«Брейн-ринг» ойыны.

 «Брейн-ринг» ойыны.

Сабақтың мақсаты:  1. жануарлар модулі бойынша білімдерін әр түрлі әдіс – тәсілдері арқылы      тиянақтап, бекіту;

  1. белсенді ойын түрлері арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, жеке, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзін — өзі көрсете білуіне жағдай туғыза отырып, ойлау – сөйлеу қаблеттерін арттыру;
  2. табиғаттың бір бөлігі жануарлар мен құстардың дүниесіне терең ұғынып, оны аялап, қорғауға, күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс ,жарыс-ойын

Сабақтың көрнекілігі: үш бөлікке бөлінген жаймалар,ортақ бағалау парағы, үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар,перфокарталар, тақырыптық суреттер,техникалық құрал,сызбалар,ребустер.

Сабақ барысы:  I. Ұйымдастыру бөлімі. Танысу.

Сабақтың мақсаты: жануарлар модулі бойынша алған білімдерін еске түсіріп, бекітеміз. Жеке, топтық жұмыстар арқылы бір – біріңізді бағалауға үйренесіңдер.

 «Брейн ринг»  шарты:  мен сендерді 3 топқа бөлдім. Әр топтың алдында жаймалар жатыр. Осында тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылған: астында – I деңгейлі сұрақтар, оның үстінде – II  деңгейлі сұрақтар, үстінде – III  деңгейлі сұрақтар.

Үстінгі сұраққа дайындықсыз жауап беріледі. II сұрақтарға – 2-3 минут. III сұрақтарға – 5 минут. Әр топтың жетекшісі бағалау парақша бойынша бағалап отырады.

 

Оқушылардың аты- жөні

 

Бағалау

IIIIII
 

1.

 

2.

 

3.

 

4.

 

5.

 

6.

 

Ұпай саны (тақтада ілулі тұрады)

 

20 ұпай
25 ұпай
O30 ұпай

 

  1. Үй жануарлары.

 

   ∆   Олар ненің төлі? (Сурет бойынша жұмыс)

  Мәтіндерден үзінді.

Бұл қай мәтін екенін айту:

1.Менің бала кезімде мысығым мен ақ күшігім болды.Бір күні оларға жаңа дос табылды.Наубай деген кісінің ешкісінің  үш лағы болды.(Ақ лақ)

  1. Дәулет пен Хасен үйлеріне келе жатты.Олар жолдың шетінде ақ қозыны көрді.Ол өте әлсіз еді.(Қошақан)

3.Ол бізбен бірге өріске шығып, қой бағысады.Ол кейде көбелек қуып  ойнайды.Бір күні Қабылан  екеуіміз қойға шықтық.(Қабылан)

 

○   Жоспар бойынша бір үй жануары  туралы жазу.

1.Жануар

2.Мекендейтін жері

3.Қорегі

4.Адамға пайдасы

 

Қорытындылау: Үй жануарлар  адамға қандай пайда келтіреді?

Бейнесұрақ.

Жұмбақ: Ішсең сусын,жесең тағам, мінсең көлік  (түйе)

  1. Аңдар.

     ∆ Ребустер

   Сөздерді тәуелде (перфокарта)

Үш оқушы тақтаға шығады,қалғандары дәптерлеріне өздігінен орындайды.

  1. Түлкі,арыстан,қоян,піл

Менің…

Сенің…

Оның…

2.Қасқыр,аю,тиін,барыс.

3.Бұғы,жолбарыс,маймыл,піл

○  Тест (жауап кілті бойынша бірін-бірі тексеру)

Дұрыс,бұрысын белгілеу

Iтоп-III топты, IIтоп-Iтопты,IIIтоп-IIтопты тексереді.

 

 ДҰРЫС (+)БҰРЫС (-)
Аю ақырады.  
Пілдің Отаны – Қазақстан.  
Гепард – ең жүйрік аң.  
Түлкі орманда мекендейді.  
Қасқыр маңырайды.  

 

Дұрыс жауабы:

Аю ақырады

Пілдің Отаны – Үндістан.

Гепард – ең жүйрік аң.

Түлкі орманда мекендейді.

Қасқыр ұлиды.

 

Қорытындылау: Жабайы аңдар қайда мекендейді?

 

Бейнесұрақ.

Жұмбақ:Өзі айлакер,өзі қу

Жүрген жері айқай шу (түлкі)

 

 

III. Құстар.

∆  Суретті жұмбақ. (сурет бойынша құстарды ата  )

   Жалғауларын тап.(жазбаша)

1.қаздар,құсым,тоқылдақпын,қарғаны,тауықтар.

2.аққулар,құстың,үйрегім,әтешке,торғайы

3.бұлбұлға,торғайсың,балапаным,аққуда,құстар

 

○  «Аққу» мәтіні (топтық тексеру)

Мәтін үш бөлімнен тұрады,әр топ берілген бөлімінен келесі топқа сұрақ қояды.

1бөлім  Iтоп- IIтопқа

2бөлім  II топ — IIIтопқа

3бөлім   IIIтоп-Iтопқа

 

Қорытындылау:Қандай құстарды білесіңдер?

Бейнесұрақ

Қандай құсты орман дәрігері деп атайды? (тоқылдақ)

 

Сабақты қорытындылау:

Осымен балалар <Брейн ринг > ойыны аяқталды.

1.Үй жануарлары қандай адамға пайда келтіреді?

2.Жабайы аңдар қайда мекендейді ?

3.Құстар қандай болады?

 

Топ жетекшілері ұпай санын санап, жеңімпазды айтады.

Бағалау парақшасы  бойынша бағалау.