«Менің жолдасым»

 

Тақырыбы: «Менің  жолдасым»

Мақсаты: 1. Достық, жолдастық туралы білімдерін толықтыру, етістіктің шақтарын қайталау.

  1. Оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту; дұрыс сөйлем құру, сауатты жазу мәдениетін дамыту.
  2. Оқушыларды татулыққа, адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулықтағы түрлі суреттер, компьютер.

 

 

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы «Достастыру» мәтінінің мазмұнын айту.

Достық туралы өлеңді жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі- Достарың мен жолдастарыңның болғаны

қандай жақсы! Олармен бірге жүргенде өзіңе-өзің сенімді боласың! Сен бірде ауырып, оқуға бара алмай қалдың. Бірнеше күннен кейін жалғызсырайсың, зерігесің. Достарыңды көргің келеді, өйткені бірде-бір жан жалғыз өмір сүре алмайды. Дос деген – өзіңмен мақсат-мүддесі, арман тілегі бір адам. Одан жасырар сырың жоқ. Ол да сенен ештеңе жасырмайды. Егер осындай досың болса, сен оны ренжітпе. Оған жәрдем беруге әзір бол.

Электрондық оқулықпен жұмыс. І. Сөздік

Тыңдаймыз

Жаңа сөздерді тыңдаймыз

Достық, сыйластық, балабақша, жәрдемдесу, ойлау, сабақ әзірлеу

Оқимыз. Диктордан кейін қайталап оқы

Достық, сыйластық, балабақша, жәрдемдесу, ойлау, сабақ әзірлеу

Жазамыз. Әріптерді дұрыс орналастыр

 

,

 

,

 

Оқылым

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер

Достық дегеніміз не?

Еркеш екеуміз қашаннан доссыңдар?

Халықта қандай қанатты сөз бар?

Еркеш қандай бала?

Сен нені мақтан етесің?

ІV. Пысықтау

1.Схема бойынша «Менің досым» тақырыбында әңгімеле.

2.Достық туралы мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тап:

Жаман жолдастан таяғым артық

Крепкая палка лучше плахого попутчика

Күлме досыңа –келер басыңа

Над бедой друга не смейся, тоже может случиться и стобой

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Дружи с тем, у кого приятелей много, откровейничай с тем, у кого друзей мало.

Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы

Одежда хороша новая,

А друг старый.

Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.

С добрым человеком сдружишься-цели своей достигнешь,

С дурным сдружишься – в дураках останешься.

  1. Достық туралы мақалдарды толықтыр

1) … … жаяу алмас,

Ақылы көпті дау алмас.

 

2) … жолдас жауға бермес.

3) Жүз сомның болғанша, …

4) Адам … мықты,

Ағаш тамырымен мықты

5) Адал дос … қымбат

6) Жаманда . . . жоқ,

Жалқауда ар жоқ.

  1. Нәтижені тексеру. Лекстко-грамматикалық тест (25 сұрақ). Компьютерде орындау.
  2. Үйге тапсырма. «Менің досым »тақырыбында шағын эссе жазып келу.

VII. Бағалау