«Қошқар мүйіз» ою-өрнегі.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу  ісәрекетінің түрі: Тіл  дамыту

Тақырып:  «Қошқар  мүйіз» ою-өрнегі.

Мақсаты:Қазақтың ұлттық  бұйымдарымен  ондағы әдемі  ою- өрнектермен  таныстыру.

Балалардың  байқағыштық  қабілеттерін,  сөздік  қорларын, тіл  байлықтарын  байыту

және  шығармашылық  бағытта  дамыту.  Ұлттық  өнерді  құрметтеуге, халқын, салтын

сүюге, тазалыққа, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Түрлі-түсті субояумен ұқыпты  жұмыс істеу  дағдыларын  жетілдіру.  Ою-өрнектегі  бауды өткізу  арқылы  қол  маторикасын  дамыту.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ –жауап, түсіндіру, көрсету.

Қажетті  көрнекі – құралдар: қазақтың ұлттық  бұйымдары, теледидар, сүт, сулы бояу, бау т.б.

 

Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

(Себептілік ынтасын ояту кезеңі)

Амандасу.

Аспан  түрді  түндігін,

Жерге  сәуле  таратты.

Неткен  ашық  күн  бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы!

Жарты  шеңберде балаларды тұрғызу.

Балалар мына әдемі  бауларды  ұстай  қойың-дар, осы  баулар  арқылы  мен  сендерге жүрегімнің  жылуын  жіберемін.

Қабыл  алыңдар.

-Енді, оң  қолымызды  жүрегімізге  қояйықшы,  жүрегіміздің  соғысын  сезінеміз бе?

-Нұрбек  сенің  жүрегің  қандай?

(Бауларды  ұстау арқылы бір-біріне

жүрек жылуын  білдіреді).

-Ал, енді жүрегімізден шыққан  жылуды  қонақтарға  үрлеп  жіберейік.

Қайырлы таң, апай !

Қайырлы  таң,  қонақтар !

 

 

 

 

 

 

 

Иә.

Менің  жүрегім  мейрімді.

…батыл, … қуанышты,…

жылы, …ыстық,…аяулы,…

нәзік, … сыпайы,…қайыр-

ымды,…сәтті,…бақытты,

…сезімтал, …көңілді, …қам-

қоршы.

Іздену

ұйымдастырушы

 

(Ұйымдастыру кезеңі)

-Қазір  бізде тіл дамыту оқу іс-әрекеті.

-Балалар өткен оқу іс-әрекетінде  не туралы  өтіп едік?

Иә, отбасы туралы.

-Отбасында  кімдер  тұрады?

Ата мен  әженің еңбегі туралы  кім айтып  береді?

Жарайсыңдар!

Өткен оқу іс-әрекетін есімізге түсірдік.

-Балалар  әр  халықтың  өзіне  тән

ұлттық  белгілері  бар.

Біздің  өз  рәміздеріміз  бар.

(Ән-ұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз)  және тіліміз,  салт дәстүріміз  бар.

Қазақ  халқының өзіне  тән  ерекшеліктерінің  бірі  ұлттық  ою-өрнектер.

-Міне,мынау «Тай тұяқ», «Сынық мүйіз», «Қол- тықша», «Қаз  мойын»,«Ирек», «Толқын»,  «Балдақ»,«Қошқар  мүйіз» т.б. ою-өрнектер  өте  көп.(Ою-өрнектерді теледидардан слайд арқылы  көрсетіп, қайталату балаларға).

 

Бүгінгі  оқу  іс- әрекетінің  тақырыбы:

 «Қошқар мүйіз»  ою-өрнегі.

Қошқар мүйіз жануарлар дүниесін білдіретін  ою-өрнек. Олар  көбінесе киізден жасалатын  бұйымдарды өрнектеуге  қолданған  және  киім-кишектер,  ыдыс-аяқтарда т.б бұйымдарда  кездеседі.  Қазақ  халқының  тұрмыс тіршілігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты  болғандықтан  халық  арасында  қол өнер бұйымдарын көркемдеуге  мүйіз  тектес  өрнектер кеңінен  тараған. Қошқар мүйіз  ою-өрнегі әл-ауқаттың, жақсылықтың молшылықтың белгісін  білдіреді.

— Балалар,  енді, мына  ұлтық  бұрышқа

барып  ондағы  заттармен  танысып  көрейік.

-Мынау  не ?

-Ал, мынау  ше?

Өте  дұрыс, бұл  заттар  әр  үйдің  төрінде  ілініп  тұру  керек.

