З дыбысы және әрпі.

 

Сабақтың  тақырыбы: З дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:сөзге дыбыстық талдау жасау жасай білуге уйрету,сөздерді буынға дұрыс бөле білу,сурет арқылы заттың атауын білу,логикалық ойлау қабілетін арттыру.Жазу дағдысына үйрету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі:кеспе әріптер,касса,суреттер,текшелер.

Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.ұйымдастыру кезеңі.

Өткен сабақта алған білімдері пысықталды.

II.Негізгі бөлім.

1.Жұмбақ шешу.

Ләзатта бар,

Жанатта жоқ.

Азатта бар,

Қанатта жоқ.(З әрпі)

Жауабын айтқан бала сол З дыбысына сөз ойлап айтады.

«Сөз ойла,көп ойла» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты:Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып,доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады.(Сөздің басында,ортасында,соңында З дыбысы).Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.

Зәуре сөзін шапалақ  ұру арқылы буынға бөлу.

2.Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыз-ыз-ыз

Анар –сүйкімді қыз.

3.Дәптермен жұмыс.

Жүзік,зымыран,жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы З          дыбысының  орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне З дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында,келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.Балығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы:педагог З дыбысын  ауада жазып  көрсетеді. Балалардың өздеріне ауада жазғызады. Сонан соң  дәптерге жазу .

Дәптерде берілген сызба  бойынша бірнеше сөйлем құрату.

Мысалы:Атам қарбыз өсірді.Қарбыз бақшада өседі.

Сөзжұмбақ шешеді.Шешуі:қазына.Қазына сөзіне  сөздік  жумысын  жүргізу.

Қазына- түрлі бағалы заттар ,дүние мүлік,байлық.

4.Сергіту сәтін өткізу .

Ұзын қанат инелік ,

Инелікке тимелік,

Ұшақты біз жасадық

Инеліктен үйреніп.

Зу-зу,зу-зу,зу-зу.        (Қимылмен көрсету)

III.Қорытындылау.

1.Тақтаға әріптер тізбегі  жазылған плакат ілінеді.Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше Сөз құрату.

Қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р—е-з-е

2.Құрастырған сөздердің ішінен З дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу.Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.

3.Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдері бекітіледі.