Математика Тақырыбы: қайталау

Білім саласы: Таным

Танымдық оқу іс-әрекеті: Математика

Тақырыбы: қайталау

Мақсаты: Өткен тақырыптар туралы білімдерін жетілдіру. Ұлттық ойындарды ұмытпай ойнауға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін, зейінін, жылдамдығын дамыту.

Көрнекілігі: 5 ке дейінгі сандар, геометриялық пішіндер, түстер (қызыл, көк, сары, ақ, жасыл, қара, қоңыр) сүйектің суреттері

Әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, ой қозғау

Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің  іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотив-қ қозғаушыҰйымдастыру бөлімі

Қуаныш шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

 

-Өте жақсы балалар барлығымыз орнымызға отыра қояйық.

-Бәріміз тақтаға қарайықшы тақтадан нені көріп отырмыз

-Дұрыс айтасыңдар, қане бәріміз санайықшы

-Дұрыс осы бес санның әрқайсысының біздерге дайындаған тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?

-Олай болса, жақсы 1 санының тапсырмасы «Адасқан сандар» деп аталады.

Шарты: Адасқан сандарды тура және санайтындай етіп орналастыру

 

-2 санының тапсырмасы «орамал тастамақ» ойынының шарты: айнала отырған балалар көздерін жұмып отырады, бір баланың алдына санды қойып, көзін ашқан бала сол санның  көршісін табады

 

-өте жақсы балалар енді біраз сергіп алайық

 

Сергіту сәті

1 деңгейде орнымыздан тұрамыз. 2, 3, 4 шапалақты ұрамыз. Оңға иіліп, солға иіліп тынығып бір алайық, 5 дегенде қайтадан орнымызды табайық

3 санының тапсырмасы «қандай пішін?» балалар қолдарындағы пішіндерінің қандай пішін екенін, түсінің қандай түс екенін айтады. Үй мен машина құрастырады.

4 санының тапсырмасы «өз түсіңді» тап деп аталады.

Балаларға түстер таратылып беріледі. Балалар  түстерді атап, сондай түстегі ашық хатқа апарып орналастырады.

 

5 санының тапсырмасы «Ақ сүйек» ойынын ойнау арқылы логикалқы есептер шешу (шарты түсіндіріледі)

1.     Ұлпа жүнін қыздырып

Күншуақта 1 күшік

Отыр еді маңына

Келді тағы 1 күшік

Нешеу болды сен сана

2.     Жанып тұрған 4 шамның

сөніп қалды 2 еуі

қалды енді нешеуі?

3.     Мысықта қанша құлақ бар?

Мысықта қанша аяқ бар?

Мысықта қанша құйрық бар?

4.     Ағашта 4 алма

Піскен екен тимей құрт

Самат алып 1 еуін

Қалдырған екен нешеуін?

5.     Табақта 2 алма

Қолымда 3 алма

Барлығын қосқанда

Балада неше алма?

 

Балаларды мадақтау.

Қорытынды.

 

 

 

-Қолдарын жоғары жаяды

-Қолдарын алдына жаяды

-Бір-біріне қарайды

-Апайға амандасады

 

Орындарына отырады

 

Орындарына отырады

 

—         1,2,3,4,5

 

 

-Ия

 

 

 

 

-балалар санды 1ден 5 ке дейін сосын 5 тен 1ге дейін орналастырады.

 

-мысалы: «8» көршісі

«2» мен «1»

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін жасайды

 

 

-орындарынан тұрады

-қол шапалақтайды

-оңға, солға иіледі

-қайтадан отырады

-дөңгелек түсі

Көк

-үшбұрыш, түсі

Қызыл т.б

 

Балалар тапсырманы орындайды

-қызыл

-көк

-сары

Қара т.б

Балалар есепті қызыға шешеді

 

 

-2 күшік

 

 

 

-2 шам қалды

 

 

-2 құлақ

-2 аяқ

-1 құйрық

 

3-еуі қалды

 

 

 

5 алма