Төлдер айтысы (ертегісі).
Тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегісі).
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Мақсаты:
Білімділігі: Балааардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбилеу. Сөздік жұмыс: жасқанбаймын,шаттана.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,көрсету.
Сөздік жұмыс: төрт түлік, төлі
Көрнекілік: үй жануарлары және төлдер суреті
Іс — әрекет кезеңдері | Мұғалімнің әрекеті | Балалардың іс — әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Балаларды сабаққа дайындау | Балалар құралдарын дайындайды. |
Ұйымдастыру кезеңі | Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Бар адамға құрметпен Бас иеміз біз -Балалар бүгін қай күн? -Сәуірдің -22 , аптаның 2 күні (сейсенбі) -кәзір біз Көркем әдибет сабағымызды бастаймыз! Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеміз мен сендерді үш топқа бөлемін. І-«Ботақан» ІІ- «Бұзауқан» ІІІ- «Қошақан» Асық арқылы ұпай жинап отырамыз, жарай ма балалар? -жарайды. -Балалар біз нелерді көріп тұрмыз? -Жануарлар — қандай жануарлар бар екен? «Топтастыру әдісі» Үй жануары Дала жануары
«Кім тапқыр»Жұмбақтар І-топ Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (қозы) ІІ- топ Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар, Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар.( лақ) ІІІ- топ Көкке шаншып құйрығын Келеді шауып жүйрігім.( құлын) «Төлдерін тап» -Балалр сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді? -Бүгінгі біздің жаңа сабақтың тақыры «Төлдердің айтысы» деген ертегі екен ,мен сендерге айтып беремін сендер тыңдайсыңдар. Сергіту сәті: «Лақ», «қошақан» туралы өлең -Балалар біз ертегіні түсіндік па? -олай болса ,ертегіні қойып көрейік кәне! лақ,қозы, құлын, бота,бұзау болғысы келеді екен, қай топ жақсы түсінді екен? ( ертегі желісімен қойылым көрсету.) Ойын « Артығын тап» |
-деп келген қонақтармен сәлем беріп амандасады.
Күн ретін айтып үйренеді.
Сабақтың жарыс түрінде өтетінін біледі.
Суретке қарап әңгіме құрастырады.
2 топқа бөлініп
Тақтаға орындайды.
Өз бетінше әңгімелеу
Ертегіні тыңдайды
Өлеңмен айтып,қимылмен көрсетеді.
Көрініс қоюға таласады.
Үй жануарларының артығын табады. |
Рефлексивті түзетушілік | Балаларға сұрақ беру. тыйым сөз,мақал –мәтел айтқызу.
Асықты санау арқылы ұпайды көрсету. | Балалар білетін тақпақтарын айтады.
қуанды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Суретке қарап әңгіме құрауды білді.Ертегіні айта білді.
Қандай түсініктерді игерді: мұғалімді тыңдауды, ұйымшылдықты.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тілдік қорлары молайды,
пәнге қызығушылығы артты. Ойлау қабілеттері дамыды. Сурет бойынша әңгіме құрау дағдылары қалыптасты.