Музыка-ритмикалық қозғалыстар (жүру, жүгіру)
Тақырыбы: Музыка-ритмикалық қозғалыстар (жүру, жүгіру)
Мақсаты: Музыка ырғағымен әртүрлі жылдамдықтағы жүріс түрлерін
жасауға үйрету. Балалардың есту қабілеттерін, дене, аяқ
бұлшықеттерін дамыту. Балаларды достыққа, ауызбіршілікке
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шрек мультфильмінің атрибуттары, сиқырлы таяқша
Керекті құралдар: магнитофон, аудиокассета, бубен, баян
Салааралық байланыс: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Таным»,
«Шығармашылық»
І. Мотивациялық қозғаушы күш.
«Шаттық» шеңбері.
Балалар жәй әуенмен топ бөлмесіне кіреді.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
— Адамдардың көңілді, әдемі боп жүруі неге байланысты?
— Денсаулыққа.
— Дені сау адам –бақытты адам.
— Олар өз денсаулығын күтеді, қысы-жазы шынығады. Таңертең жаттығу жасайды. Ал, сендер қандай баласыңдар?
Ақылды біз баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Жаттығу жасап шынығып,
Өсіп үлкен боламыз.
ІІ. Іздену-ұйымдастырушы кезең.
Тосын сәт. Алыстан көңілді әуен естіліп, жылтылдаған сәуле көрінеді.
— Ой, балалар, алыстан бірдеңе көрінетін сияқты.Ол не нәрсе болды екен? Қалай ойлайсыңдар? (Балалар жауабы)
— Қане, балалар, не екенін білгілерің келе ме? Өзіміз барып көзімізбен көрмейміз бе? Олай болса, жолға шығайық.
Балалар сап құрып, шеңбер бойымен жүреді, аяқ ұшымен, өкшемен, бір қырымен жүреді, жеңіл жүгіру, тыныс алу жаттығуларын орындайды.
- Әлі көрінер емес, жол алыс сияқты. Жол қысқарсын жұмбақ шешіп, әңгімелесіп барайық.
(Балалар үш қатарға бөлінеді)
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады
- Қар (мойынға арналған жаттығу орындайды)
- Терезеге қонады
Әсем ою салады
- Қырау (қолға, иыққа арналған жаттығу жасалады)
- Басылмайды даланың,
Ақ түтегі ашулы.
Түйіп алып қабағын,
Басып қалды қораны
- Боран (белге арналған жаттығу жасалады)
- Айнымайды шыныдан
Қорқады тек жылыдан
- Мұз ( аяққа арналған жаттығулар жасалады)
ІІІ. Негізгі бөлім. Мультфильм әлеміне келеді. Балалар алдарынан кез-дескен көңіл-күйі жоқ Шрекпен амандасады.
- Саламатсыңдар ма, балалар! Мүльтфильмдер әлеміне қош келдіңдер! Бірақ, менің көңіл – күйім болмай тұр. Менің досым есек тұмауратып ауырып қалды. Күн де салқындап кетті ғой. Маған көмектесіңдерші, досым есек болмаса мен қайтемін.
- Шрек, сенің досыңа мықтылап салқын тиіп қалған ғой. Біздің бала-лар, қысы — жазы шынығып, ашық күнмен достасып, мықты болып өсіп келе жатыр. Сендер де әрдайым шынықсаңдар – ауырмайсыңдар. Дене шынықтырумен айналысыңдар. Қазір, біз досыңды қарап беруге балабақшамыздың медбикесін шақырамыз.
- Ой, жол алыс қой. Ол келгенше менің досым өліп қалса не істеймін?
- Қорықпа, Шрек. Жол алыс болғанмен бізде «Сиқырлы таяқшамыз» бар. Осы таяқша арқылы медбикемізді тез шақырып аламыз. Қане, балалар көзімізді жұмып, медбикемізді шақырайық.
Медбике апай келіңіз
Есекке көмек беріңіз.
Медбике келіп, есекті қарайды.
- Ал, Шрек, медбикеміз есекті қарап болғанша, біз саған болашақта ауырып қалмау үшін қарапайым ғана дене шынықтыру әдістерін үй-ретейік. Сен көбіне орманға сапарға шығасың ғой. Сол себепті біз са-ған әрі денең шынығатын, әрі орманда кезіккен жануарлардан қор-ғайтын жаттығуларды көрсетеміз. Жақсы әуен тыңдай жүріп, жаттығу жасаған денсаулыққа өте пайдалы.
Әуен ырғағына еріп негізгі жаттығу – жүріс түрлерін, жүгіру түрлерін орындайды. (жай жүру, қоянша секіру, түлкі бұлаңдау, аюша қорбаңдау, жыланша ирелеңдеп жүру, жүгіру )
Медбике: — Есекке қатты салқын тиген. Қызуын түсіретін дәрі бердім.
Қызуы түсіп, жақсарған соң, арқасын уқалаңыз, оның маңызы зор.
Шрек: — Оны қалай уқалаймын, білмеймін ғой.
- Шрек, сен уайымдама, біздің балалар уқалауды біледі. Себебі арқаға массаж жасаудың, уқалаудың пайдасы зор. Қазір, саған көрсетеміз.
Балалар бірінің артына бірі отырып, арқаларын уқалайды.
- Ал, енді біздің балалармыз саған көп көмек көрсетті. Сен енді балалар-мен бірге ойын ойнауға қалай қарайсың?
Ойын: «Қасқыр мен қояндар» бір бала қасқыр болып, тығылып отыра-ды. Қалған балалар қоян болады:
Секір, секір ақ қоян
Секіретін күн бүгін
Шөптерді жейік,
Құлақтарды түрейік.
«Қасқыр жоқ па?» деп
Жан-жаққа қарайық.
Қасқыр шыға келгенде қояндар қаша жөнеледі.
Шрек: — Ал, балалар сендерге рахмет!
Ата-ананы сыйлаңдар,
Апайларыңды тыңдаңдар.
Достарыңды қолдап,
Қиын шақта қорғаңдар.
Сау болыңдар, балалар!
Балалар «Солдат болам мен ертең!» әнімен балабақшаға қайтады.
ІҮ. Қорытынды.
— Балалар, біз бүгін қайда бардық? Кімді көрдік? Балалар біз де есек құсап ауырамыз ба? Біз кімбіз балалар?
Біз – қазақтың баласы
Дені сау, салауатты.
Біз — ұлттың болашағы
Білімді де, сауатты.
- Жарайсыңдар, балалар! Әрқашанда дендерің сау, күшті, әдемі болып өсіңдер. Дені сау, күшті балалардың жүрегінің соғысы қалай соғып тұр екен? (Тук — тук) Балалар, осы жүрегіміздің жылуын келген қонақтарымызға сыйлап, апайларымызбен қоштасайық (Алақандағы жүрек жылуын үрлеп, апайлармен қоштасады)
Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғат құбылыстарын қимылмен көрсету арқылы жаттығу жасауды
Игереді: музыка ырғағына еріп, оған сай жүріс түрлерін жасауды
Меңгереді: жүру, жүгіру техникаларын меңгереді, салауатты өмір салтын, дене мәдениетін қалыптастырады