Балалық шақ

44

Балалық шақ

 


Бала кезім, бал күнім,

Жүрегімді жылытқан.

Сол бақытты сәттерді,

Емеспін мен ұмытқан.

 

Көз алдымда тұр әлі,

Бала күннің бейнесі.

Сыңғырлаған бал тілі,

Еш кіршіксіз жейдесі.

 

Төгілген талай көз жасым,

Ренжіген еш себепсіз.

Көңілге алып әр нәрсе,

Пайдалы да, керексіз.

 

Еске аламын отырып,

Күлген сәтті баяғы.

Үзік-үзік суреттер,

Басы да жоқ аяғы.


 

Жұбаныш айтқан жандарды,

Ұнататын көңілім.

Армандаушы едім осылай,

Өтсе деп бар өмірім.