Қазақ халқының этномәдениеттік құндылықтарының бірі – ұлттық ойындар

Тақырыбы: Қазақ  халқының  этномәдениеттік  құндылықтарының  бірі – ұлттық ойындар

            Этномәденидің  дамуының  бір  түрі  ол  ұлттық  ойындар. Қазақтың   ұлттық   ойындарының  қалыптасу  кезеңі  сонау  адамзат  баласының  жаратылған, демек  Қазақстан  жерінде  қалыптасқан  алғашқы  қауымдық  құрылыстан  басталады. Содан  бері  біздерге  жетіп, ойналып  жүрген  ұлттық  ойындарының  ішіндегі  «Бес  тас»,»Асық», «Садақ  ату», «Қарашие»  сияқтылары  шамамен   5000  жылдар  бұрын   пайда  болған. Ұлттық  ойындардың  қалыптасуы  тек  балаларға  ғана  керектігімен  дамып  қойған  жоқ,ересектердің  күнделікті  тіршіліктегі  қозғалысы  мен  көңіл  көтеріп, демалыс  уақытын  өткізудегі  қолданылған  еңбектің  бір  түрі  ретінде  дамыды.

Қазіргі  кезде  елімізде  болып  жатқан  өзгерістер  мектепке  дейінгі  мекемелерде  біршама  жаңалықтар  енгізіп  отыр. Балабақшада  тәрбиелік  жұмыстар  көптеп  жүргізілуде. «Халық  айтса  қалт  айтпайды»  демекші  тәрбие  басын  тал  бесіктен  бастағанның  өзі  де  еліміздің  ертеңін  ойлаған, яғни  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді  қадірлеу, балаға  сәби  кезінен  қалыптастырған  жөн. Ұлттық  ойын  баланың  дамып  жетілуіне  ,адамгершілік  қасиеттерінің  артуына, психикасына  да  тигізетін  әсері  мол.Ұлттық  ойындар  арқылы  өз  халқының  тарихын, даму  сатысын, әдет-ғұрпын  айқындап  көруге  болады. Балаларға  ұлттық  ойындарын  үйрету  арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни  адамгершілік  қасиеттері  де  дамиды. Басқа  да  ойындар  сияқты  қазақтың  ұлттық  ойындарындағы  бұлжытпай орындауға  тиісті  тәртібін  баланың  ойын  барысында  сақтауы, баланы  осы  кезден  бастап  тәртіпке, әдептілікке, әділдікке, жинақылыққа  баулиды.

Фольклортанушы  Ә. Диваев  «Қазақ  балаларының  ойындары»  деген  еңбегінде адамның  жас  ерекшелігін  үш  топқа  бөледі:

  1. Өмірге келгеннен бастап  жеті  жасқа  дейінгі  бала.
  2. Жеті жастан он  бес  жасқа  дейінгі бала.
  3. Он бес пен жиырма жас  аралығындағы  жастар.

Осының  негізінде  қазақтың  ұлттық  ойындарын  үш  топқа  бөліп  қарастырып,бірінші  топқа  сол  жастағыларға  лайықты  «Санамақ», «Тәй-тәй», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Қуырмаш», «Ақ  терек- көк  терек» т. б. ойындарын,  ал  одан  кейінгі  топқа  «Тақия  тастамақ»,  «Бәйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Қыз қуу»  т. б. ойындарын  жатқызуға  болады.

Мысалы: Мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  түрлі  оқу  іс- әрекеті  үстінде  қолданылатын  қазақтың  ұлттық  ойындарының  түрлері. Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  этномәдени  түсініктерін  қалыптастыру  үшін  әр  ұлттың  ертегілерімен  таныстырудан  бастау  алады. Әр  ұлттың  өзіндік  бір  қалыптасқан  түрі  ретінде  дамиды. Мысалы, көрші ұлт  қауымы  орыс, өзбек, татар халқының  өмір  тіршілігімен  олардың  халық  ертегілерімен, ұлттық  ойындарымен  таныстыруға  болады. Мысалы, орыс халық  ертегісі  «Бауырсақ», «Шұбар  тауық», «Жеті  лақ»  ертегілерімен  танысу  арқылы  сол  халықтың  өмір  тіршілігімен  танысады. Сөз  қорлары  молаяды. Салыстырады,мәселелік  ойлар  туындайды.