«Қысқы ертегілер» апталығына «Қу түлкі мен ұмытшақ аю» ертегісін театрландыру.

«Қысқы ертегілер» апталығына

«Қу түлкі мен ұмытшақ аю» ертегісін театрландыру.

 

Рольдерде ойнайтындар:

Түлкі: Нұрсауле

Аю: Талап

Қасқыр: Алихан

Түйе: Ержан

 

Автор сөзі:

Аю, қасқыр, түйе, түлкі төртеуі өздерінше достасып, өздерінше өмір сүріп көріпті. Жұбын жазбайтын достар бірде ұзақ сапарға шығады. Әлде қарны ашты ма, әлде бұрыңғы әдеті бойынша достарын алдағысы келді ме екен, бірде…

Түлкі:

  • Осы Түйені жесек қайтеді? – деді.

Қасқыр:

  • Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой!

Түлкі:

  • Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді.

Түлкі:

  • Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, — дейді сыбырлап,

Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады.

Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып;

  • Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, — дейді.

Түйе:

— Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе.

Түлкі:

  • Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе? Етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды.

Түйе:

  • Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім? – дейді.

Аю, Қасқыр және Түлкі Түйені союға кірісті. Қасқыр мен Түлкі ішек-қарнын тазалайды.

Шыдамсыз Түлкі бір ұзын ішекті жұтып жібермекші болады.

Қасқыр:

— Жеме, Аю ұрсады.

Әйтсе де, Түлкі қасқырдан көзін аша бере әлгі ішекті қылғытып жібереді.  Ішектің жоқ екенін  Аю сезіп қойып:

Аю:

— Ішек қайда? Деп ақырады.

Түлкі:

-Қасқыр жеп қойды! – дейді Аюдан қорыққан қу Түлкі, өтіріктен  — өтірік.

Аю қасқырға тап береді. Қасқыр тура қашады. Олар ұзап кеткен кезде Түлкі Түйенің етін түп – түгел жым-жыластығып үлгереді.

Қасқырға жете алмай, қайта оралған Аю ептігін баса алмай:

Аю:

— Ет қайда? — деп қаһарлана гүж ете түседі.

Түлкі:

  • Өзің бәрін алып кеттің ғой. Есіңде жоқ па? – дейді Түлкі беті бүлк етпестен.

Жоқ. Мен әкеткен жоқпын!- деп Аю айта алмайды. Сөйтсем, сөйткен шығармын, тыққан жерімді ұмытып қалғаным ба? Қап, әттеген – ай, Ә! – деп ойлайды. Ал Түлкі болса, бір Түйенің етіне жалғыз өзі ие болып, қулығын асырады.