Абайдың «Он жетінші қара сөзі»
Сабақтың атауы | Абайдың «Он жетінші қара сөзі» | ||||||||
Сілтеме | Абайдың өлеңдер жинағы,2005ж. ІІ томдық. 8-сынып әдебиеті,Қ.Әбдезұлы, Г.Рыскелдиева, С.Тұрсынғалиева. 2011. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. | ||||||||
Жалпы мақсаты | Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін әдебиет теориясы тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру; Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру. | ||||||||
Міндеттер | Мазмұнына байланысты: 1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу; 2. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу. 3.өз бетінше ізденуге баулу. СТО-ға байланысты: — кейіпкерлер әрекетін бағалай білу; әңгімені бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау; Топқа байланысты: — әр оқушының жеке, жұптық, топтық жұмысы, өз пікірін қорғайды, бір-бірінің нұсқауларын орындайды. | ||||||||
Сабақта туындаған негізгі идеялар | Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру | ||||||||
Күтілетін нәтиже | Қара сөз мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы қайрат, ақыл, жүректің таласының шешіміне көздерін жеткізеді. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері үндестігін анықтап,ақын шығармалары туралы мағлұмат алады. Қара сөзді талдай отырып, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке, қайырымдылыққа, ауызбіршілікке үйренеді. Шығарма оқиғасын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады. | ||||||||
Нәтижені бағалау | Жазу арқылы (кейіпкерге хат жазу, ойтолғау жазу) | ||||||||
Көрнекіліктер | АКТ,үлестірмелі қағаздар, флипчарт, маркер | ||||||||
Әдістер | СТО стратегиялары: «Ойшақыру», «Әдебиет үйірмесі», «Кейіпкерге хат», «Ой толғау», «топтастыру», | ||||||||
Сабақтың мазмұны | |||||||||
Уақыты | Стратегиялар | Ресурс тар |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті | |||||
2 мин | Ұйымдастыру кезеңі | Тренинг | Оқушылар ынтымақтастық шеңберін құрып бір-біріне жақсы тілек айтады. Смаиликтер арқылы топтарға бөлу | Сағат тілі бағытымен оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып шығады. Смаилик түстеріне қарай топтасады. | |||||
I кезең: «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Осы кезеңде ойлауды Блум бойынша жіктеудің «Білу» мен «Түсіну» тәсілдері жүзеге асырылады. | |||||||||
3 мин | Ойлауды Блум бой-ша жіктеу «Білу» | Интербелсенді тақта | Абай ұлылығын А.Байтұрсыновтың сөзі арқылы тиянақтай отырып, ақынның қазақ әдебиетінде қалдырған ізі туралы сұралады. | Үйден ізденіп оқып келген Абай туралы білетіндерін слаидтар арқылы тиянақтайды. | |||||
5мин | «Түсіну» | Флипчарт, маркер | Ой шақыру: 1-топқа: «Тұла-бойың ұят-ар едің» 2-топқа: «Талаптың мініп тұлпарын» Абай аңсаған «толық адам» бейнесі Әбіш бойында бар деп ойлайсыңдар ма? |
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеп, ойларын ортаға салады. Постер қорғайды. | |||||
II кезең(Мағынаны тану) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды (20 минут);ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды . Нәтижесі ауызша марапатталады. | |||||||||
20 мин | «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» | Нөмірлер, топтастыру |
Берілген нөмірлер арқылы оқушыларға рөлдер бөлінеді. Рөлдегі оқушылардың қызметі жайлы түсіндіріледі, жеке жұмыс, жұппен талдап, ойды ортаға салатынын айтады.
«Толық адам» анықтамасы жасалады.
| 1.Баяндаушы(4 бала) (Шығарма мазмұнын рөлдерге бөліп қысқаша баяндайды.) 2.Ізденуші (Қара сөз туралы ақпарат жинайды. Қайрат, ақыл, жүрек оның қажеттілігі туралы мәлімет) 3. Сілтеме табушы (Әңгіменің ең қызық жерін табады. Оны неге қызық деп тапқанын түсіндіреді) 4.Дәнекер (Әңгіме оқиғасын өмірмен байланыстырады) 5.Әдебиетші-ғалым (Қара сөз идеясын Абайдың өлеңімен байланыстырады)
| |||||
2 мин | Сергіту сәті | Ән, үнтаспа | «Желсіз түнде жарық ай» әнін айту арқылы ойларын сергітеді. |
Ән мазмұны арқылы ойларын сергітеді. | |||||
III кезең(Ой толғаныс кезеңі)(кері байланыс – бағалау кезеңі): Бұнда «бағалау» тәсілін орындау арқылы ойтолғаныс жасау, сабақ барысы, оқушылардың іс-әрекеті жайлы пікір,оқушылар белсенділігін бағалау,кері байланыс жүзеге асады. | |||||||||
10 мин | «Бағалау» | Хат жазу, «Алты қалпақ» | І топ: Кейіпкерге(Абай атаға) хат жазады. ІІ топ: «Қара сөзден алған әсерім» ой толғаныс | Хаттың мазмұнын баяндайды.
Сөзден алған әсерлерін қорыта отырып, шығармаға баға береді., ойларын ортаға салады.
| |||||
2 мин | Қорытынды. Бағалау | Сабақ талдау парақтары, бағалау пппарағыпарақтары |
Сабақ бойынша сезімдерін бір сөйлемге сыйғызып жазу.Сабақты қорытады. Өздерін бағалауларын сұрайды. Қорытынды баға туралы айтады. |
Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, жиынтық баға шығарады. Стикерлерге кері байланыс көрсетіледі. | |||||
1 мин | Үйге тапсырма | Кубизм стратегиясы | «Мен кіммін?» толық адам проблемасы бойынша жоба қорғау. | Абай армандаған толық адамға сай болатынын дәлелдеу | |||||
Адамның адамшылығы-жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады..(18-сөз)
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Ата көрген оқ жонар, ана крген тон пішер.
Толық адам- еліне қызмет етуші, еңбексүйгіш, ақылды, қайратты, қажырлы, парасатты, терең білімді, жүрегі нұрлы, мейірімді