«Ең үздік балабақша »

«Ең үздік балабақша »

Тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы Н. Назарбаев : «Өз Отанымыздың патриотты болу дегеніміз – Қазақстанды жан жүрегінмен сүйе білу» — деген еді. Шынында да, Отан деген ұлы ұғымды ардақтап егемен елдің ертеніне ие  болатын бүлдіршіндерге білім беріп, тәрбие беру тәрбиешілер қауымына жүктелген. Әрине балабақшаларда, педагогтар саны аз емес, дегенмен солардың ішінен ерекше козге түскендерін жұрт ұстаз ардақтайды. Бұл сөзсіз ақиқат баға.

Біздің ұжымда да сондай ұстазымыз бар. Ол 23 жылдан бері білім ордасын басқарып отырған, «ағарту ісінің  көшбасшысы» медалының иегері Сәулет Доспаева .

Балабақшамызда 20 педагог- тәрбиеші қызмет атқарады. Олардың 1 –і  жоғары, 4 –і бірінші, 8-і 2 санатты педагогтар қатарында. Өздерінің білім білігімен танылған тәрбиешілерді айтар болсам, әдіскер А. Нұржанова, Л. Сексенбаева , Н. Жандүйсенова, А. Абжалова, Б. Оспанова, Б. Егембергенова, Г. Ахметова  т.б бар.

Ұжымда ата-аналар балабақшамыздың барлық іс-шараларына ат салысып, ұл-қыздарының тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.Мысалы, «Ұстаз–ұлы тұлға » атты мерекелік ертеңгілік, «Қарттарым –асыл қазынам» дөңгелек столы өте жақсы дәрежеде аталып өттілді. Бұл күні бүкіл саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Біз осындай заман талабына сай, талпыныс жасаудың  нәтижесінде – «Ең үздік балабақша -2013 » номинациясына ие болдық.

«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін, алты алаштың баласы бас қоса, қадірлі орын — мұғалімдікі»- деп ұлы Мағжан айтпақшы сол қәдірлі орнымызды жанымыздағы бойтұмардай түюге міндеттіміз.