«Сан есімді тиімді оқыту жолдары »

 

«Сан есімді тиімді оқыту жолдары.»

 

Басқа ұлт өкілдеріне тіл үйрету жағдайы негізгі мәселелердің бірі екені баршамызға белгілі, өйткені мемлекеттік тілдің аясын кеңейту үшін басқа ұлт өкілдерінің тілді қатынас құрал ретінде қолданылуларына жағдай туғызу қажет.

          Осы ретте орыс топтардағы қазақ тілі мұғалімдеріне зор міндеттер жүктеледі.Олардың ен бастысы мақсаты – оқушыларды сөйлеуге дағдыландыру.

 Ұсынылып отырған құралдың негізгі мақсаты – оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, тілдік фактілерді орынды пайдалануға үйрету.

  Сондықтан оқытушы тек тіл үйретіп қана қоймай, ата мұрамыздың асыл қазынасынан да дерек беруі керек. Себебі , бүгінгі таңда елтану аспектілері қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытып үйретуде әлі де болса шешемін таппай келеді.Оқу құралдың тақырыбы да өзекті, өйткені сан есімдерді оқыту —  тәсілдері  көп қарастырылмаған.

         Жаттығу материалдары негізінен көркем әдебиеттерден, түрлі сөздіктерден алынған.

          Әрине, шағын көлемді құралда қойылған мәселені жан – жақты шешу мүмкін емес. Бірақ, менің қойылған мақсатым – қазақ тілі мұғалімдеріне біраз болса да көмек көрсету. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сан есім

 

       Сан есім – мағыналық, грамматикалық ерекшелігі бар негізгі сөз табының бірі. Заттың санын, ретін, есебін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есімдер  неше? қанша? нешеу? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.  

Сан есім

 

 

 

                                      Дара                                     Күрделі

 

 

Мысалы:       бес, бір,екі.                                       жиырма екі, бір жүз елу.       

 

Ескерту: күрделі сан есімдер бөлек жазылады.

 

Сан есім мағынасына қарай бес топқа бөлінеді:

1.Есептік сан есімдер

2.Реттік сан есімдер

3.Жинақтық сан есімдер

4.Болжалдық сан есімдер

5.Бөлшектік сан есімдер

 

1.Есептік сан есімдер

Есептік сан есімдер заттың нақтылы санын білдіріп Неше? Қанша? деген сұрақтарға жауап береді.

         Мысалы: он екі, жүз елу сегіз, бес мың бір жүз қырық екі.

         Ескерту:

а) есептік сан есімдер басқа сан есімдерге негіз болады.

б) есептік сан есімге көптік сан есім жалғанбайды. Мысалы: отыз студент, жиырма оқушы.

 

2 – жаттығу. Сұрақтарға жауап жазыңыздар.

Сенің атың кім? Неше жастасың? Әке – шешең неше жаста? Отбасында неше адам бар? Олардың жастары қай шамада? Бір айда неше күн бар? Бір жылда неше ай бар? Бір жылда неше күн бар? Бір тәулекте неше сағат бар? Бір сағатта неше минөт бар, бір минөтте неше секунт бар?

 

3 – жаттығу. Төмендегі мақалды аударып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Жеті атасын білген ұл

      Жеті жұрттың қамын жер.

Жеті атасын білмеген.

Тіл менен жағын жер.

Тапсырма: Төмендегі берілген бата – тілек үзіңдінің мағынасын түсіндіріп, аударыныздар.

Жиырма жаста алғыр бол,

                                       Отыз жаста озат бол,

             Қырық жаста қыран болып самға,

                                       Елу жаста ел ағасы,

  Алпыс жаста арманыңа жет,

             Бала-шағаларынңың қызығын көр,

                                      Жетпіс жаста тапқан

 Табыстарыңның жемісін же.

 

Тапсырма: Берілген мақалдың мағынасын түсіндіріп, есте сақтаңыз.

Ер көрмеймін деген жерін, үш көреді.

Ат баспаймын деген жерін, үш басады.

 

4 – жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Я купил пять карандашей. Платье бабушки стоит 6 тысяч тенге. Пятнадцать книг лежат на столе. За столом сидят 4 человека. В аудитории есть 1 доска, 25 столов и 50 стульев.

 

Тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз.

         Бала есейген сайн оның таным өрісінің кеңеетіні белгілі. Ол біртіндеп үй іші ошақ басынан озып, ауыл – аймақ, жақын – туыс, жекжаттармен қарым – қатынасқа түседі.

         Баланың ен жақын туыстары болып ен алдымен әкесінің туыстары саналады. әкесінің ағасы, інісі – балаға әке орнына әке болатын ең сыйлы адамдар. Ал олардың балалары немесе аға, немере іні болады. әкесінің ағасының баласын жасы кіші болса да жолы үлкен деп сыйлауға тиісті.

         Нағашысы – баланың шешесінің жағынан туыс болып келетін адамдар. Дәстүрлі тәрбиеде бұл жұрттың да мәні өте жоғары болады. Нағашысы – баланың шешесінің жағынан туыс болып келетін адамдар. Дәстүрлі тәрбиеде бұл жұрттың да мәні өте жоғары болады.

