Қос сөздер. Қайталама қос сөздер
Сабақтың тақырыбы: | Қос сөздер. Қайталама қос сөздер | ||
Жалпы мақсаты
| Қос сөздердің жасалу жолының түрлерімен танысады; бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажырата біледі | ||
Оқу нәтижесі:
| Қос сөздің анықтамасымен танысады, бөлінуін біледі, қайталама қос сөздерді ажырата алады . | ||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: 1.Психологиялық дайындық. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Бір құдайға сиынып, 2. Оқушыларды ақындардың өлеңдері арқылы 2 топқа бөлу.»Абай» ауылы, «Ыбырай» ауылы (3минут) 3. СТО. Қызығушылығын ояту «Миға шабуыл» Төменгі сыныпта өткен тақырыпты еске түсіріп, қос сөздерге кластер құрастыру (АКТ) слайдты көреді Мақал-мәтелдің ішінен қос сөздерді тауып, жаңа тақырыпты анықтайды. 4, Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс. Флипчартқа түсіру, қорғау 5. Ой толғаныс. Жеке тапсырма, қайталама қос сөздердің жасалу жолдарына сөйлем құрау, талдап айту (ауызша) «Туған жердей жер болмас» тақырыбында 3 минуттық эссе жазады. Эссе мына шарттарға лайық болуға тиісті: Эссені бағалау критерилерін басшылыққа алады. (ТжәнеД), жұппен жұмыс. Мақсаты: (семантикалық карта,3 минут) 6. «Автор орындығы» әдісі арқылы сабақты қорытындылау Мақсаты: Өз ойын еркін , көркем тілмен жеткізе білу.
7. Бағалау
| |||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
1.Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасамын, ынталандыру жұмысы тренинг ұйымдастырамын.
2. ақынның өлеңдері жазылған кеспе қағаздар таратамын.
3. Төменгі сыныпта өткен тақырыпты еске түсіру.
4. Мақал-мәтелдер оқимын.
5. Слайд арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып өтемін. Мәтіннен бірінші топ қос сөздерді, екінші топ қайталама қос сөздерді оқып, танысуға бағыттаймын.
6. Интербелсенді тақтадан сөйлемдер көрсетемін.
7. «Туған жердей жер болмас» тақырыбына эссе жазудың критериларын айтамын.
8. «Автор орындығы» әдісі арқылы сабақты қорытындылау
9. Рефлексия
10. Бағалау Берілген бағалау журналындағы оқушылардың бағаларын қорыту
Үй тапсырмасы тақтада жазылады
| Оқушылардың психологиялық тренинг арқылы сабаққа қызығушылықтары артады
Сынып «Абай ауылы», «Ыбырай ауылы» деп екіге бөлінеді.
Оқушылар қос сөздерге кластер құрастырып, жазады.
Мақалда кездесетін қос сөздер арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Оқушылар мәтінмен танысады, әр топ өз тақырыпшаларын флипчартқа түсіріп, спикер қорғайды.
Оқушылар сөйлемнен қайталама қос сөздерді тауып, жасалу жолдарын айтады, дұрыс жауабымен өздерін тексеріп, бағалайды.
Оқушылар эссе жазып, қос сөздерді тауып айтады.
Өз ойларын еркін , көркем тілмен жеткізеді.
Ойларын жазады.
Оқушылар күнделіктерін бағаларын қойғызады.
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. | ||
Дереккөздер және жабдықтар:.
Флипчарт, желім, қайшы , түрлі-түсті маркерлер , фламастерлер , қарындаштар . қажетті құралдар, стикер
| |||
Үй тапсырма беру
| «Досыма тілек» қос сөздерді қатыстырып өлең құрау.
| ||
Сабақты бағалау
| Формативті бағалау, қолпаштау, бірін-бірі бағалау, кері байланыс
| ||