Табиғат-Ана

 

Тақырыбы: Табиғат-Ана

Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсіндіру. Табиғат байлықтарын бағалауға, қадірлей білуге, табиғатқа қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу. Салауаты өмір салтына тәрбиелеу. Табиғат әсемдігін қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру.

Методикалық әдіс-тәсілдері: сұхбат, әңгіме, ойын

Көрнекілігі: хрестоматия, теледидар, ДВД, табиғаттан бейне көрініс немесе табиғат туралы бейне көріністер, гүлдер, балалардың  санына қарай қалам салғыштар және түрлі – түсті қаламдар, дәптер, Білгішбек, Көгершіндер.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Табиғатқа саяхат.

 

Әрекет кезеңіТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушыШаттық шеңбері

Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар біздің топқа көптеген қонақтар келді.Бүгінгі күн ерекше әрі тамаша.

(Көгершіндер сұлбасына жапсырылған бірнеше хаттар жоғарыда ілінеді)

Балалар не байқап тұрсыңдар?Топта бір ерекшелік бар сияқты.Мен осы құстардың тұмсығынан керемет гүлдерді, жүректерді байқап тұрмын. Рұқсат етсеңдер сол жүректерді алып көрейікші.

1-хат

Қамқоры болам баланың

Дер кезінде бақшаға барамын

Мектепке баруға дайынба?

Бақылап әрдайым сұраймын.

Мұны бізге кім жазды екен?

Тәрбиелеп бүлдіршінді

Бақылаймын күнде-күнде

Ойын-сауық мерекелер

Көтерсін деп көңілді

Мұны бізге кім жазды екен?

Баланы сүйемін мен деймін

Оларды үнемі емдеймін

Ауырмау үшін қашан да,

Шынығу керек азанда.

Мұны кім жазды екен?

Күнде тұрып ертемен

Балаларға тамақ пісірем

Қайнап жатқан тамаққа

Тезірек, тамақ піс!-деймін

Балақай, тез өс деймін.

Мұны кім жазды екен?

Білім беріп ойнатады,

Тентек болсақ ұялтады.

 

Көңілді билеп, ән саламыз,

Балаларды қарсы аламыз

Ықыласпен қуанып,

Ыдыстарды жуамын.

Өйткені нағыз тазалық

Денсаулық үшін жан азық.

Өзіңді жақсы көретін, қамқор болатын адамдардың бар екенін білу, үнемі жақсы сөздер айтып, естіп жүру қандай жақсы.

Ендеше бәріміз қол ұстасып, бізге осындай махаббатқа толы хат жолдаған адамдарға ризашылығымызды білдірейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құстар, көгершіндер

 

 

 

 

 

 

 

 

Балабақша меңгерушісі: Лаура Қуанышқызы

 

 

 

 

Балабақша әдіскері Ақтоты Жақыпбекқызы

 

 

 

Балабақша мейіркеші: Сәуле Төреханқызы

 

 

 

Аспазшы Көркем Жұмажанқызы

 

Тәрбиеші

Мира Закарияқызы

 

Толғанай Маратқызы

 

 

 

Кенжегүл Әбілбайқызы

 

 

 

 

 

Рахмет жазған хатыңызға

Жылы махаббатыңызға

Бақшамызға асығамыз.

Достарменен қауышуға.

Іздену ұйымдастырушыАрмандайық

Балалар қазір мен сіздерге керемет бір бейне көрсетемін. Қане бәріміз экранға назар аударайық.

Үзінді көрініс

Балалар біз не көрдік?

Ал енді сендер қай жерде болғыларың келетіні туралы армандайық.

Маған кім айтып береді кім қандай жерді армандады?

Әңгімелеу

«Табиғат-Ана» ертігісін оқу.

Әңгімелесу

Табиғат ананың ұлдары қандай игілікті істер жасады.

Табиғат – Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?

Балалар! Табиғатпен Адам бір-бірімен байланыста екен. Адамның табиғатсыз тіршілігі жоқ.

Бізді қоршағанның бәрі – табиғат, ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар.

Неліктен табиғатты анаға теңеп «Табиғат Ана» деп атайды?

