«Мен елімді сүйемін»
Тақырыбы: «Мен елімді сүйемін»
Мақсаты:Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Туған елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін , сөздік қорларын дамыту.
Оқу іс- әрекетінің әдіс – тәсілі: сұрақ- жауап, өлең жолдары, ойын.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, асық , суреттер.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы күш | Шаттық шеңбер құрады: Туға мойын бұрамыз, Елтаңба деп тұрамыз. Әнұран боп асқақтап, Біздің елдік рәміздер. (әнұран орындалады) | Балалар шаттық шеңбер құрып, әнұранды орындайды. |
Іздену ұйымдастырушы | Тәрбиеші балаларға Қазақстанның рәміздері: Ту, елтаңба,әнұран туралы түсінік береді.
Тәрбиеші балаларға Ө.Тұрманжановтың «Отан» өлеңін оқиды: Бәрі сенің Отаның, Бойыңды биіктететін. Рухына балап атаның, Өлгенше сүйіп өтетін. Тәрбиеші сұрақтар қояды. -Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Туған ауылымыз қалай аталады? Ауылдарың өздеріңе ұнай ма? -Отан туралы кім өлеңдер оқиды? Сергіту сәті үйымдастырылады. Тату- тәтті достармыз, 1-2-3 Қол шапалақтап, Отырмаймыз босқа біз,
1-2-3 Қол шапалақтап, Оқу оқып, білім алып, Би билейміз, Ән шырқап, 1-2-3 Қол шапалақтап, Оң жақтағы досына, сол жақтағы досыңа қолыңды бер, тосылма.Жоғары қарап, күн көрдім, Төмен қарап, жел көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. -Балалар, кім туған жер, Отан туралы мақал- мәтелдер оқиды?
|
Балалар өлеңді тыңдап,
бірге жаттайды. Отан деген – туған жер, туған қалам, туған ауылым. Боранқұл — біздің туған ауылымыз. Біз сол ауылда туып өстік. Ауылымыз өзімізге ұнайды. Наурызбек: Отаным – менің ауылым, Әкешім, ана, бауырым. Отанның сүйем құм, тасын, Сүйемін, қарын, жауынын.
Сергіту сәтін орындайды.
Бейбарыс: Туған жердің күні де ыстық, үні де ыстық.
Ақжібек: Отан үшін отқа түс , күймейсің. |
Рефлексті коррекциялаушы | Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» Мақсаты: Берілген сұраққа шапшаң, әр дұрыс жауап беру керек.Ойын шарты: Көк түсті асықты көтергенде, еліміздің қалаларын атау керек. Сары түсті асықты көтергенде, еліміздің байлықтарын атау керек. Қызыл түсті асықты көтергенде, елімізде тұратын ұлттарды атау керек. Қорытындылау. |
Балалар ойынды ойын
шартымен ойнайды.
Балалар мадақталады. |
Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Туған еліміз,Отанымыз туралы білуі керек;
Болуы керек:Туған еліміз туралы түсінігі;
Баланың қолынан келуі:Тәрбиешінің қойған сұрақтарына дұрыс жауап беріп,туғанеліміз, Отанымыз туралы өлеңдерді жатқа білуі;