«Мерекеңмен, анашым!».

«Мерекеңмен, анашым!».

Мақсаты:
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау.
Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну.
Ана еңбегін қадірлеу білу.
Көрнекіліктер:нақыл сөздер ана туралы.
Кіріспе сөз:
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мерекеңмен,анашым!». Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегіні жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні,жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да-бәрібір шексіз сүйеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу-бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ол өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны бай, нәрлене түседі.Әрине, аңаның да анасы бар. Халық: «Туған –ана емес, асырап, өсіріп, тәрбиелеген-ана», — дейді.
Баланың анаға деген жай махаббаты жеткіліксіз, оны барынша құрметтеп,сыйлау парыз.

Жүргізуші:

Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар. 8 наурыз мейрамы құтты болсын.

Жүргізуші:

Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.

Әйелдер күні бүгін халықаралық

Жарыққа бізді әкелген аналарды.

Бүгінгі мерекемен құттықтайық

 

 

Ұйытқысы жанұяның берекеміз

Аналар құтты болсын мерекеңіз

Әрқашан аналарымыз аман болсын

Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз

 

Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар. Қар астынан қылтиыйып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді.

Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қарды астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.

Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріміз, күн мерекеміз құтты болсын.

-Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.

-Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ. Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалым кешіміз, сіздерге арналады.

Жүргізуші:

Ау, балалар, бәрін қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер. Ал тобымыздың қыздары қайда?

Жүргізуші:

Балалар, аналарың мерекеге, тойға барар кезде не істейді?

(балалар жауабы)

Олай болса, біз сол жерлерден қыздарымызды іздейік.

Дүкен.

Жүргізуші:

Алло, алло, сәлеметсіздер ме? Бұл киім дүкені ме? Біздің «Балапан» шағын орталық  тобының қыздары сіздерде бар ма екен?

Жүргізуші:

-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып, мерекеге кетті.

Сән салоны

Алло, алло, сәлеметсіз бе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің «Балапан» шағын орталық  тобының қыздары сіздерде бар ма екен?

Телефон жауабы:

-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Шаштарын сәндетіп, қазір ғана таксимен бала бақшаға мерекеге кетті. Күтіп алыңыздар.

Музыка ойналып қыздарды  балалар алып  келеді.

Тақпақтар:

Мұқан:

Бізді  өсірген  апатай

Еңбегіңде зор екен

Құтты  болсын апатай

Құтты  болсын  мерекең!

Аянат:

8  наурыз  күнін

Мейрамдайды  аналар

Аналалардың   шаттығын

Құттықтайды  балалар.

Назерке:

Үн  қатасын  бал  тілмен,

Еркелеймін  әр  күн мен,

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші  наурызбен!

 Шапағат:

Анам  менің  не  дейді?

Инабатты  бол  дейді

Салт – дәстүрін сақтайтын

Әдепті ұл бол дейді.

Александра:

Ойнаймыз  күлеміз,

Жарқырап  жүреміз,

Ананы  сыйлаймыз,

Айтқанын  тыңдаймыз.

Аллабек:

Ана  деген  ақылшың,

Анаң  бар да батырсың,

Қасыңда  кім  болса  да

Тек  анаңа  жақынсың.

Фатиха:

Ақыл  құйған  санама,

Күннен  артық  расында

Күн  алыста  ал анам

Ылғи  менің  қасымда.

Мәншүк:

Өмірдің  қызығы

Өзіңсіз  өтпейді

Мен  үшін  анама

Ешкімде  жетпейді.

Фатиха:

Ақылшым, анашым

Мен  үшін  данасың

Үлгі  боп  ояттың

Қызыңның  санасын.

Аянат:

Әлпештеген, аялаған,

Ақ  сүт  берген  апатайым.

Сәлем  жазып  бүгін  саған,

Мейрамыңмен  құттықтаймын!

Ән: «Айналайын, ақ мамам»

Жүргізуші:

Бейнеме  де  қарайды,

Жейдеме де қарайды,

Әуелден – ақ ақылшым,

Әжем  менің  жарайды, — дегендей, біздің  үстімізге  қарап, қуанышымыз  бен  ренішімізді  анамызбен  тең  бөліскен, әрқашан  мейірімді  жүзбен  қарсы  алатын  адам  бар. Ол – біздің  әжеміз.

Нұршат:

Аналарды  сүйеміз,

Сөзін    ойға  түйеміз.

Әжені де  ардақтап,

Әдеппен  бас  иеміз.

Әлпештеген  баласын,

Ана – бақыт, ана – күн.

Әркім  сүйіп  өзінің,

Мақтан  етер баласын!

 

Жайнар:

Әже  деген  көп  шығар,

Әжемдей  менің  жоқ  шығар

Мейірімді  бұл  кісі

Қандай  ғажап  күлкісі.

Альфия:

Ауылда  өскен  баламыз,

Айтқан  тілді  аламыз

Әжем  қайда  жұмсаса

Жүгіріп  бірден  барамыз.

Назерке:

Ақ  әжемді  әрқашан

Сыйлап  жақсы  көремін

Қуантайын  деп  оны

Өлең  айтып  беремін.

Ән: «Құттықтаймын  мама, туған  күніңмен!»

Ойын: «Қыздарға  гүл  сыйлаймыз»

Би: «Балапандар биі»

Жүргізушінің сөзі:

Міне, құрметті  абзал  жанды  аналар, әжелер. Сіздерді  тағы  көктемнің алғашқы  мерекесімен  құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің  дайындаған сыйлықтарын  қабыл  алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет.