Абайлаңыз бағдаршам

Абайлаңыз бағдаршам

 

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту. Ойын арқылы сабақтың мазмұнына қарай балалардың жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.

Көрнекілік: Бағдаршам аялдама жол белгілері жедел әрделі машинасы жеңіл көліктер автуобус.

Әдіс- тәсіл компьютер арқылы үйрету.

Ұ.О.І.Ә барысы: Балалардың зеиінің, ықыласын табиғат мүсініне аударып.

Балалар бүгін аптаның қай күні – бесінші күні қасиетті жұма күні.Ендеше далаға көз салайық ауа – райы қандай екен? Аспанда күн жарқырақ тұр. Балалар таңертең балабақшаға келерде ауа –райы қандай болд? Не байқадыңдар?

«Апай менім қолым тоңды» — дұрыс айтасыңдар.балалар әлі күн жылына қоймады, қарларда енді еріп жатыр.

Ал енді! Балалар, біз қандай елде тұрып жатырмыз?

  Балалар: Қазақстанда

Тәрбиеші: Дұрыс Қазақстаның қандай қаласында қаламыздың аты не?

  • Шалқар

Тербиеші: Ал енді сендер осы шалқардың барлық көшелерін аралап көрдіңдер ме?

Балалар: Жоқ

Тәрбиеші: Онда біз былай жасайық, қазір бәріміз автоусқа отырып қала көшелеріне саяхат жасайық. Бағдаршамен жол белгілерімен танысайық. Алдымен автубусқа отырмай тұрып, көлікке отыру ережесін қайталайық.

 Балалар: Автобусқа артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.

  • Жасы үлкен немесе кішкентай бөпелі адамдарға орын береміз.
  • Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.
  • Ашық есік, терезеден басын шығарып қолын созуға болмайды.

Тәрбиеші: Олай болса саяхатымызды бастайық қане, бәріміз автобусқа отырайық.Міне қаламыздың ең үлкен көшесі Әйтеке би көшесіне келдік. Мен сендерге жұмбақ жасырайын?

Тәрбиеші: Жан- жағымызға қарайық не көріп тұрсындар?

Балалар: Бағдаршам

Ал мына жолда ақ- қарамен сызылған жолақтар жатыр,бұл не белгі? Бұл жермен кімдер жүреді?

Дұрыс айтасындар бұл белгі жаяу жүргізушілерге арналған. «Өтіңдер» деген белгі. Бұл кезде көліктер тоқтап адамдар ғана жүреді.

Ал сендер балалар бағдаршам туралы не білесіңдер?

 

 

 

 

 

Алма кезек үш көзін

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта сақтан жол ашық

Жүрме жолға таласып.

Тәрбиеші. Балалар біздің автобусымыз тоқтап, адамдар мініп- түсетін жерге келдік бұл қай жер екен?

Бір ғажабы бұл жерде

Бір нәрсені ел күтеді.

Біреуі отырады

Біреуі тұрады.

Балалар: Аялдама

Өте жақсы енді аялдамадан түсіп тобымызға барайық.

Балаларды реттімен отырғызып компьютер арқылы суреттермен әңгіме, сөйлем арқылы үйрету.

Сюжеті ойын: Балаларды рольге кіргізіп ойнату.Жаяу жүргізушілерге арналған жол мен жүргізу.

   Қимылдық ойын: Жолға шеңбер бойымен балалар торғай болып отыру. Мащина келгенде пыр етіп жан- жаққа ұшып кету.

Қортындылау: Тәрбиеші, Енді біздер көшеге шыққанда қауіп –қатерге ұрынбай, барлық жол ережесі бойынша жүріп тұрамыз. Солай ма, балалар. Бүгінгі саяхатымыз ұнадыма балалар? Балаларды мақтау, мадақтау.