« Әдепті бала — әдемі бала»

 

Сабақтың тақырыбы :  «  Әдепті  бала  —  әдемі  бала»

Сабақтың мақсаты :  Әдептілік  туралы  үйрету

Кішіпейілдікке , биязылыққа , қарапайымдылыққа , сыпайылыққа ,  әдептілікке тәрбиелеу

Балалардың сөздік қорын молайту ,танымдық қызығушылығын арттыру

Сабақтың барысы :

I . Ұйымдастыру бөлімі

II . Өткен тақырыпты пысықтау

III . Жаңа оқу іс- әрекеті

 Сұраққа жауап алу

  1. Аптаның күндерін ата

2 . Бүгін аптаның нешінші күні?

Енді алақан жылуы арқылы бір – бірімізге жылы лебіз тілейік .

1- бала : Армысың жыл күн !

2- бала : Армысың асыл жыр !

3 -бала : Армысың көк аспан !

4 -бала : Армысың жан досым !

5 -бала : Күніміз жарық болсын !

6 — бала : Аспанымыз ашық болсын !

7 — бала : Деніміз сау  болсын !

8- бала : Нанымыз көп болсын !

9 — бала : Елімізге тыныштық тілеймін !

10 – бала : Көк туымыз биік болсын !

Балалар , бүгін бізде қонақтар келіпті .

  • Бұлар қайдан келген ,Оларды қалай атаймыз?
  • Неге оларды жабайы аңдар  дейміз ?

Балалар қараңдаршы  жабайы аңдар бізге босқа  келмепті . Сендерге бір-бір тапсырма ала келіпті . егер біздер дұрыс жауап берсек , бізбен дос болады .

Дос боламыз ба , сұрақтарға жауап береміз бе ?

-Олай болса тапсырмаларды орындауға көшейік.

1 . Аюдың тапсырмасы : Тақпақтар айту

1 . Атам маған әрқашанда

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем

2 . Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

3 . Кім үлкенді тыңдаса ,

Кім үлкенді сыйласа .

Үлкен кісі жұмсаса ,

Қайда болсын барамын .

4 . Ата менен ананың ,

Айтқан тілін аламын .

Үлкен кісі жұмсаса ,

Қайда болсын барамын .

5 .Төсекті өзім жинаймын ,

Ешкімді де ұрмаймын .

Ешкім маған тимейді

Мен де бәрін сыйлаймын .

6 . Жаман бала бүлдіреді ,

Жақсы бала күлдіреді .

Жұмысқа да , сабаққа да ,

Дер кезінде үлгереді .

7 . Атам менің адамға ,

Бауырмал тым үйірсек

Қабағын түйіп қалады

Үй ішінде жүгірсек .

  2  Қасқырдың тапсырмасы :  Мақал – мәтелдер айту

1 . Әдепті бала ,

Ата –анасын мақтатар ,

Әдепсіз бала ,

Ата –анасын қақсатар .

2 . Әдептілік ар –ұят

Адамдықтың белгісі

3 . Үлкенді сыйласаң – қадірлі боларсың

Кішіні сыйласаң –құрметті боларсың .

4 . Әдепті бала – арлы бала ,

Әдепсіз бала – солры бала .

5 . Әке – бәйтерек ,

Ана –бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ .

6 . Ұлдың ұяты — әкеге ,

Қыздың ұяты  шешеге .

7 . Көргенді бала – жол сілтейді ,

Көргенсіз бала – қол сілтейді .

8 . Үлкендер отырған жерде ,

Аз сөйлеп ,көп тыңда

9 . Ата жақсы ұл туса ,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса ,

Елінің малын жейді .

10 . «Сіз» деген әдеп ,

«Біз» деген көмек .

11 . Ана алдында құрмет ,

Ата алдында қызмет .

3 . Қоянның тапсырмасы : Сурет бойынша әңгіме құрастыру .

4 .  Кірпінің тапсырмасы . Киелі сандар .

Үш мақсат        Үш қуат                   7   ата

Сергіту сәті :

Жай оң қолды оң жаққа ,

Жай сол қолды сол жаққа

Екі қолды белге ұстап

Алға қарай бір аттап ,

Артқа қарай бір аттап

Қос аяқпен топ-топ

Алақанды соқ-соқ .

Дидактикалық ойын 

«Әдепті баланы тап»

«  Әдепті бала  заттары »

«6 . Тиіннің тапсырмасы : Көрініс :  « Ата мен бала» .

7 .  Арқардың тапсырмасы  :  Тыйым сөздер айту

1 .    Үйге жүгіріп кірме

2 .     Біреудің кемтарлығына күлме

3  .     Құстың ұясын бұзба

4 .      Құмырсқаның илеуін бұзба

5 .      Жалғыз ағашты шашпа

6  .     Суға түкірме

7 .      Гүлді жұлма

8 .      Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе

9 .       Нанды аяқтың астына тастама

10 .      Босағаны керме

8 . Маймылдың тапсырмасы :  «Не деу керек ?» Ә.Дүйсенбиев

1 . Анаң сенің базардан

Алма сатыр әкелді

Ең үлкенің жақсысын

Саған таңдап әперді .

Не деп барып жеу керек ?

2 . Балалар жүр көшеде ,

Естіледі айқай – шу

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Не деу керек ?

3 . Әжең сенің түскі асқа ,

Қанттарды салды мол

Әй – шәйі жоқ салдың қол

Мұндайда не деу керек ?

9 . Тышқанның тапсырмасы : Қадыр Мырзалиевтің   «Не үшін?»

өлеңін оқу , хормен жауап беру .

  • Әдептілік деген не ?       Әр бала өз ойын айтады .

Қорытынды бөлім  :Әдептілік барлық адамға  жарасатын қасиет . Ол адамның бала кезінен алған тәрбиесіне байланысты . Сондықтан қазірден бастап әдепті болайық .Әдептіліктің басы дұрыс сәлемдесу .  Сонымен сабағымызды  «Саламатсыздар ма ?» деген әнмен аяқтайық .