Әр құсқа өз тұмсығы қажет?

 

Сабақтың тақырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет?

Сабақтың мақсаты: Құстардың тұмсығының ерекшелігі жайында,    тоқалдақ, бірқазан, бүркіт тұмсықтарын сипаттау.

Міндеттері: Бейімділік – жануар тіршілігін сақтауға қажет екені              туралы оқушы түсінігін тереңдету; Өзінде бар білімін жаңа білім алуға қолдана білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру сұрақ-жауап, әңгімелесу,

шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: құстардың, аңдардың суреті, геометриялық фигуралар.

Пән аралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, дүниетану сабағымыз басталды.

-Сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай? Мысалы менің көңіл-күйім өте жақсы, сабаққа тілер тілегім сабақ қызық, әрі сәтті болсын демекпін. 3-4 оқушыға тілек айтқызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Іштей үй тапсырмасын қайталату.

Тақтада бірнеше аңдардың суреті ілініп тұрады.

— Балалар, біз өзімізді «Хайуанттар паркінде» жүрміз деп есептейік.

— Қалай ойлайсындар хайуанттар паркінде не болады?

— Әр түрлі аңдар

— Жақсы. Енді бір оқушы тақтаға шығып, өзіне ұнаған аңнын тандап алады. Ол аңның артында сұрақтар жазылған.

 

Аңдар артына жазылған сұрақтар:

  1. Талғыл рең жолбарысқа не үшін қажет?
  2. Жануарлар не үшін жуынады?
  3. Жолбарыс, арыстан, мысық қалай жуынады?
  4. Бунақденелілер иісті қалай сезеді? Қай мүше арқылы?
  5. Көбелек тамағының дәмін қалай сезеді?
  6. Қасқыр, ит, түлкі иісі неше метрден сезеді?

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Балалар, сонымен аңдардың жуынатын себебі, олар өздерінің иістерін кетіреді екен.

а) кіріспе

— Ал балалар барлығымыз алдымызға қараймыз.

— Алда қандай мезгіл келе жатыр?

— Көктемде қандай  өзгерістер болады?

— Құстар қайдан келеді?

— Сендер оларды күтесіндер ме, сағынасындар ма?

— Не үшін күтесіндер?

— Ал енді барлығымыз тақтаға қарайық.

— Мынау қандай құс (құстарды ататқызу). Өзім тырнаны сипаттаймын.

Көктемде жылы жақтан тыраулап қатер белгісін бере қояды. Оның сирағы – ұзын.

  • Ал енді осы суреттерден қыстап қалатын құстарды атайық?
  • Жылы жаққа ұшып кететіндері қайсы?
  • Құстарға қанат не үшін керек деп ойлайсың?
  • Барлық құстардың қанаты бірдей ме?
  • Тұмсықтары қандай? Ол не үшін керек?
  • Үйрек, қаз жемін қайдан алады?
  • Қарлығаш, торғай ма?
  • Тұмсықтары не үшін керек деп ойлайсыңдар?
  • Суда жүретін құстар жемін қай жерден аулайды?

ә) мәтінмен жұмыс

  1. Іштей оқу
  2. Тізбектей оқу
  3. Сұрақ-жауап

— Тағы қандай құстар туралы білдік?

— Тоқылдақ жемін қалай аулайды екен?

— Оны басқаша қалай атайды?

— Тоқылдақтың тұмсығы тұралы мәтіннен тауып оқы.

— Бүркіттің тұмсығы туралы айтып бер.

— Бірқазанның тұмсығы неге ұқсайды? Неліктен?

ІV. «Үдемес» ойын:

  • Ал жақсы балалар! Енді «Үндемес» ойынын ойнайық. Мен сендерге сұрақтар, жұмбақтар оқимын, сендер тек ғана жауабын жазасындар.
  • Орманның елшісі қай құс?
  • Ел рәмізі елтаңбада қай құс бейнеленген?
  • Бейбітшілік құсы қай құс?
  • Шарлап келіп даланы. Үйіме ұя салатын қай құс?

 

  1. Сабақты қорытындылау:

Екі оқушыға бір құстан таратып беремін. Олар соны сипаттайды. Жазып болған соң  2-3 оқушыға оқытамын.

-Балалар, сонымен құстар тұмсық не үшін қажет?

— Сонымен, көңіл-күйлерің қалай?

— Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

VІ. Үй тапсырмасын беру: 98-99 бет, осы мәтінді мазмұндап

                                                   келу.

VІІ. Бағалау: белсене қатысқандарды геометриялық фигуралар арқылы бағалау, мадақтау.