Ғажайып ертегі

Ғажайып  ертегі

Білім саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта. Шығаршылық.

Бөлімі:Тіл дамыту . Көркем әдебиет . Сурет . Жапсыру .

Мақсаты: ертегілер арқылы тіл байлығын молайту.

Білімділік:балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту .

Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін , есту зейінін , қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Ірі  және ұсақ моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру.

Тәрбиелік:балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: дат,бұйымтай, ізет,бірлік,мейірім.

Көрнекі құралдар:қуыршақ театры, теледидар, қақпа, магнитті тақта, тақырыпқа сай үлгілер.

Керекті құрал-жабдықтар:ақ парақ, түрлі-түсті субояқ, жай қалам, желім, қызғылт түсті қағаз, сулық, допшалар, құм жәшігі.

Билингвистикалық компонент: күн – солнце – sun , апа – бабушка – grandmother

ата – дедушка – grandfather.

Инклюзивтік әлеумент: даму мүмкіншілік шектеулі балаларға жеке көмек көрсету.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Қәне қонақтармен  сәлемдесейік.

— Біз әдепті баламыз ,

Біз ерекше боламыз .

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздер ме ? – деп ,

Сәлемдесіп аламыз .

 Шаттық шеңбері:

  Балабақшам армысың !

Сені жақсы көремін .

Достарым менің бармысың !

Құшақтасып алайын .

-Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін берілген карточкадағы суретке байланысты жылы лебіздеріңді білдіріңдерші.(Магнитті тақтаға суретті іліп тілегін айтады)

«Күн» — Әрқашан күн сөнбесін .

«Су» — Суымыз тұнық болсын .

«Нан» — Нанымыз көп болсын .

-Күнді орысша не дейді ?  Ағылшынша не дейді ? (солнце – sun )

Ұйымдастыру.

— Сендерге ертегі ұнайды ма ?

Ертегі тыңдағанды жақсы көрксіңдер ме?

Көздерін жұмып жақсы көретін ертегілерін елестетіп , кім қай ертегіні елестеткендерін, сұрастырады.(мен «бауырсақ» ертегісін көрдім…т.с.с.)

Ертегі қандай сөздермен басталады ?(ерте,ерте,ертеде…)

Қандай ертегілер болады ?(аңдар туралы, құстар туралы,қиял-ғажайып..)

Қандай елдің ертегілерін білесіңдер? (орыс, қазақ, неміс…)

-Ал, енді балалар мен сендерге ертегі айтып берейін.(ертегі айтылып жатқанда қуыршақ театры арқылы көрсетіледі )

-Ерте,ерте,ертеде бір ауылда Асанбай ата мен Жамиля апа өмір сүріпті.(Олардың Құралай деген қыздарын мыстан кемпір ұрлап кетіп балалардан көмек сұрайды,балалар уәде береді.).Осы кезде қорқынышты әуен шығып мыстан кемпір ұшып келеді.

— Сендер мұнда неге жиналып алғансыңдар?

-Мыстан ханым сізге қояр датым бар.Біз, Құралай қыз сізде деген хабар  есті- дік.Қызымызды қайтарсаңыз қандай болсада шартыңызды орындаймыз.

-Мына балалардың қолынан не келеді дейсің.

-Бәрі келеді «Үлкеннен ақыл, кішіден ізет сұра » демейме атам қазақ.Балалар гүл егеді, үй соғады…т.б.(балалар түлі-түсті мақталы таяқшамен үйдің пішінін құрастырады ,тақпақ айтады.

Біздің үйде ән тарап ,

Думандатар өмірді .

Біздің үйде салтанат ,

Біздің үйде көңілді .)

-Сендер бір үйде тату тұралмайсыңдар . Ертегідегі аңдар секілді үйлерің сынып қалады.

— «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші достық шеңберін жасап , дос туралы өлең тақпақ, мақал-мәтелдер айтып беріңдерші.(Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.)

-Мыстан ханым Құралайды жіберіңізщі.

-Жоқ ,мен балаларды шаршатамын,

тапсырмаларды орындамай қалса Құралай өзімде қалады.

Мыстан балаларға ертегілерді шатастырып айтып қатесін табуларына ұсыныс жасайды.

Д/о.Дұрысын тап.(Баяғыда бір ешкінің жеті қозысы болыпты…т.с.с.)

-Мыстан ханым балалар теледидардағы тапсырманы да орындай алады. Ойынның аты «Мен бастаймын,сендер аяқтаңдар » (теледидардан топтағы бір баланың анасы тапсырма береді.Мысалы:ата мен апаның суретін көрсетіп «Баяғыда…….» ата мен апа болыпты — деп балалар аяқтайды).

-Мыстан ханым бір келісімге келейік. Жол жүріп шаршап келдіңіз, балалармен бірге бойыңызды сергітіп алыңыз.Балалар сізге арнап сыйлық жасамақшы, мүмкін сонда жүрегіңіз жұмсарар.

Сергіту сәті.

Ойын: Кім жылдам.

Балалар ойын арқылы суретті карточканы  (күн, гүл, жүрек ) өз қалаулары боынша тандап алып сол бойынша орталықтарға бөлінеді.

1-орталық: «Жүрек», алдын ала бейнеленген жүректі қағазды жұлмалау тәсілімен жапсырады.

2-орталық: «Гүл»,  жай қаламмен үзік сызықтарды қосып гүлдің бейнесін салады, саусақпен гүлді бояйды.

3-орталық: «Күн» , құм терапиясы . Өздерінің қалауы бойынша құммен сурет салады.

Саусақ жаттығуын кішкентай допшалармен жасайды.

Балалардың жұмысы көрме ұйымдастыру арқылы бағаланады.

-Қандай керемет сыйлық. Маған ешкім мұндай сыйлық берген емес.Құралай қыздарыңды қайтарып берейін.(Сиқырлы қақпадан Құралай қызды шығарады)

Асанбай ата мен Жамиля апай  балаларға рахмет айтып қоштасып кетеді .

-Балалар сендерден жақсы қасиеттерді үйрендім.Мен енді мейірімді боламын. Рахмет сендерге ,сау болықдар.

Рефлексивті түзету: Оқу іс-әрекетін қорыдындылап, балаларды мақтап , мадақтайды.

Гүлдей әдемі болсын . Жүректі мейірімді болсын деп сыйладық.Ата-дедушка-grandfather,

Апа-бабушка-grandmother.

Күтілетін нәтиже:Не білді:Дер кезінде көмек көрсетуді білді.

Не меңгерді:Ертегі арқылы достық, адамгершілік, мейірімділік қасиетерін меңгерді.

Не істей алады: Шығармашылықпен жұмыс жасай алады.