Құстар біздің досымыз.

 

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты: Көктем келіп күн жылып, құстардың жылы жақтан ұшып  туған өлкелеріне оралуы, ұя салып балапануы, осылардың бәрін оқушыларға қабырға газетін шығарып,  буклет жасап,шығарма жаздырып, құстарға байланысты көріністер қойып оқушыларды құстарды аялай, жалпы түсінік  білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қабырға газеттер, буклеттер, құстардың суреттері, т.б.

 

Өту барысы:

Апталықтың күндеріне мұғалім тапсырмаларды бөліп оқушыларға берген болатын олар төмендегіше:

22-сәуір Қабырға газет

23-сәуір Буклет

24-сәуір Шығарма

25-сәуір Көрініс

26-сәуір Қорытынды шағын концерт,марапаттау

 

 

 22сәуір  тапсырмасы қабырға газетін шығару тапсырмасын орындау болатын.

 Әр  сынып  оқушылары   құстарға   қабырға газетін шығарып ілген болатын.

 2«А»-сынып оқушыларымен

3«А»-сынып оқушылары бұл тапсырманы бұлжытпай орындап қабырға газетін ілген болатын.Бұл тапсырма бойынша бағаланып, қорытынды шығарылды.

 

23-сәуір тапсырмасы буклет  жасап, көрма ұйымдастыру болатын.

Әр сыныптың  оқушылары  құстарға  байланысты буклет  жасап, көрме  ұйымдастырды.

 2«А»-сынып оқушыларымен

3«А»-сынып оқушылары бұл тапсырманы бұлжытпай орындап буклет жасап, көрме ұйымдастырды.

Бұл тапсырма бойынша бағаланып, қорытынды шығарылды.

 

 

24-сәуір тапсырмасы құстарға байланысты шығарма жазу болатын.

Әр сыныптың  оқушылары  құстарға  байланысты

шығарма жазып тапсырманы орындады.

 2«А»-сынып оқушыларымен

3«А»-сынып оқушылары бұл тапсырманыда өз деңдейінде орындады.Шығарма тақырыбы оқушыларға  еркін  тақырыпта берілді.

Бұл тапсырма бойынша бағаланып, қорытынды шығарылды.

 

 

 

25-сәуір  тапсырмасы құстарға байланысты  көрініс ертегі  болатын.

Әр сыныптың  оқушылары  құстарға  байланысты

көрініс ертегіні  талгамға сай орындап шықты.

2«А»-сынып оқушыларымен

3«А»-сынып оқушылары бұл тапсырманыда өз деңдейінде орындады. Бұл тапсырма бойынша бағаланып, қорытынды шығарылды.

 

26-сәуір қорытынды  концерт 2 «А» сынып оқушылармен  3 «А» сынып оқушыларына апталықтың соңғы күні шағын концертпен марапаттаумен аяқталады.

 

Жүргізуші:

Дала гүлге бөленді

Қуанышқа кенелді

 

Орман тоғай бақтарда

Құстар сайрай жөнелді!

Жүргізуші:

-Оқушылар қазір қай  мезгіл?

-………………….

-Қандай  өзгерістер  байқап тұрсындар?

-…………………

— Ал олай  болса сендермен  бір  қызық  ойын  ойнап  көрейік.

Оқушылармен  лото ойынын  ойнайды, яғни  сандықшадан әр оқушы  келіп бір қағазды  алып ондағы  жұмбақты шешуі  керек. Жұмбақ  шешіміне  байланысты  мақал-мәтел,  жаңылтпаш,  тыйым   сөздер айтуы қажет  болады.

 

Ойын ойналып  болған соң     2«А» сынып  оқушылары өздерінің  дайындап келген  көрінісін  қояды.   3«А»  сынып  оқушылар  құстарға  байланысты  тақпақтар дайындап келген, олар  тақпақтарын айтап  өздері  дайындаған  көрінісін  қояды. 

 

Жүргізуші  апталықтағы  орындалған  жұмыстар  бойынша мақтау, мадақтау  грамоталарын  беріп,  оқушыларды  марапаттайды.