«Білімді, өнерлі баламыз.»

 

 «Білімді, өнерлі баламыз.»

 

 

Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау,

білгендерін ортаға салуып қорытындылау.

Берілген тапсырманы өз беттерімен  орындап,

жауыпкершілікті  сезінуді тәрбиелеу.

Сабақты ұйымдастыру:

Таңғы шеңбер

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

 

Балалар орындарына отырады. Есік қағылып қонақ келеді.

 

Т:- Балалар, бізге бүгін қонаққа үлпілдек келіпті.Қане , амандасып алайық.

-Саламатсыз ба,Үлпілдек?

-Саламатсыздар ма, балалар?Мен сендер мектепке дайындалып жатыр дегесін көмек сұрай келдім.Көмектесе аласыздар ма?

Ү: -Мен де оқушы болғым келеді, сол үшін мектепке барып едім мені

мектепке қабылдамады.

Т-Балалар, Үлпілдекті неге мектепке қабылдамады екен? Қалай ойлайсыздар?

Б:-

Ү:-Маған тапсырмалар беріп еді , ол тапсырмаларды білімді , өнерлі сіздерге  алып келдім.

Т: -Балалар, Үлпілдектің тапсырмаларын орындауға дайынсыздар ма?

Б: —

Ү: -Балалар , сендер қандай сабақтар оқыдыңдар?

Б: -Ү: -Олай болса, бірінші тапсырма:  сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиетке байланысты болмақ.

 

1-тапсырма.    Балдырған сөзі тақтаға ілінеді.

  • Тақтага ілінген сөзді оқып шық.
  • Дыбыстық талдау жаса.
  • Осы сөздегі әріптерді пайдаланып,сөздер құра.
  • Балдырған б/б туралы көркем сөздер.

2-тапсырма. Тақтаға «ШИЕ»  ж/е «ДОП» суреттері ілінеді.

  • Сөздерді жаздыру, буынға бөлдіру.
  • Осы екі сөзге сөйлем ойлату.
  • Сызбаға түсіру. (Сөйлем бас әріппен басталып, нүктемен аяқталады.)
  • «ШИЕ», « ДОП» туралы өлең жолдары.

Балалар Үлпілдекке арнап тақпақ оқиды.

Сергіту сәті: Мысығым –ау, мысығым.

Бетін жуған пысығым.

Піш-піш десем келе ғой,

Мияу деп дыбыс бере ғой.

Ү: -Балалар , сендерге көп-көп рахмет! Сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет дегендерді енді түсіндім. Ал, сендер математика сабағына қалайсыңдар?

 

3-тапсырма. Математика.

  • Ауладағы жануарлар мен құстарды санап, мысалдарды орында.
  • Ананасты кемелерге орналастыр.
  • Көбелектерге көмектес.

 

Ү:- Тамаша, балалар! Жарайсыңдар!

Тағы қандай өнерлерің бар?

Т :  -Үлпілдек, балалар сурет салып, жапсыру тәсілдерін жақсы меңгергеді.

 

4-тапсырма: Жапсыру ж/е сурет.

«КӨКТЕМГІ ТАБИҒАТ»

Жұмыс соңында балалар «ОТАН» «ТУҒАН ЖЕР» туралы мақал-мәтел айтып, жасаған жұмыстары туралы әңгімелейді.

 

Үлпілдек қуанып ,балаларға  «Рахмет!» айтып, мектепке асығыс кетеді.

 

Сабақты қорытындылау