«Жұлдызды сәт» Интеллектуалдық ойын.
Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт» Интеллектуалдық ойын.
Сыныбы: Мектепалды даярлық тобы.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту,айналамен таныстыру ,математика ,көркем әдебиет,тіл ашар сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау ой-өрісін, сана-сезімдерін қалыптастыру.
Көрнектілігі: Интерактивті тақта, суреттер,кеспе қағаздар, цифрлар , сюжетті суреттер.
Тәрбиеші: Қайырлы кун,қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! Компьютер-сенің көмекшің,
Қағазың әрі қаламың.
Керек емес демессің,
Аздаған соң хабарың,
Ақпараттың заманын,- дей отыра, сайысымызды интерактивті тақтаны қолдана отырып бастаймыз.
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер.
Өздеріңді тексеріп ,
Ойынға қатысып көріңдер,- деп бугінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.
«Алғырлар» тобы.
1-топ. Мүшелері:
- Мунира
- Ділназ Т.
- Ділназ Қ.
- Муханбетәли.
2-топ. «Тапқырлар » тобы .
Мүшелері:
- Гүлсезім.
- Юран.
- Рауана.
- Ералы .
Тәрбиеші: Ендігі кезекте бүгінгі сайсымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 7- бөлімнен тұрады.
- 1. Таныстыру.
(әр топ атымен ,ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады) .
- 2. «Мамандықтар әлемі».
(суретте берілген мамандық иелерін атайды) .
- « Ойлан тап!»
( математика сабағы суреттегі сұрақтарға және тапсырмаларға жауап береді.)
- «Төртінші артық».
( төртінші артық затты сызып таста)
5.«Санап көр».
(неше? деген сұраққа жауап береміз) .
6.« Тілашар».
( жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
- « Жағдаяттарды талдау»
( сурет бойынша әңгіме) .
Әділдікпен баға берер сендерге ,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар.
Қазір енді қазыларды сайлайық,
Ең алғыр топты айта алар,- дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1-әділ қазымыз мектеп директорының бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары Мақышева Ғалия .
2-әділ қазымыз: Бастауыш бірлестігінің жетекшісі : Аубакирова Гулмира
Өнер қуып сайыскелер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскелер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Әр топ өздерін таныстырады:
1-топ: Топ Аты: Алғырлар.
Топ ұраны: тоғызда сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
4пен 5-ке оқып біз,
Жарыста бәрінде жеңеміз.
2- топ: Тапқырлар.
Топ ұраны: Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Ал кәнекей балалар
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,
« Мамандықтар елінде» .
« Ойлан тап! »
(математика пәні бойынша тапсырмаларды орындау)
« Төртінші артық».
(артық затты сызып таста)
« Сергіту сәті»
Жарайсыңдар, балалар. Балалр енді шамалы бойымызды жазып , сергіту сәтін орындайық.
Мынау менің жүрегім ,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды ,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің –оң қолым ,
Мынау менің – сол қолым ,
Барлық істі атқарған.
«Санап көр» .
(тақтада тұрған заттарды санау, цифрмен белгілеу.)
«Тілашар»
( Жұмбақ жасырамын, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
Жұмбақтар :
- Жолбарыстан аумайды ,
Пеш түбінде аунайды (мысық)
- Өзіне болған қорған,
- Орман ішінде бар аң
Қорбаң-қорбаң. (аю)
- Жалт-жұлт етіп төбемде ,
- Түсе алмай тұр төменге. (жұлдыз)
- Аяғы бар , басы бар
Арқалаған тасы бар, (Тасбақа).
-Шыр-шыр етеді
Құлагыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. (Телефон)
-Орманда жоғары ,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)
-Көк жүзінде көп жолақ,
Қойды екен кім бояп. (Кемпірқосақ)
-Үлкен алтын табақ,
Әлемге нұр таратқан. (күн)
- Қыста үйге кірмейді,
- Көктем шықса жүрмейді. ( Шана)
«Жағдаяттарды талдау»
( сурет бойынша әңгіме )
1-топ. Тақырыбы:
« Қарға болсаң, қара бол».
2- топ: «Көмекші»
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір- күрес, жеткіземе мұратын?
« Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме
Қатысуда бір жеңіс , жан болсаң екен ұғатын.
Осымен осы ойынды тамандасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тагы да үйренеміз аман болсақ.
Қорытындылау
Әділ қазылар сөзі:
Мадақтау грамоталары беріледі.