Біліп ал
Сыныбы: 3 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Біліп ал
Сабақтың мақсаты: — Оқушылардың уақыт туралы білімдерін тереңдету. Уақытты дұрыс айта білуге үйрету. Сағаттың түрлерін таныстыру.
— Ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.
— Уақытты үнемдеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, аудару. Т. б.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, бейнелеу, музыка, дене тәрбиесі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу
- Түгелдеу
- Тіл дамыту сұрақтарын қою:
- Бір аптада қанша күн бар?
- Апта күндерін ата!
ІІ. Үй жұмысын сұрау:
- Жаттығуды оқыту. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Мен бүгін мектепке бардым. Сен кеше стадионға бардың. Ол ертең дүкенге барады. Мен биыл үшінші сыныпта оқимын. Мұғалім қазір тақтаға жазды.
- Жұмбақты жатқа айтқызу, шешуін тапқызу.
Сырт-сырт етеді,
Уақыт өтеді.
Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат
Оның аты – САҒАТ.
- Бекіту сұрақтарын интерактивті тақтада оқыту:
- Бір тәулікте қанша сағат бар?
- Бір сағатта қанша минут бар? т. б.
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Сөздікпен жұмыс. (Жаңа сөздерді интерактивті тақтадан көрсету)
Дұрыс – правильно
Дұрыс емес — неправильно
А) мәнерлеп оқыту.
Б) Берілген уақыт ішінде жаттату.
В) Сөз тіркестерін құрау.
- 2. Интерактивті тақтамен жұмыс. (ауызша тапсырма)
1) Интерактивті тақтадан сағаттарды көрсетіп, уақыттың қанша болғанын айтқызу.
2) «Сағат 14:00-де сен қайда болдың?» т. б. сұрақтарға жауап бергізу.
Мысалы: Сағат жеті болды. Мен сағат жетіде үйде болдым. Ұйқыдан тұрдым.
3.Деңгейлік тапсырмалар беру: (оқулықпен, дәптермен жұмыс)
І. 3-тапсырма. Екі қатарға жаз.
Дұрыс: Мен сабақ оқыдым. Мен бес алдым. Мен тісімді тазаладым. Мен стадионға бардым.
Дұрыс емес: Сен жаттығу жазбадың. Сен кітапты жырттың. Сен бетіңді жумадың. Сен екі алдың.
ІІ. 1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Бүгін мен театрға бардым. Кеше мен стадионда болдым. Ертең мен киноға барамын.
- Сергіту сәті. Интерактивті тақтада музыкалық сергіту сәтін қойып, оқушыларға әні мен қимылдарын қайталату.
- Тақтадан жұамбақты оқыту. Жауабын суретпен салып көрсету.
Өмірді өлшейді,
Ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай.
- Жұптық жұмыс. 5-тапсырма. Диалогты оқыту.
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір жылда 12 ай бар?
- Бір айда неше күн бар?
- Бір айда 30 немесе 31 күн бар.
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Суретпен жұмыс. Суреттегі сағаттың түрлерін айтқызу. Қол сағат, қабырға сағат, үстел сағат, қалта сағат, құм сағат, су сағат.
- Тақтамен жұмыс. Жанардың күн тәртібі туралы айту.
ІҮ. Сабақты бекіту: — Сағаттың түрлерін ата!
— Сен сағат қаншада мектепке барасың?
Ү. Үйге: Жұмбақты жаттау. 2-тапсырма.
ҮІ. Бағалау