Абай Құнанбаев
Көкшетау қаласының №6 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Қайдарова Алмагүл Тұрсынбаевна
| Сабақтың тақырыбы: | Абай Құнанбаев | 
| Мақсаты: | Абай Құнанбаев туралы мәлімет алады, білімдерін толықтырады. Қыс мезгілі туралы тақырыппен танысады, білім алады, тақырып бойынша әңгімелеп беруге үйренеді. | 
| Міндеттері: | Білімділігі: Абайдың кім екенін айтып, түсінеді. «Абай Құнанбаев» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен танысады. Олармен сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс құрауды үйренеді. Тәрбиелік: Қазақ ақындарын құрметтеуге тәрбиеленеді. | 
| Күтілетін нәтиже: | А.Құнанбаевтың еңбектерімен таныса отырып , оның шығармасының мағынасы туралы әңгімелеп үйренеді. | 
| Сабақта қолданылған құрал –жабдықтар: | суреттер, интерак. тақта слайд,  тапсырмалар жазылған қималар. Тақырыпқа сай сюжетті суреттер, грамматикаға байланысты сызбалар, түрлі түсті карточкалар. | 
| Сабақта қолданылатын әдісі- тәсілдер: | Түсіндіру, оқыту, әңгімелеу,сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, тізбектеп оқыту. 
 | 
| Сабақтың барысы: | 
| Нәтиже | Ұстаздың әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар 
 | ||
| Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу. | І.Ұйымдастыру кезеңі:   Оқушылармен амандасу, түгендеу, олардың сабаққа дайындығын сұрау, аздаған пікір бөлісу. Бағалау өлшемдерімен таныстыру | Амандасу, керекті құрал-жабдықтарын дайындап,әр оқушы өзіне тиісті орынға жайғасу Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. 
 | Суреттер, А-3 парағы, маркер, смайлик, | ||
| ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: | |||||
| Тапсырманы игеріп келгендерін бақылау | 1 .85-бет, 3-тапсырма. 2. Сөздіктегі сөздерден сөз тіркестерін құрап жазу. 
 | 1.85-бет, 3-тапсырма. 2.Сөздіктегі сөздерден сөз тіркестерін құрап жазу. Орындап келген тапсырмаларын өзара тексереді. | |||
| 2. Грамматиканы еске түсіреміз. 
 | Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталаймыз. Сын есім, сын есім тудырушы жұрнақтар түрлерін атап шығамыз. | ||||
| Топқа бөлініп отырамыз. Оқушыларды қолдарындағы қағаздар арқылы топтасып отырамыз. | 1-топ  1-4                    3-топ    10-15 
 2-топ 5-9 4-топ 16-20 
 | СТО әдісі, , АКТ, топтық жұмыс, жұптық, жеке жұмыс ұйымдастыру. постермен жұмыс,дарынды және талантты балалармен жұмыс. | |||
| Интерактивті тақтадан суреттер көрсетемін. Абай құнанбаевтың портретін көрсетемін. | Сурет арқылы  тақырыпты тауып алады. Қ ыс мезгілі неесе қыс. Келесі суретке назар аударамыз. Кімнің портреті? 
 | ||||
| Оқушылар назарына слайд ұсынамын. | Топтағы оқушылар көріп шығады, өзара талқылайды. | ||||
| ІІІ. Жаңа тақырып: Абай Құнанбаев Постер құраймыз Оқушылар өз ойларын айтуын қадағалаймын. Топтағы оқушылар толықтырады. | 
 Абай Құнанбаев 
 
 Оқушылар жазғандарын қорғап шығады. | ||||
| Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу. | ІV. Сергіту сәті: Дене шынықтыру қимылдарын орындаймыз. «Қызыл өрік» биін тамашалап, бірге бидейміз. | Оқушылар орындарынан тұрып қимылдарды қайтады Интерактивті тақтадан қимылдарын көріп қайталаймыз. | |||
| Жаңа сөздермен танысамыз | Тізбектеп оқып жаңа сөздерді аудармасын жазамыз. 
 | Жаңа сөздер: Ұлы – великий Медресе – мусульманская духовная школа өз бетінше – самостоятельно мәдениет – культура ынталы – прилежный осында жүріп – находясь здесь кейін – потом жасынан – с детства ақын — поэт | |||
| Оқулықпен жұмыс | Әр топ өз ойларын ортақ шешім қабылдап жазады. 1. Сөздер мен тіркесінің мағыналарын түсіндіреді, сөздік дәптерге жазады. 2. Сөз тіркестерін және сөйлем құрауға дағдыланады. | 1. Сөздер мен тіркесінің мағыналарын түсіндіреді, сөздік дәптерге жазады. 2. Жаңа сөздерден сөз тіркесін және сөйлем құрап жазады. Өзара талдап, қорытындылайды. | |||
| «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқиды. Салыстырмалы түрде аудармасын оқып шығамыз Салыстырмалы түрде аудармасын оқып шығамыз.. | «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқиды. бір топ қазақша оқыса екінші топ орысша аудармасын тауып, кезектесіп оқиды. | ||||
| Берілген сөздерге сөз тудырушы жұрнақты жалғап жаз. | Берілген сөздерге сөз тудырушы жұрнақты жалғап  жаз. 1-топ аяз, көл, ақыл 2-топ әдеп, көңіл, күз 3-топ жаз, сусыз, қала. 4- топ ұлт, өнер, әке | ||||
| Үйге тапсырмасымен таныстырамын: 1 87-бет, 2-тапсырманы мазмұндау. 2. 88- бет 3- тапсырманы жазбашы орындап келу. 
 | Күнделіктеріне жазып алады 1 87-бет, 2-тапсырманы мазмұндау. 2. 88- бет 3- тапсырманы жазбашы орындап келу. 
 | ||||
| VІ.Бағалау. бағалау парақшасын жинап алу, ортақ бағаны қою | Әр топтың бағалаушысы бағалау парағын сабақ барысында толтырып , тапсырады | ||||
| VІІ.Сабақты қорытындылау 
 | Оқушылар стикер арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлері мен сабақтың қалай өткенін жазып береді. Көңіл-күйлерін білдіреді. | Рефлексия | |||
