С с дыбысы және әрпі

Білім  беру  саласы:  Қатынас 

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеті: Сауат ашу

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің  тақырыбы: С с дыбысы және әрпі

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің  мақсаты:

1.Өткен  әріптерді  еске  тусіре  отырып, ойлау  қабілетін  арттыру.

2.С с  дыбысы  және  оның  әріп  таңбасымен  таныстыру.

3.Дыбыс, буын,  сөздерді  айыра  білуге  үйрету.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын, топтастыру.

Көрнекілігі: кеспе әріптер,суреттер,слайд-шоу, проектор, әліппе дәптері,

таяқшалар,   ойыншықтар,  лазер.

Пәнаралық  байланыс: тіл дамыту, айналамен  таныстыру.

Сабақ  барысы: 1. Ұйымдастыру.

Психологиялық  дайындық: Мейірімді  жүрекпен,

Ақ пейілді  тілекпен.

Амандасып  алайық,

Бір  жадырап  қалайық.

-Амансыңдар ма, балалар? Сәлеметсіздер ме, құрметті  қонақтар?

-Қош  келдіңіздер!

  1. Өткенді қайталау.

Өткен  дыбыстарды  қайталап  шығу. Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл,Уу, Шш, Йй,

Оо, Ққ, Дд, Мм, Бб.

Дидактикалық  ойын: «Қай дыбыстан  басталады?»

Шарты: Слайдтағы  көрсетілген суреттердің  қай дыбыстан басталып

тұрғанын  лазер  арқылы  көрсетулері  керек.

Дидактикалық  ойын: «Орнын тап»

Шарты: Дауысты дыбыстарды  қызыл  киіз  үйге, дауыссыз  дыбыстарды

көк  киіз үйге  орналастырулары  керек.

  1. Жаңа сабақ.

Сюжетті- рольдік  ойын «Ойыншықтар  дукені»

-Балалар, мен  сатушы  боламын, сендер сатып алушысыңдар.

Балалар  қалаған  ойыншықтарыңды  алу  үшін  сатушының  тапсырма-

ларын  орындауымыз  керек.Егер  тапсырманы  орындай  алмасақ

ойыншық  дукенде  қалып  қояды.

Сатушы  жыланның  ойыншығын  көрсетіп,  сұрақтар  қояды.

-Мынау  не?

-Жылан.

-Жылан  қайда  журеді?

-Жерде, топырақта.

-Жылан  қандай   дыбыс  шығарады?

-с с с с с с

-Қане, барлығымыз  қайталайықшы  с с с с с

-Ендеше, бүгін  біздің  өтетін  жаңа  дыбысымыз  С с дыбысы.

-С дыбысын айтқанымызда  дыбыс  кедергіге  ұшырап  тұр, олай  болса

С дыбысы  дауыссыз  дыбыс  екен.

-С  дыбысын  қай  киіз  үйге  орналастырамыз?

-Көк  киіз  үйге  орналастырамыз  екен.

-Ойнымызға  қайта  оралайық.

-Сен қандай  ойыншық  сатып  алғың  келеді?

-Сағат.

-Сағат  деген  сөз  қандай  дыбыстан  басталып  тұр?

-С дыбысынан.

-Сағат  деген  сөзді  қол  шапалақтау  арқылы  буынға бөлейікші.

-Са-ғат.

-Тапсырманы  орындадың  ойыншығыңды  ала ғой.

-Сен  қандай  ойыншық  сатып  алғың  келеді?

-Асық

-Асық  деген  сөзде с дыбысы  қай  жерінде  келіп  тұр?

-Ортасында.

-Сен  садақ  сөзіне  дыбыстық  талдау  жаса.

-с-дауыссыз, а дауысты, д  дауыссыз, а дауысты, қ  дауыссыз.

-Жарайсың  ойыншығыңды  ала ғой.

-Сен  қандай  ойыншық алғың  келеді?

-Сандық.

-Сандықтың ішін ашып  қарап, тапсырманы орындасаң сандықты  аласың.

Жұмбақ:  Сыртылдайды  кунімен.

Сыртылдайды  түнімен.

Білгің  келсе  уақытты

Көрсетеді  тілімен.                     ( Сағат)

-С дыбысының  әріп  таңбасы  неге  ұқсайды?

-Айға, бананға  ұқсайды екен. Қане, барлығымыз ауада  жазып

көрейікші.

Сергіту  сәті:  Қанат  жайып  қалықтап,

Құс сияқты  куйге  енем.

Асықпаймын  мен үйге,

Жаңа әріппен  танысып,

Жазу  жазып  үйренем.

Дәптерге с әрпін  екі  жолға  толтырып  жазу.

Дидактикалық  ойын: «Тез  ойла»

Шарты: Дыбыс, буын, сөзді айтып балаларға  допты  лақтырамын,

балалар  дыбыс  па  немесе  буын,  сөз  екенін  ажыратып   айтып  допты  кері

лақтырады.  Мыс: с,  са, сағат, б, бе, шар т.б.

  1. Қорытынды.

-Бугін  қандай  дыбыспен  таныстық?

-С дыбысы  қандай  дыбыс  екен?

-Әріп  таңбасы  неге  ұқсас?

Бүгінгі  оқу іс-әрекетіне барлығың  да  жақсы  қатыстыңдар

Жарайсыңдар, балалар.

Серік  Сапиевтің суретін  көрсетіп,  Серік  ағамыз  секілді  салауатты  өмір

салтын  ұстанайық.