Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!

 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!

Тәрбиеші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

«Наурыз келсе, құт келгкні, халайық!»

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)

Сөз кезегі мектеп психологы А. Мырзагалиевнаға беріледі.

Жанерке: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар,

Наурыз тойы басталады

Көргендер де арманда,

 Көрмегендер де арманда,

Қызықтан тыс қалмаңдар.

Ата салтын бабамның,

Алып келді Ұлы күн.

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында.

Береке бірлік болсын- деп,

Көп көжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті.

Еңбек пенен тірлікті

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша.

Тәрбиеші: — Қазақ Сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кеменгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Біздің халықта ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз әділдікті жақтаған билері болған.

 

(Осы кезде сәнді киінген Төле би келеді)

Төле би:  Байқаймын бізді әңгіме етіп жатқанға ұқсайсыңдар.

Дұрыс айтасыз, ата, балаларымызға сіз тулары мағлұмат беріп жатырмыз. Балалар, бұл кісі Ұлы жүздің атақты Төле биі. Қазақтың дарқан даласы өте кең. Сондай басқару қиынға соғып халқымыз үш жүзге бөлінген.Ұлы жүздің атақты биі осы кісі – Төле би деген атамыз.

Бұл кісілер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбат пен арзанды дөп басып, кесіп  айтқан.

Төле би: —  Қызым, бәрі дұрыс, айтқаның орынды.

Жаңбыр жаумаса -жер жетім,

Басшысы болмаса- ел жетім.

Ұқпасқа айтқан -сөз жетім,

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

 

 

 

Жан мен тәннің шырағы.

Балаларым, өмірлі болыңдар. Үлкенді сыйлап, сөзге тұра біліңдер. (осы кезде бір бала ортаға шығып сұрақ қояды).

Бала: — Ата , алты алаш деген кім?

Төле би: — Алты Алаш, Алаша ханның балалары; қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түркімен жайылған.

Бала: үш жүз деген кім?

Төле би: — Үш жұз қазақтың ағайынды үш баласы.

Бала: Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарқайды?

Төле би: — Сағынысып көрісумен тарқайды. Балам ,үй баласы ма деп едім, ел баласы екенсің                                Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол!

Тәрбиеші: — Ата, төрге шығып, тойымыздың қонағы болыңыз, ұрпақтарымыздың өнерін тамашалаңыз.

«Шығыс би» Альмира

(Орта жүздің биі Қазыбек би келеді).

Қазыбек би: — Біз қазақ деген ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт береке қашпасын, жерімізді жау шаппасын деп найзаға үкі таққан елміз;  ешбір дұшпан басынбаған, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Келіңіз, төрлетіңіз. Орта жүзді билеген атақты Қаз дауысты Қазыбек би атамыз ортамызға келіп қалыпты.

Қазыбек би: — Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма-

Өскеніңді өшіресің.

Басына іс түскен  пақырға,

Қастық қылма-

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға.

Қиын қыстау кездерде,

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба!

Тәрбиеші: — Ой, қайран бабалар –ай! Заман өзгеріп, осындай сөз маржандарын естімей кете жаздаппыз – ау. Егемен ел болып, туымызды тік көтеріп, өзіміздің ата – бабаларымыздың мұрасына қайта оралғанымызға мың да бір тәубе!

Қазыбек би:— Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.

Адал ниетті ақтай білген елміз.

Атаның өсиетін – балаға,

Баланың өнерін – атаға,

Айтып, тарата білген елміз

Балаларым, өнерлі болыңдар.

 

 

 

 

Тәрбиеші: — Ата, расында да біздің халықта өнер көп қой. Біздің балаларымыздың ішінде де  өнерлі балалар жетерлік.

Ән: «Қазақтың дастарханы» (Сайбекова Мөлдір, Маратқызы Нұрай, Махметова Альмира, Абдуллина Жансая)

Тәрбиеші: — Біздің Төле, Қазыбек билеріміз ортамызда. Сиқырлы да сылқым сөздің шебері, майталман шешен, әділ би атанған Әйтеке би атамыз да келер ме екен?

Әйтеке би:- Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Тәрбиеші: — Кімді айтсаң сол келеді деген емес пе. Шешендігімен ел басқарған, Жарғы жобасын жасаған, қазақ елін құрысқан Кіші жүздің биі – Әйтеке атамыз да ортамызға келді.