         Үшінші жұрт – қайын жұрт, яғни, қыз бен жігіттің туыстары.

 

Тапсырма: төмендегі жағдайларға диалог құрастырыңыздар.

а) көршіңізден жасы нешеде, қай жерде тұратынын, қайда оқитынын сұраңыз.

ә) сіз дүкенге келдіңіз. Сізге 1 кг. қаңт, 2 кг. күріш, 4 кг. пияз керек. Сатушымен сөйлесіңіз.

б) көршіңізбен нарқы туралы сөйлесіңіз.

         в) көршіңізден неше санға дейін білетінін сұраңыз. Бір-біріңізге онға дейін санап беріңіздер.

г) Сіздің дүкенге барғыңыз келеді. Дүкеннің қай мезгілде жұмыс істейтінін сұраңыз.  

 

  1. Реттік сан есімдер.

Реттік сан есімдер заттың саналу ретін білдіреді. Реттік сан есімдер нешінші? қаншасыншы? Деген сұрақтарға жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауыстылардан соң – ншы, — нші, даыуссыздардан кейін  — ыншы, — інші жұрнағы арқылы жасалады.

         Мысалы: алтыншы, бесінші, отызыншы т.б.

         Ескерту. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілген кезде  — ыншы, — інші,  — ншы,  — нші жұрнақтарының орнына дефис қойылады.

Мысалы: Асқар 4 — курста оқиды. Оның қарындасы биыл 1 – сыныпқа барады. 

5 – жаттығу. Төмендегі берілген есептік сан есімдерден реттік сан есімдерді жасап, оларды сөзбен жазыңдар.

Үлгі. Бір – бірінші

3, 6, 9, 12, 18, 20, 25, 31, 37, 45, 327, 544, 1975.

 

6 – жаттығу. Төмендегі берілген есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, кроссвордты толтырып, жасырынған сөзді табыңыздар.

4, 5, 6, 7, 8, 2.

7 – жаттығу. Жұмбақтың шешуін табыңыздар.

 

  1. Бірі үлкен, бірі кіші

    Туысқан бірге бес кісі.

  1. Шұнақ құлақ бес ешкі.

Қос – қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге ойлап қой.

 

         8 – жаттығу. Мәтінді оқып аударыңыздар.

Орталық әмбебап дүкені

         М. Горький көшесінде үш қабатты орталық әмбебап дүкені орналасқан. Дүкеннің жанында жазғы дүкеншілер, ауланың ортасында бүрікпе орналасқан. Кіре берісте, бірінші қабатта оң жақта ыдыс-аяқ, кілемдер одан әрі ойыншықтар, мата, дайын киімдер бөлімдері бар. Екінші қабатта сырт, аяқ киім, коммерциялық бұйымдар сатады. Бұрышта шағын кафе орналасқан. Дүкен сағат 10 – нан бастап жұмыс істейді. Кешкі сағат 19 – да  жабылады. Демалыс күндері – сенбі мен жексенбі. Біз досымыз екеуміз кеше сағат төртте дүкенге бардық. Екі күннен кейін құрбымыздың туған күні, соған сыйлық сатып алдық.

 

Тапсырма: 1. Мәтіндегі сан есімдерді мағынасына қарай талдаңыздар. 2. мәтінге сұрақ құрастырып, мазмұның айтқызыңдар.

 

Тапсырма: разыграйте следующие ситуации.

  1. Сіз досыңыздың туған күні. Сіз орталық әмбебап дүкенінде тұрсыз. Досыңызға қандай сыйлық алатыңызды сатушымен ақылдасыңыз.
  2. Сіз дүкеннің алдында тұрсыз. Сіз іздеп жүрген бұйым дүкенде сатылып жатыр. Ол қандай бұйым? Қанша тұрады? Сол туралы әңгімелеп беріңіз
  3. Сіз әмбебап дүкенінен басқа дүкенді білмейсіз. Бұл дүкенде заттардың бәрі қымбат, сондықтан қаланың дүкендерін аралап көргіңіз келеді. Осы жайында досыңызбен сөйлесіңіз.

 

9 – жаттығу. Прочитайте и переведите на казахский язык. Выпишите порядковые числительные.

Пятый автобус ходит от стадиона до вокзала. Шестой трамвай останавливается около нашего университета. Я учусь на машиностроительном факультете. У нас сегодня третий урок — физика. Я еду домой на двадцатом маршруте. Наша квартира на третьем этаже.

 

10 – жаттығу. Төменде берілген Абайдың қара сөзің оқып, аударып, есте сақтаңыздар.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашу керек:

Біріншісі – надандық, екіншісі – ереншектік, үшіншісі – зұлымдық.

  1. Жинақтық сан есімдер.

Жинақтық сан есімдерзаттың жинақталған санын білдіреді. Жинақтық сан есімдер нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге – ау, — еу жұрнағы арқылы жасалады.

Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу,бесеу, алтау,жетеу.

