«Қасқыр, түлкі, кісі» ертегісі.

 

Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр, түлкі, кісі» ертегісі.

Сабақтың мақсаты: балаларға осы ертегі жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері: а) Балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, оларға жеке-жеке тоқталу.

б) Балалардың ой-өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар беру.

в) Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, қуыршақтар, карточкілер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.

Шаттық шеңбері

Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.

Біз сіздерге сәттілік тілейміз

Балаларға үш түрлі карточкі таратылады.

  • Жүрек белгісі
  • Қолдың белгісі
  • Смайлик

Қай балаға қолдың белгісі түссе амандасады, жүрек белгісі түссе құшақтасады, смайлик түссе күлімсірейді.

Топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса-жаса жарқын күн

Жаса-жаса алтын күн.

Жарайды, балалар, ендеше бүгінгі сабағымызды көтеріңкі көңіл-күймен бастайық.

Балалар, біз қандай ертегілермен таныстық?

«Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Жеті лақ» жарайсыңдар, балалар.

Осы жерде слайдтан ертегілер көрсетіледі. Сол ертегілер бойынша балаларға сұрақ қойылады.

Актуалдау: Қасқыр, түлкі, кісі туралы жұмбақ жасырылады.

Бейғам  елді  іздейді

Малдан күдер үзбейді (Қасқыр)

Өзі айлакер , өзі  қу

Жүрген жері  айқай-шу. (Түлкі)

 

Ақыл ойдың иесі, ол-  кім? (кісі)

Жарайсыңдар, балалар.

Ойлау

қабілеті жоқ жабайы

аңдар

Ойлау қабілеті бар
 

Тірі

табиғат

 

 

 

Жаңа сабақ:

Міне, балалар, бүгін біз тағы бір ертегімен танысамыз.

«Қасқыр, түлкі, кісі» ертегісі.

Ертегі балаларға диктафон арқылы тыңдатылады.

Ойын:

Тақтаға қора мен орманның суреті ілінеді. Балаларға аңдар мен төрт түліктің суреттері беріледі. Әр бала өздері рет-ретімен барып орналастырады.

Мысалы: аю орманға, сиыр қораға т.б.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.