Біз нені үйрендік ?

 

Сабақтың тақарабы:       Біз нені үйрендік ?

 

Сабақтың мақсаты:         Өткен әріптерді, сандарды ертегі жасау арқылы пысықтау мақсатындағы сабақта сурет бойынша сөйлем құрауға дағдыландыру ,                                                                          сондай-ақ сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:         Аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі:          Сұрақ- жауап, әңгіме

Сабақтың көрнекілігі:     плакат, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:             1. Ұйымдастыру кезеңі:

 

-Балаларды сабаққа даярлау

-Керекті құрал жабдықтарын дайындау

 

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше. Біз қонақтарымызға білімді, тәртіпті оқушы екенімізді көрсетуіміз керек .

-Кәнеки балалар қазір біз сендермен бір қызықты ертегіні тыңдайық.

Баяғыда бір қоян болыпты. Оның үйі мұздан жасалған екен. Ал енді мынау сұраққа жауап бере қойывңдаршы. Қазір жылдың қандай мезгілі?

-Көктем

-Дұрұс балалар-көктем . Ал көктемде қандай өзгерістер басталады?

-Қар ериді, ағаштар бүршіктер жарады, жылғалар ағады.

— Дұрыс балалар қар мен бірге мұд да еріп кетеді ғой. Сондықтан біздің қоянымыздың үйі де еріп кетіпті. Балалар қараңдаршы біздің қоянымызға, ол жылап отыр, ол бізге көмек сұрауға келіп тұр.Біз қоянымызға үлкен, жылы және мықты үй салуға көмектесу керекпіз. Көмектесемізбе?

-Ия, көмектесеміз!

-Жарайсыңдар. Балалар сендер білесіңдерме үй салу үшін көптеген құрылыс жабдықтар қажет. Ал ол жабдықтарды алу үші біз дүкенге баруымыз керек. Бірақ оның бәрін бізге дүкенші жай бермейбі ғой. Ол үшін дүкенші тәте бізге әр құрал жабдыққа бір тапсырмадан беріп отыр. Сондықтан біз дүкеншінің тапсырмаларын орындап, өз білімділігімізді көрсету керкепіз!

       Бірінші тапсырма:

-Үйдің ірге тасын қалау үшін математикадан тура және кері санау керек. Кәне санап көрейік…

— Өте жақсы , енді тақтадағы берілген мысалдардың мәндерін тауып көрейік.

— Математиканы жақсы біледі екенсіңдер,тапсырма орындалды.

Екінші тапсырма:

-Балалар үйдің қабырғаларын тұрғызу үшін біз қандай сауатты екенімізді көрсетейік.

-Қазір біз тақтадағы суреттерге назар аударайық. Қазір әр суреттің астына оның атын жазу керекпіз жене қанша буын екенін санайық.

      Үшінші тапсырма:

-Балалар қараңдаршы біздің үйіміздің ірге тасы бар, қабырғалары бар, енді біздің қоянымызға жаңбыр мен қар кірмеуі үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

— Дұрыс! Жетіспейтіні шатыр. Бұл тапсырмамыз жыл мезгілдерімен байланысты. Қане кім айта алады? Жыл мезгілері нешеу?

-Дұрыс төртеу. Қазір сендер әр жыл мезгілін атап оған сипаттама беру керексіздер. Және қандай құбылыстар, өзгерістер болатынын атап шығамыз.

— Казір біз сендермен «Не нені жейді? » ойынын ойнайық.

     Сергіту сәті.

     Төртінші тапсырма:

— Үйіміз әзір де дайын емес, бізге енді терезе ғана жетіспейді. Cонымен балалар біге қазір қандай жыл мезгілі келіп тұр?

— Дұрыс-көктем. Ал көктемнің ең алғашқы гүлі білесіңдерме қалай аталады? Ол- бәйшешектер. Үйдің терезесін алу үшін біз тез-тез бәйшешектің суретін салайық.

    Бесінші тапсырма:

Ал енді балалар үйіміз дайын ба? Дайын екен, бірақ осындай әдемі үйге кіретін есігі жоқ екен. Оны алу үшін сендер көктемде ұшып келетін құсты мүсіндеу керексіңдер.

-Жарайсыңдар балалар! Қараңдаршы біздің қоянымыздың үйі қандай жылы, үлкен, әдемі, биік және мықты болып шықты. Мұндай үйде қоянымыз ешқашанда тоңып қалмайды және ол еріп те кетпейді. Ол бізге өте риза болды. Енді бәріміз қоянмен қоштасайық. Қош сау бол!

— Қазір біз «Не мектепте үйретеді?» әнімен барлық үйренгенімізді әнмен жеткізейік.

Қорытынды:

— Балалар не істедік, не үйрендік?

— Санадық, жаздық, сурет салдық, мүсіндедік, ән шырқадық. Менің айтатыным балалар, өз білімдеріңізді осылай арықарай тереңдетіп, жалғастыраберіңіздер!

— Осымен сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!