Демеулік шылаулар

 

Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Шылаулар туралы білімдерін толықтыру,демеулік шылаулардың қалай жасалатынын  түсіндіру.

Тәрбиелік:Оқушыларды білімді,ақылды,өнегелі тұлға етіп тәрбиелеу,эстетикалық өнегелі ортаны қалыптастыру.

Дамутышылық:берілген материалды тиянақты меңгеруге,ойлау белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,интерактивті тақта,сызбалар, плакаттар,кеспе қағаздар,маркерлер,кесте;

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика,бейнелеу өнері;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1-топ:Септеулік шылаулар тобы

2-топ:Жалғаулық шылаулар тобы

3-топ:Демеулік шылаулар тобы

Үй тапсырмасын сұрау.Жалғаулық шылау туралы алған білімдерін тексеру.

179 бет,330-жаттығу.Мәтіннің ішінен септеулік және жалғаулық шылауларды теріп жазу.

Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар? Біз сендермен қандай сөз табын өтіп жатырмыз? Шылаулар дегеніміз не?Олар неше топқа бөлінеді?

1.Қызығушылықты ояту.«Бәйге».Сұрақ-жауап сайысы.Әрбір топқа конверт таратылып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

1.Есім сөздердің орнына жұмсалатын сөз табы қалай аталады? (Есімдік)

2.-ған,-ген,-қан,-кен жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің ерекше түрі? (Есімше)

3.-ау,-еу жұрнақтары арқылы сан есімнің қай түрі жасалады? (Жинақтық сан есім)

4.-ып,-іп,-п жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің ерекше түрі қалай аталады? (Көсемше)

5.қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы? (Сын есім)

6.Берілген мақалдың жалғасын тап: «Оқу — ….. бұлағы.(білім)

7.Кім?Кімдер?Не?Нелер? деген сұраққа жауап беретін сөз табы? (Зат есім)

8.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?(4)

9.Қимыл, іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, себебін, амалын білдіретін сөз табын ата (Үстеу).

2.Жаңа сабақ. «Мағынаны тану».

Оқушылар оқулықта берілген демеулік шылаулар тақырыбын оқи отырып,

плакатқа сызба түрінде өз ойларын түсіреді.

 

     Демеулік шылаулар – сөзге не сөйлемге күшейту,тежеу,шектеу,сұрау, болжалдық,күмән сияқты қосымга мағына үстеп тұратын көмекші сөздер тобы.Демеулік шылаулар мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді:

 

 

 

  1. «Кім тапқыр?» Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып көшіріп жазып, талдау жасау.Әрбір топқа 1 сөйлемнен беріледі.

Алматы  қаласында  болдың … ?

Адасқан  сен …,мен … ?

Шіркін- …, керемет деген осындай  болады  екен!

4.Сергіту сәті.Интерактивті тақтадағы қимылдарды қайталау.

5.Оқулықпен жұмыс

181 бет,331 – жаттығу.Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңдер.

Кездесе береді ғой – нақтылау мәнді,Сөз еткен–ді – нақтылау мәнді,Сөйлегендіктен бе?Қырсығып қалдым ба?  — сұраулық мәнді,Басталыпты – ау – болжалдық мәнді.

Бригадаңда ше? Болмай ма? – сұраулық мәнді,Тез  — ақ — күшейткіш мәнді,Орнына да күшейткіш мәнді.

6.Ойлан, тап.Әрбір топқа ребус таратылып беріледі.

 

 

 

 

                        

 

 

 

3)      3

 

 

                                                ,

 

2)

лы

 

4)

 

 

7.Сызбаны толтыру.Әрбір оқушы берілген шылауларды сәйкес келетін тор көзге жабыстырады.

 

Септеулік  шылауДемеулік      шылауЖалғаулық   шылау

 

 

8.Сабақты бекіту.Қорытындылау.

Әр топ өз тақырыптарын қатыстыра отырып, мақал-мәтелдер айтады.

Септеулік шылаулар:

1.Отан үшін отқа түс –күймесің.

2.Өз басыңды жауға берсең де,жолдасыңды жауға берме.

3.Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

9.Үйге тапсырма.

181 бет,332-жаттығу.Демеулік шылауларды тауып, мағыналық түрлеріне қарай талдау.

10.Бағалау.