Ескерту: екі, алты, жеті есептік сан есімдерге – ау/- еу жұрнағы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы ы,і дауыстылары түсіріліп жазылады.

1 жаттығу. Төмендегі сан есімдерді жинақтық сан есімдерге айландырып, сөйлем құрастырыңыздар.

2,5,3,7.

2 жаттығу. Төмендегі мақалдарды аударып, мағынасын түсіндіріңіз.

Жетеу біреуді күтпес болар. Айла алтау,ақыл жетеу. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

3 жаттығу. Жұмбақтардың шешуін табыңыздар.

Бес бұтақты ағашта –

Бұтақ сайн бес алма.

Біреуін бер Маратқа,

Сонда қалмақ неше алма?

 

Екі ағайынды, екеу де бір үйде

Бір – бірін көрмейді. 

                                       /көз/

 

Үш адм кара киген қарғымада

Бар еді үшеуінің арғымағы

Үшеу үш жағынан қарғыса да,

Жетпейді адым жерге қарғығаны. 

                                           /қазан, ошақ/

 

4 жаттығу. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

         Институтта екі мың бес жүз алпыс бес студент оқиды.Біз жазда отыз күн шаруашылықта жұмыс істедік. Біздің курста  25 студент бар.оның жетеу – қыз, он үш – ер бала. Айнаш екеуміз жиырма бес себет алжұмыр жинадық. Біз жылда жазда шаруашылықта жұмыс істейміз. Оны біз еңбек семестрі деп айтамыз. Еңбек семестрі өте көңілді.

 

5 жаттығу. Найдите эквиваленты данных пословиц.

Семеро одного не ждут. Один в поле не воин. Семь раз отмерь, один раз отрежь. Мастер на все руки.

6 жаттығу. Запишите собирательнае числительные с данными существительными.

Қыз, кітап, студент, мұғалім, ана, көлік.

  1. Болжалдық сан есімдер.

Болжалдық сан есімдер заттың саның дәл атамайды, тұспалдап, шамамен көрсетеді. Болжалдық сан есімдер қанша?неше?қай шамалы? Деген сұрақтарға жауап береді. Болжалдық сан есімдер әр түрлі жолдармен жасалады.

а) есептік сан есімдерге – лаған/ -леген, -даған / — деген, — таған/ -теген,- лап/ — леп, — дан/ — ден, -тап/ — теп, — дай/ — дей, — тай/ -тей жалғаулары арқылы жасалады. Мысалы: жиырма – лаған, елу – леген,  қырық – таған, жиырма – дай, елу – дей, қырық – тай, жетпіс – тей.

ә) есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, одан кейін жатыс септіктің тиісті жалғаулары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: қырытарда, жетпістерде, елулерде.

б) есептік сан есімдердің жекеше, көпше түріне шамалы, шақты, жуық, таман, тарта, жақын деген сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.

Мысалы: қырық шамалы,отыз шақты.

В) есептік сан есімнің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: қырық – отыз, үш – төрт, жүз – жүздеген.

Тапсырма. Төмендегі сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңыздар.

10, 17, 50, 6, 8, 60, 70, 1970, 18, 29, 31, 100, 12000.

Үлгі: ондаған, он шақты.

1 жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді оқып, болжалдық сан есімдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.

Бұл жайлаудың ұзын тұрқы жүз елу километрдей, көлденеңі 100 километрдей. Ерте кезде бұл жайлауға жазда жүздеген ауылдар келіп қонатын. Ол жылдары әкем қырық тоғыздарда, шешем қырық шамасында еді.  Қалаға келетін компьютердің саны үш жүздей, оларды сатып алуға ақша керек.

2 жаттығу. Болжалдық сан есімдерді қолданып, сөз тіркестерін құраңыздар.

Адам, компьютер, қалам, қала, үйлер, гектар, жас, койма.

3 жаттығу. Төмендегі мәтінді оқып аударыңыздар.

Біздің шаруашылық.

Біздің шаруашылықта мал көп. Онда оң мыңдай қой, 2000 шамалы жылқы, бес жүздей сиыр бар. Шаруашылықта ондаған трактор, жиырма шақты машина, он шақты комбайн бар. Шаруашылық биыл мемлекетке 2000 центнердей жүн сатты. Шаруашылық адамдары еңбеккүнді көп алады. Олар жақсы тұрады.

Тапсырма: 1. мәтіннен болжалдық сан есімдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.

  1. мәтінге сұрақ құрастырып, мазмұнын айтыңыздар.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Ә. Ахметов, К. Жүнісбекова, Ф. Оразбаева. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Алматы, 1998 жылы.
  2. Ф. Оразбаева, К. Жүнісбекова, А. Ахметов. Қазақ тілі Алматы 1998 жылы.
  3. С. Мырзабеков. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, Қазақ университеті 1993 жылы.
  4. Ғ. Калиев, Н. Оралбаева . Қазіргі қазақ тілі. Алматы 1997 жылы.
  5. С. Кенжеахметұлы. Жеті қазына. Алматы 1998 жылы.
  6. Шаңырақ.