Алматы. Тасымал

Тақырыбы: Алматы. Тасымал.

Мақсаты: Оқушылардың оқу – жазу дағдыларын жетілдіру, сөздерді дұрыс тасымалдауға жаттықтыру, сөздік қорын,  байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Интерактивті  тақта, Алматы қаласының   суреттері, сөзжұмбақ ,  слайд,флипчарт.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың түрі:саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: АКТ, әңгімелеу, сұрақ-жауап, дамытушылық, шығармашылық,

Пәнаралық байланыс:дүниетану, көркем жазу,тіл дамыту

                         

                                                  Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Біз талапты ұланбыз

Білім сырын ұғамыз

5-ке оқып сабақты

Саяхатқа шығамыз.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

— Балалар, біздің мектепте  «Менің Отаным – Қазақстан» атты  мәнерлеп оқу  байқауы өтпек. Қай сыныпта жеңімпаздар көп болса, сол  сынып оқушыларына  Еліміздің әдемі  қалаларының біріне  жолдама беріледі.Кәне, сол жолдаманы ұтып алу  үшін Н.Айтовтың  «Өз Астанам – өз ордам  »  атты үйге берілген өлеңін мәнерлеп жатқа айтып берулерің керек

 

  • Өлеңде не туралы айтылған?
  • Астана туралы не білесің?        

 

  • Жарайсыңдар , балалар, сендер өз білімдеріңмен І орынды жеңіп алдыңдар.Енді жолдаманы алу үшін  тасымалдың ережесін еске түсіруіміз керек.  

                                                       Тасымалдың ережесі сұралады.

Құттықтаймын . Міне, жолдама біздің қолымызда.Балалар, қалай ойлайсыңдар, жолдама  қай қалаға деп ойлайсыңдар? Оны білу үшін сөзжұмбақты шешейік.

 

1— тапсырма

 

 

                

 

  

                                                                                                   ШЕШУІ: АЛМАТЫ

 

         – Жарайсыңдар, біз саяхатқа баратын қала –  Алматы.

 

 

 

 

Алматы қаласы туралы мәліметпен таныстыру.

 

1920-1921 жылдары Жетісу өңіріне Александр Редько деген адам апорт алма тұқымын алып келеді. Осыдан кейін алма атымен аталып Алматы қаласы атанған.

 

 

       2 -тапсырма . 

 

Автобусқа міну үшін дәптерлеріңе АЛМАТЫ сөзін тасымалдап жазыңдар.

1.Ал-маты

2.Алма-ты

        III. Жаңа сабақ.   

 

          3-тапсырма

Оқулықпен жұмыс. Алматы мәтінін \Ә.Жәмішев\  тізбектей оқу.

 

— “Алматы — әсем қала”  дегенді қалай түсінесіңдер?

 

  • Дәптермен жұмыс

93 – жаттығу.Мақалды көшіріп жазу

 

  Сергіту сәті.     Тәртіпті бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

 

   Шығармашылық тапсырма

Қазақстандағы өзің білетін қала аттарын тасымалдап жаз

 

    ІV. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Ой тудыру, пікірталас.

“Көп біл, аз сөйле” дегенді қалай түсінесіндер? Көп, біл, аз сөздері тасымалдана ма? Себебін түсіндір.

 

  1. Үйге тапсырма. 94 — жаттығу

 

  1. Қорытынды. Бағалау.