Етістікті қайталау
Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау
Білімдік мақсаты: Етістікті қайталай отырып, мағыналық түрлерін (болымды, болымсыз) ажырату
Дамытушылық мақсаты: Етістіктің тұлғасын, құрылысын талдау, мақал- мәтелдердің оқушы тілінде аясын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Әдістер: Талдауды қолдану, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырма, тест сұрақтары, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Ойын, жұмбақтар, интерактивтік тақта.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу
- Қазір нешінші сабақ?
- Жылда неше мезгіл бар?
- Күз айларын ата.
- Бір жылда неше ай бар?
- Мемлекеттік тіл қандай тіл?
- Қазақстанның қандай нышандарын білесіңдер?
- Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?
- Сен қай көшеде тұрасың?
- Сен қай ауылда тұрасын?
- Сен қай облыста тұрасын?
- Жамбыл кім?
- Бас қала қандай қала?
Ә) Оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
А)Үй жұмысын тексеру
Сұрақтар :
- Дара, күрделі етістік дегеніміз не ?
- Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
- Сабақты, салт етістік дегеніміз не ?
- Етістер дегеніміз не ?
- Есімше дегеніміз не ?
- Көсемше дегеніміз не?
- Оның жасалу түрлері қандай?
- Жаңа сабақты түсіндіру .
Етістікті қайталау (болымды, болымсыз түрі)
Лексика – грамматикалық мағынасына қарай талдау
Берілген сөз: Ойла
- Бұл сөз екі құрамнан тұрады: ой-ла
- Тұлғасына қарай: туынды
- Құрылысына қарай: дара
- Мағынасына қарай: болымды етістік
- Деңгейлік тапсырма:
1- топ. Берілген сөзбен сөйлем құрастыру.
2- топ. Фонетикалық талдау.
3- топ. Жіктеу есімдіктер арқылы талдау.
- Жұмбақтар шешу:
1.Жол көзді жазық,
Ұшымен қазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
(____________)
2.Оқушыға күнде еріп жүретін не?
(____________)
3.Жалт- жылт етеді,
Жырадан өтеді.
(____________)
- Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл?
(____________)
- Тіл жоқ өзінде,
Сөз бар ізінде.
(____________)
- Жұқа тақта бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі
(____________)
- Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан,
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп.
(____________)
- Етістіктің түрлері
Негізгі етістік: оқы, кел, ал
Туынды етістік: ойла, шегелеме
Көмекші етістік: алып тұр, келе жатыр
Болымды етістік: бар, кел, ал
Болымсыз етістік: барма , келме, алма
Дара етістік : жаз, айт, сүрт
Күрделі етістік: барып кел, айтып кел.
- Туынды етістіктің жасалуы:
Жұрнақтар: Мысалдар:
-ла, — ле ойла, сөйле
-да, — де тұзда, гүлде
— та, -те баста, істе
-лас,- лес ойлас, бірлес
-дас,-дес ақылдас, іздес
-тас,- тес көмектес, достас
Ойын «Мен бақытты болғым келеді»
қ у а н а м ы н | с ы й л а й м ы н | о қ и м ы н |
Бақыт |
жырлаймын |
туып өскенмін |
шығамын |
еңбек етемін |
к е л д і м |
ш ы қ т ы м |
к ө р е м і н |
кездесемін |
арнаймын | |
сағынамын |
сүйемін |
Әңгіме құрастыру
Менің туып өскен жерім Қордай ауданы Жамбыл ауылы. Қазір өзім студент болып , Тараз қаласында оқимын. Қалада оқып жүргенде ата- анамды, туып — өскен жерімді, достарымды сағынамын. Өзім өлең жазамын. Ол өлеңдер анама, туған жеріме арналған. Менің достарым көп, ауылға келгенде жиі олармен кездесіп тұрамын.
Ата – анамды, туыстарымды, достарымды сыйлаймын, демалысқа келгенде еңбек етіп көмектесемін. Өмір қызық, мен бәрімен сыйласып, бақытты болғым келеді.
8.Тест
- Отыр сөзді қай етістік?
А) күрделі
Ә) болымсыз
Б) дара
- Сызба сөзі қай етістік?
А) болымды
Ә) болымсыз
Б) күрделі
- Жалпылау есімдігін көрсетіңіз:
А) қанша? неше?
Ә) әрбір, әркім
Б) барлық , бүкіл
- Жіктеу есімдігін көрсетіңіз:
А) барлық , бүкіл
Ә) өзім, өз
Б) мен,сен
- Өткен шақта есімшені көрсетіңіз
А) Мен оны көргенмін.
Ә) Ол саған айтар.
Б) Айтатыным жоқ.
- Тұйық етістікті тап:
А) келемін, айтамын
Ә) оқу, жазу, ойлау
Б) айтқан, жазған
- Сұрақтар арқылы қорыту
- Етістік қандай сұраққа жауап береді?
- Етістіктің қандай түрлері бар?
- Етістік сөйлемнің қандай мүшесі?
- Болымды етістік дегеніміз не?
- Болымсыз етістікке мысал келтір.
10.Үйге тапсырма: Етістікті қатыстыра отырып «Көмек » тақырыбына әңгіме жазу.
- Бағалау.
- Қоштасу.