 

 

 

 

 

Балалар бір керемет қонақпен кездескілерің келеме?

Онда 10-ға дейін санайық.

Білгішбек келеді.

Сәлеметсіңдер ме балалар

Кане маған қараңдар

Достарыңмын Білгішбек

Немен келдім, не айтпақпын кім шешпек.

Сендерге ненің керегін

Бәрін де айтып беремін

Ауа керек сендерге күнімен

Өсуге күннің нұрымен

Күш жинау үшін құрыштай

Қанша су ішкен дұрысты,

Түсіну үшін барлығын,

Ізденіп өтсін әр күнің

Балалар бізге ауаның не үшін қажет екенін білгілерің келеме?

Олай болса тәжірибе жасап көрейік. Терең дем алып, аузымыз бен мұрнымызды қолымызбен жауып, демді іште сақтайық. Қиналып кеткенде демдеріңді шығарыңдар, дем ала бастаңдар.

Ауасыз қандай қиын екенін сездіңдер ме?

Біз ауасыз өмір сүре аламызба?

Қане Білгішбек біздің балаларымызбен ойын ойнағың келеме?

Тренинг ойын – «Табиғатпен сырласу».

Авторы Г.Таласбаева.

Отырған сыйқырлы орындығымыз арқылы табиғатқа саяхатқа барамыз. Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер.Сулар мөп-мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан таза мөп – мөлдір  Бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз. Ол үшін:

1. Алға иілу 2. Аламыз. 3. Ішеміз 4. Рахат-ай

Алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз.

1.Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі. 2. Алу 3. Қырт етіп тістеу 4. Тәттісін-ай

Раушан гүліне кездесеміз.

1.Алға иілу. 2. Аламыз 3. Иіскейміз. 4. Қажет емес  ауаны сыртқа шығарасыз.

Балалар:

Бұлақ-денсаулық,

Алма-рухани байлық

Гүл – бақыт құсын сыйлайды.

Білгішбек: Ой балалар мен қайтайын. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Табиғатты аялаңдар. Менің кітап оқитын уақытып таяп қалды. Сау болыңдар.

Дәптермен жұмыс.

Суретті әдемілеп бояп, әңгімелеп беріңдер.

Ғажайып сөздер.

Балалар бүгінгі біздің үйренетін ғажайып сөздеріміз: Күн, су, ауа – табиғаттың бізге берген сыйы.

Күз мезгілі. Қазан айы.

 

 

 

 

Табиғат бейнелерін.

 

 

Балалар жауаптары

 

 

 

 

 

 

Балалар жауаптары тыңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

Ауаны жұтамыз

Күн жылулығын, жарығын береді

Жер-Ана біздіазықпен қамтамасыз етеді.

Сусыз тіршілік жоқ.

 

Кездесеміз.

12345678910

Саламатсызба Білгішбек ағай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білгіміз келеді.

 

 

 

 

Ауасыз дем алу қиын

Жоқ

 

Әрине апай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білгішбекпен қоштасу

 

Суретті бояп, әңгімелеп береді.

Рефлексивтік коррекциялауҚорытындылау.

Балалар біз бүгін табиғаттың не екенін білдік. Оны аялаудың, қадірлеудің қамқорлыққа алудың қажеттігін түсіндік. «Табиғат — Ана» деп халқымыз бекер айтпаған. Сол себептітабиғатты, қоршаған ортаны қорғап, қамқорлық көрсетіп, аяласақ, ол біздің Отанды, елімізді, туған жерімізді қорғағанымыз екен.

Жүректен-жүрекке

Қанеки, енді табиғатқа ризашылығымзды сөзбен жеткізейік. Шеңберге тұрып, рахметтерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Ал енді балалар табиғат-Ана рахметімізді білдіріп, ән салайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!

Аспан Таза ауаң үшін рахмет!

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Ағаш, көлеңкең үшіе рахмет!

Табиғат сұлулығың үшін рахмет!

 

Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге,

Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Нені біледі: Табиғат құндылығының маңыздылығы.

 

Қандай түсініктерді игерді: Жер, су, ауа, Табиғат-Ана.

 

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Табиғатты аяулау, қадірлеу,табиғат пен адамның үйлесімділігі.