 Әйтеке би: — Есенсіңдер ме, балалар! Бөбектерім, еш уақытта ашуға берілмеңдер. Сабырлы болыңдар, ашу бар жерде ақыл тұрмайды:

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария

Алдын тоссаң тоқырар.

Кісі бірге  туыспау керек.

Сөз қуған пәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

Қарақтарым,  жол қуып, ақылды болыңдар.

Тәрбиеші: — Жарайды, ата, Айтқаныңыз келсін, төрлетіп, төрден орын алып, мына бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.

Би: «Аққу» (Аружан, Жанерке, Назерке, Нұрай,Айым, Назерке)

Нұрдаулет:  Жаратылыс жаңарып,

Теңелген кез күн мен түн.

Ел сұрасып жаңалық

Бір – бірінен білген күн.

Жансая: Наурыз көже тартысып,

Үйден үйге кірген күн.

Ән мен биге қатысып,

Қауым боп ойнап күлген күн.

М. Назерке:Наурызда оюлы

Ұлттық киім киеміз.

Бастап ән – күй, ойынды

Би билеуді сүйеміз.

Ұлттық ойындар слайд арқылы көрсету

Ұлттық ойын: «Арқан тартыс» (Ұлдар тобын ортаға шақырамыз)

Бекжан:Наурыз тойы- елдің тойы,

Көктем тойы- төлдің тойы.

Ән айтылды күні бойы,

Жақсы көрем Наурыз тойын.

Олжас: Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз.

 

 

 

 

Сәскеде жаз, түнде қыс

Секілді екен Наурыз.

Жанайым: Аман төлдеп малымыз.

Таттық тағы сары уыз.

Сүті көп те, көмірі аз

Болады ғой Наурыз.

Б. Еркежан: Дастарқанда дәміміз

Жайдарымыз бәріміз.

Жарасу бар, жаулық жоқ,

Қандай жақсы Наурыз!

Ризабек: Қарды ертіп жалғасы,

Наурыз келді — жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Тәрбиеші: -Ия балалар өздерің жырлағандай,   бүл күн — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан — жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді не деп атаған екен?

Балалар: «Ұлыстың ұлы күні » —  деп атаған.

Би: «Қамажай» (Т.Еркежан, Мөлдір, Ырысалды,Жансая, Жанайым, Б. Еркежан )

Аружан: Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған.

Наурыз дәмін татамыз.

Нұрай: Ата – бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала, қарлы шың.

Дилназ: Мерекелі байырғы,

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастархан жайылды,

Ошақта от жалындап.

Мақат Назерке:

Малшы көшер қыстаудан,

Малы өріп көк қуып.

Жылдағы бұл тұстардан,

Төлі биыл көп туып.

Азамат: Диқан кетті бетке алып,

Байтақ егіс даласын.

Жұмақ етпек көп халық,

Жер мен көктің арасы.

Мансұр: Күн меннен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы – салтымыз:

«Көгерсін» — деп халқымыз

Көшеге тал егеміз.

 

 

 

 

Айым:

Ойын – сауық қабақ бар
Тіл үйірген тамақ бар
Күш сынасар жігіттер,
Ән салатын қыздар бар.

Ырысалды: Жарқырап тұр күніміз,

Жайқалсын жаз гүліміз,

Бақта бұлбұл сайрасын.

Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы – жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.

Димош: Жақсы ма, ата, халіңіз,

Менің атым – Наурыз.

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім, алыңыз.

Айбек: Қар астында қыс қалды,

Қар еріді, су ақты,

Алып келдім құстарды,

Алып келдім шуақты.

Нұрали: Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Д.Жансая

Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер
Наурызың құтты болсын, ата — әжелер
Наурызың құтты болсын, ана — әкелер

Т. Еркежан:

Алтын күн шуақ шашып аспаннан,

Жаңа жылым жыр думанмен басталған.

Ақ дастархан жайып қазақ жеріне,

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.

Мөлдір: Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,

Басқа ұлттар мен татулыққа жар салған.

Дәстүріммен мақтанамын елімнің,

Мен қазақ деп дүниеге жар салам.

Би: «Қара жорға» (ұлдар тобын ортаға шақырамыз)

Наурыз бата
Төле би ата:
Бақыт әкеп ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы,
Әнші құстар баққа қонсын,
Алтын табақ аққа толсын,
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Әумин.