молдасы, бірнеше шәкірттері болыпты. Тұтқиылдан келген жау молданы да, шәкірттерін де қырады. Алдымен шәіт болған молданың басы үлкен алқапты көмкерген ернекті бойлап домалай беріпті. Сонда қан тамған жерге кейіннен мәуелеп тұт ағаштары қаулап өсіп, тоғайға айналып кетіпті. Ал жазықсыз жандар бауыздалған Қаракөз бұлақ басына зәулім бір ағаш шығып, оның бір тамырынан жас, бір тамырынан қан тамшылаумен болған. Аққан су толассыз шырылдаған дауыс шығарады. Ол-шәйіт кеткен жас шәкірттердің шырылдап жылаған даусы. Ал қан-төгілген қан ол етектегі төбеге жоса болып, сіңе берген. Аңыздың заттай дерегі-мешіт орны, бұлақ, тұт ағаштары, әлі тұр… жұрт Мықтым әулиені қасиет тұтып, басына