«Жол апатының алдын алу»

 

Тақырыбы: «Жол апатының алдын алу»

 

Мақсаты: 1.Балаларды  жолда жүру ережесімен таныстыру .

 

Дамытушылық мақсаты: Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Зейіні мен ойлау қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты:Көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , слай шоу, жол ережесіне арналған кітаптар.

 

Тәрбиеші: Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір бала «Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы дәрісті мұқият тыңдап, әр уақытта қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті бала көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Тәрбиеші: Ал енді  «Жол апатының алдын алу»» атты ұйымдастырылған іс-әрекетімізді  ашық деп  жариялаймын .

ІІ. Негізгі бөлім:

Жұмбақтарды шешу:

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді  күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен.          (Милиционер)

2.Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялайды. (Автобус)

  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

  1. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

  1. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Тәрбиеші: Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

  1. Неге ? Біздің қаламызда , сол сияқты біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені балалар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.
  2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
  3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .
  4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

Тақтада:     Қызыл – Тоқта !   Сары  – Сақтан !   Жасыл – Жол ашық!

1-бала:  Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

2-бала: Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

3-бала:   Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

Ән: Бағдаршам

  1. Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

Қ- сы :

Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

  1. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор : Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  қыңжылтты ?

Мед.бике:  Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

Аю: Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Мед.бике:  Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю: Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

Тәрбиеші: – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Балалар:қалай өтетінін көр сетеді.

Инспектор: Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

Бағдаршам:Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам:  Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

4-бала:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі :

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу  белгісі:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

5-бала Міндеттеу белгісі

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

6-бала:Ңұсқау белгісі

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Қорытындылау :

Тәрбиеші Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.