Жас келіншектерге байланысты бірнеше салт-дәстүр .Итаяғына салу (дәстүр,ырым)

Жас келіншектерге байланысты бірнеше салт-дәстүр .Итаяғына салу (дәстүр,ырым)

Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «итаяғына сал» деп сақина, күміс, жүзік сияқты зат береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни, «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.