Мынау- тұмар, түскиіз,  сандық,  торсық,  қор-жын, т.б  заттармен  таныстырып,   қайталау.

Бұл   қазақ  халқының тұрмысымен  тіршілігімен келе жатқан заттар.

(Әрқайсысын  не үшін  қолданғанын  түсіндіріп, таныстыру).

Заттардың  ішіндегі  қошқар мүйіз ою-өрнегін  айтып кету.

-Ал,енді қайта орнымызға тұра қояйық.

Слайд көрсету.

Теледидардан слайдпен ұлттық киімдерді  таныстыру. Бұл киімдерде де қошқар мүйіз ою- өрнегі әдемі тігілген.

-Балалар  шаршап  кеткен  боларсыңдар  бойымызды  сергітіп  алайық.

Сергіту  сәті:

Қошқар мүйіз  «Қара жорға» би қимы-

лының бастапқы тұрысы.

«Қара  жорға»  әуеніне  қошқар мүйіз

бейнесін  салып,көрсетіп оған қоса «Қолтықша»және «Бота мойын»

бейнелерін  салып таныстырып,  содан кейін музыка әуеніне осы  қимылдарын салып билеу.

Сергіп  алсақ  орнымызға  отырайық.

Енді «Ою-өрнек» деген  тақпақты  жаттап  алайық.

Камзол киім қынай бел,

Толған  ою-өрнекке.

«Қарға тұяқ», «Қошқар мүйіз»,

«Бүршік» пен «Гүл» ,«Иректе».

Жарайсыңдар!

-Мына  менің қолымдағы  әдемі  сандықшадан  қошқар  мүйіз  ою-өрнегін  алып 2-орталыққа  бөлініп   орнымызға  отырайық.

 

 

 

1-орталықта; әр балаға жеке ыдысқа сүт  құйып беріп, қылқаламды субояуға салып сүтке  малу. Осы іс-тәжірибе арқылы сүттің  бетіне  әр  түрлі  ою-өрнектер  пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-орталықтағы  тапсырма; Тақияның  ою-өрнегіндегі  тесікшелер  арқылы  бауды өткізу.

 

 

 

Орталықтарға  ауысу кезінде «Оюдың

бөлігін  тап» ойыны  ойналады.

Ойыннан кейін орындарын ауыстыр-

ып, отырады.

 

 

Отбасы.

Ата,әже,әке,ана, тәте,апа, бөпелеріміз.

Ата малға  жем,шөп, су  береді, ауланың  қарын  тазалайды.

Әже шұлық,қолғап тоқиды.

Құрақ көрпе және оған  ою-өрнектер салып тігеді.

 

 

 

 

 

 

«Тай тұяқ»,«Сынық мүйіз»,

«Қолтықша»,«Қаз мойын»,

«Ирек»,«Толқын»,«Балдақ»,

«Қошқар мүйіз».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-ауқаттың, жақсылық-

тың, молшылықтың белгісі.

 

 

 

Сандық.

Домбыра.

Қамшы.

Торсық,тұмар, қоржын т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалпақ,  сәукеле, камзол,

кимешек, ішік, мәс т.б.

 

 

 

 

 

Сергіту  сәтіне  қызығушы-

лықпен  қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

2-3 рет  қайталап  жаттау.

 

 

 

 

 

Іс-тәжірибені жасап, сүт бетіне әр түрлі ою-өрнектер шығарады.

 

 

Бауды тесікшелерден өткізеді.

Рефлексифті

коррекциялау-шы

(Саналы түрде сыртқы әсерді

қабылдау және іс-әрекетіне баға беру).

Жарайсыңдар!

Балалар, бүгін  біздер  қандай  ою-өрнекпен  таныстық?

Осы  оқу  іс-әрекетін  қорытындылау

үшін мына  жердегі  бас киімдердегі

«Қошқар мүйіз» ою-өрнегін  тауып

беру  керек.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлығыңда  өте  жақсы  қатыстыңдар.

Сендерге  мына  әдемі «Қошқар мүйіз»

ою-өрнегін  сыйға  тартамын.

Оқу іс-әрекеті  аяқталды. Келген  қонақтармен қоштасайық.

Сау  болыңыздар!

 

 

Қошқар  мүйіз  ою-өрнегімен.

2-3 баланы  тақтаға  шығару.

 

 

Балалар қызығушылықпен оқуіс-әрекетіне қатысады.

Оқу іс-әрекеттен күтілетін нәтиже

Нені біледі:   Қазақ  халқына  тән ерекшеліктердің  бірі  ою-өрнекті  танып  біледі.

