« Піскен алмалар».

 

Тақырыбы:  « Піскен алмалар».

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу әрекеті:  Жапсыру.

Мақсаты:  Домалақ пішін туралы білімдерін бекіту. Домалақ пішінді алу үшін балаларға шаршының бұрыштарын кесіп алуды үйрету. Қайшыны дұрыс ұстау,оларды мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.

Қажетті құралдар: жеміс-жидектер,көкөністер, қызыл,сары,жасыл алма суреттері, ақ бетше қағаз, сары,қызыл,жасыл шаршы пішінді қағаздар,желім, сүрткіш.

Әдіс- тәсілдер: ой қозғау, арткластер, көрсету, түсіндіру, сұрақ,жауап,галереяны шарлау.

Билингвальді компонент: алма- яблоко.

 

Қызмет кезендері

 

Педагогтің басқару

іс-қимылдары

 

Балалар қызметі

 

 1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

Ой қозғау:

— Балалар, қазір жылдың қай

мезгілі?

—         Күз мезгілі туралы өлең оқып берейін:

—         Берексін сыйлауға,

—          Өлкемізге күз келді.

—         Жемістерін жинауға,

—         Шақырады біздерді.

—         Күз мезгілі нелер піседі?

—         Өздерің айтқандай, жеміс-жидек, көкөністердің қайда өсетініне тоқталайық.

Дидактикалық ойын:

—         « Не қайда өседі?»

 

 

Күз мезгілі

 

 

 

 

Жеміс-жидектер,

көкөністер.

 

 

Көкөністер бақшада, жеміс-жидектер ағашта.

 

          2 кезең

проблемалық- ізденістік

 

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

Гүлбаршын Әлімбаеваның «Алма бағында» әңгімесін оқып берейін:

-Ернұр әкесімен ауыл маңындағы алма бағын аралады. Біреулер піскен алмаларды жинап жатыр екен.

-Ернұр әкесіне:

— Әке, ағаштар жемісін адамдарға тегін береді ғой. Ал адамдар оны неге ақшаға сатады?-деді.

-Тосын сұраққа әкесі үндемей қалды.

—  Балалар, әңгіме не туралы?

— Алманы не үшін күтіп-баптайды?

Арткластер:

—         Алма қандай?

—         Қандай пішінді?

—         Қандай түсті?

Сергіту сәті: ( саусақ жаттығуы)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып,едім барлығын,

Болып шықты он саусақ.

 

 

 

 

—         Біз, бүгін шаршы пішінінің төрт бұрышын қайшымен қию арқылы алма  жасаймыз.

—         Ол үшін  қызыл,жасыл,сары шаршы пішінді қағаз,желім, жасыл түсті қағаздан қиылған жапырақша, сүрткіш,ақ бетше керек.

—         Алдымен шаршының төрт бұрышын қиып,домалақ пішін жасап, ақ бетшенің ортасына жабыстырамыз. Сосын жасыл жапырағын жабыстырамыз.

Билингвальды компоненттерді қолдану:

—         Балалар, орыс тілінде алманы- яблоко деп атаймыз.

 

Дидактикалық ойын:

    « Кім көп жеміс жинайды?»

 

 

 

 

Балалар әңгімені тыңдап, сұраққа жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Алма бағы туралы.

Жемісін жеу үшін.

 

Дәмді, дәруменді.             Алма домалақ.              Жасыл, сары, қызыл.

 

Балалар саусақтарымен қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл шаршының төрт бұрышын қию арқылы,домалақ пішіннен алма бейнесін жасап,ақ бетшеге жабыстырады. Жапырағын жабыстырады.

 

 

 

 

 

Балалар орыс тілінде қайталап, үйренеді.

 

Балалар қызыға ойнайды.

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

 

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

   «Галереяны шарлау»:

         Жұмыстарын саралау.

—         Балалар, бүгін біз оқу  іс – әрекетінде не істедік?

 

 

Біледі:  Көкөніс пен жеміс-жидектердің қайда өсетінін.

Меңгереді: Шаршыдан домалақ пішінді қиып жасауды.

 

 

 

Балалар бір-біріне баға     береді.

Алманы жабыстырдық.