Ұлылардың үндестігі. Созвучие великих поэтов.

Сабақтың тақырыбы: Ұлылардың үндестігі. Созвучие великих поэтов.

II  Сабақтың мақсаты:

  1. Абайдың өмірі мен творчествосын оқуда алған білімдерін байқай отырып танымын кеңейту,сөздік қорын молайту.
  2. Абай өмірін оқуды одан әрі жалғастырып, білімін толықтыру және басқа ұлттық ұлы ақындармен байланыстырып ізденушілікке,зерттеушілікке ықпал жасау.

II  Тәрбиелік мәні: Оқушыларды білімге,еңбекке адамгершілікке тәрбиелеу.

II  Дамытушылық: тіл дамыту,дұрыс сөйлетуге дағдыландыру.

III  Білімділік: оқушы білімін жетілдіру,сөз топтарын қайталау.

IV Сабақтың түрі: Конференциялық сабақ.

V Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік,іздену,технологиялық құрал.

VI Сабақтың типі: Алған білімдерін жинақтау және дамыту.

VII  Сабақтың көрнекіліктері: магнитофон,таблица,көрмелік бұрыш,бейне сюжет.

VIII Сабақтың барысы:

Сабақты бастамас бұрын біз сыныпты екі қатарға бөліп аламыз.

1-ші қатарда шетел тілшілері.

2-ші қатарда жергілікті тілшілер.

Біз өткен сабақта Абай өмірімен танысқанбыз. Өткен сабақта алған білімдерін алдын-ала берілген озық тапсырма бойынша дайындықтарыңды жинақтап байқау ретінде өткізбекпіз.

Қойылатын сұрақтар:

1.Абай кім?

2.Абайдың әкесі қандай адам?

  1. Құнанбайдың дінге көз қарасы қандай?
  2. Абай қандай білім алды?
  3. Абай қандай классиктердің,философтардың шығармаларымен танысады?
  4. Абай жазу жұмысында қандай ақын жазушылардың шығармаларын үлгі етеді?
  5. Абай қандай ұлттық ақындарының өлеңін қазақшаға аударған?
  6. Ол Семейде кімдермен танысады?
  7. Абай білімін қалай толықтырады?
  8. Семейде Абай атында не бар?

 

Сонымен,үй тапсырмасын қорыту үшін біздің шетел тілшілері Абай өмірі туралы асосациалау әдісі арқылы не ұққандарын айтып береді.

Аудармашы                                                                                            Ақын

 

Философ                                                                Композитор

Х. Бейне сюжетті көрсету арқылы үй тапсырмасын қорыту. Сонымен,балалар біз Абай өмірі мен творчествосын сендермен білдік. Енді,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ұлылардың үндестігі. Мақсаты: Абайдың өмірі мен творчествосын оқуда,білімдеріңді толықтырып,бұл сабақта біз Абай –аудармашы деген сөзге тоқталамыз.

ХI. Өлеңді оқымас бұрын немісше,орысша,өлеңді сұрап өтемін. Енді өлеңді мен оқимын,сендер көздеріңді жұмып,ұққандарыңды көз алдыларыңа елестетіп тыңдап отырыңдар.

1.мен оқимын

2.оқушы оқиды

3.жаңа сөздемен жұмыс,сөйлем құрату.

ХII. Өлеңді талдау.(аударып орыс тілінде,қазақ тілінде не екенін түсіндіру) Неге? Себебі тау қалғымайды,адам қалғиды.

ХIII. Сыныпта жаттау.

ХIV. Енді балалар граматикаға тоқталамыз. Біз жаңа сендермен Абай 1845 жылы туды дедік. Биыл 2002 жыл Абай туғанына 157 жыл. Назарбаевтың жарлығы бойынша биыл денсаулық жылы,соған байланысты кім мақал айтады. Жергілікті тілшілер айтады,шетел тілшілері сөз табына диаграмма ьойынша талдайды.

Мысалы, Ана сүті бой өсіреді.                    Денсаулық-зор байлық.

Ана тілі ой өсіріді.

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Үстеу

ХV. Магнитофон қосып фонограмадан өлеңді айтқызу. Шетелден келген тілшілеріміз де қазақ жеріне келіп қазақша Абайдың өленің үйренсін деп айтып кетемін.

ХVI. Сонымен,балалар біз бүгінгі сабағымызды қорыта келе,біз үшін Абай өмірі үлкен тәрбие,өнеге,үлгі,оның өлендері жастарды білімге,еңбекке,адамгершілікке баулиды. Біздің ұлы ақынымыздың ұлылыққа,даналыққа жетуіне басқа ұлттық ақындарының ықпалы да болған.

Немістің ұлы ақыны Гете,орыстың ұлы ақыны Лермонтов,қазақтың ұлы ақыны абай. Міне,осы үш ұлттық ұлы ақындарының ойы,салт-санасы,халқына деген сүйіспеншілігі бірдей болған. Міне,біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы жерде ашылып отыр. Ұлылардың үндестігі деп алуымыз осында.

ХVII. Бағалау,коментариясын жасау,үйге тапсырма беру.