Қандай түсініктерді игерді:  Бұйымдар мен киім үлгілеріндегі ою-өрнекті  ұстап, көру арқылы  бойларыеа игереді.

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: Орталықтағы тапсырмаларды  қызығушылықпен орындап, қалай жасалатынын түсінеді.

 

 22 наурыз мерекесіне арналған  «Әже мен немере» сайысы.

            Мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап  тәлім-тәрбие алу.

            Кіріспе сөз.                                                                                                                                                                   

            Құрметті келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні  Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Осы Наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысына қош келдіңіздер.   Сайысымызға 5 әже немерелерімен келіп отыр, қошеметтеп қарс алып отырайық.

       Армысыздар,жамағат!

       Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,

       Ала келген бар әлемнің шаттығын.

       Қазан-қазан көже жасап,

       Азан-қазан көңілменен күй кешу.

       Біздер үшін бақ бүгін —  дей келе әдемі әуенмен, қошеметпен әжелерді немерелерімен ортаға  шақырайық.

              

 

  1. Досым Кәмшәтты- Мәрия әжесімен.

               

 

 

 

                                                                                  

                                                                          

  1. Мурзағалиев Әділді- Мендіқыз әжесімен.

              

 

 

 

 

  1. Жұбат Ақбота- Жұпар әжесімен.

               

 

 

 

 

                                                                          

  1. Ибрашева Әсем- Зоя әжесімен.

 

 

 

 

 

 

  1. Серік Думан — Фарида әжесімен.

             

          

 

                                  Өткізу барысы.

             І.  Таныстыру.

             ІІ. Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)

             ІІІ. Құрастыру (көрпе құрақ жасау)

             ІV. Өнер көрсету.

  1. Ұлттық тағамдар.

 

                       Байқауымызды бастамас бұрын төрелік етуші әділ- қазылар 

                алқасын(сайлап)таныстырып өтейік.

 

  1. Балабақша әдіскері-Айгүл Оразайқызы.

2.«Айгөлек»тобының тәрбиешісі-Гүлайым Халимолла қызы

  1. Ата-аналар атынан-Майра Қадырбайқызы.

 

                            І. бөлім. Таныстыру.

                 Әжелер мен немерем келіп жетті танысуға,

                 Сыпырды толмағасын осы дұға.

                 Қызып келген қырандай керілтеді.

                 Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әжелер, немерелермен бірге өздерін

                 таныстырып өтсін

 

                           ІІ. бөлім Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)

           Бұл сыр сандықшада  ұлттық салт-дәстүріміздің өткізу рәсімдері жазылған  осы   

           сандықшадан алып соны көрсетіп,айтып жеткізу.

                                           

                                             1.Бесікке салу.

                                             2.Шілдехана.

                                             3.Той бастар.

                                             4.Тұсау кесу.

                                             5.Ат қою.

 

 

 

 

 

     

           Әжелерім асыл менен ақылды.

           Ажыратар алыс пенен жақынды.

          Үйретеді салт-дәстүрді әжелер-дей отырып өздерінің ойға түйгенін көрсету.

 

                       

 

 

                         ІІІ. Бөлім Құрастыру (көрпе құрақ жасау)

 

                                Шеберлерім өнер тамып қолынан

                                Жаңылмаған ата-баба жолынан

                                Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін.

                                Біз айтайық төрелігін соңынан-дей отырып Әжелеріміз                                

           немерелері көрпе         

             құрақты жасағанша әнге кезек берейік.

            Кулова   Айнагүлдің орындауында , ән «Айгөлек»

 

      

                  

 

 

                          

                           ІV бөлім Өнер көрсету.

  

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Сізді сонша аңсап ел,

Би билеп,ән салып

Ортаға салып береді.

 

                         V бөлім Ұлттық тағамдар.

 

           «Ас-адамның арқау» -демекші әжелеріміздің үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын 

       таныстырып өту.

    

          Әділ- қазылар   алқасы өз шешімдерін талқылап  шешкенше ортаға

      «Балдырған» тобының орындауында  «Бау бақша белдер» әнін тамашалаңыздар.

  

       Әр  әжелер  мен немерелердің өнерлерімен, шеберліктерін, тапқырлықтарын бағалай келе       

            «Сабырлы әже»         

             «Шебер әже»

            «Өнерлі әже»

             «Тапқыр әже»

            «Парасатты әже» номинациясы бойынша барлық әжелер мен немерелер марапатталды.

          «Көп білгеннен емес,көп көргеннен сұра» , демекші осы әжелеріміздің көрсеткенін үлгі

       тұтып, есімізде сақтап жүрейік.

      

      Осыменен сайысымыз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.

            Сау болыңыздар.